Қорытынды
Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін қазіргі кезде құрама жем өндірісін дамытудың маңызы зор. Бұл сала қазір қарқынды дамуда. Мал, құсқа арналған құрама жем өндірісінен басқа үй жануарларына (ит,мысық) арналған құрама жем өндіру де қарқынды дамуда. Қазіргі кезде құрама жем өндірісі қуаттылығы мен жабдықтану дәрежесі әртүрлі зауыттар мен цехтардан тұрады. Оларды екі топқа бөлуге болады: • тәуліктік өнімділігі 315-тен 1000 тоннаға дейінгі құрама жем өндіретін ірі кәсіпорындар; • фермерлік шаруашылықтар, құс фабрикалары, мал шаруашылығы фермаларының құрамында құрама жем өндіретін шағын цехтар. Олардың тәуліктік өнімділігі 150-ден 200 т дейін. Құрама жем өндіру технологиясы мөлшерлеу, ұнтақтау, араластыру, жылумен өңдеу, түйіршіктеу, суытудан тұрады. Құрама жем өндірудің дәстүрлі технологиясы алдын-ала мөлшерлеусіз шикізаттарды жеке желілерде (паралельді немесе кезекпен) өңдеуді қарастырады. Оны кішігірім өндірістерде қолданады.
Ауылшаруашылығы шикізаттары мен тағамдық өнімдердің сапасы адамның денсаулығына белгілі дәрежеде әсер етеді. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көптеген факторларға байланысты: тұқымдық жұмысының деңгейі, мал ұстаудың озық технологиясын ендіру, жақсы жем қорын жасау. Жем мен жемдік қоспалардың сапасын және қауіпсіздігін бақылауды дамыту және күшейту малды азықтандыру туралы озық ғылымның басты мақсаттарының бірі. Жем және жемдік қоспалардың қауіпсіздігін сараптау төрт бағытта жүргізіледі: - химиялық –күшала, сынап, кадмий, қорғасын, нитрат, нитрит және пестицидтер мөлшерін анықтау; - микробиологиялық-микотоксин, антибиотиктер мен бактерияларды анықтау; - механикалық-металды магнитті қоспалар мөлшерін анықтау. Зарарлы элементтер мен қосылыстар азықтың бағалығын төмендетіп, малдың улануын тудырады. Мал организмінен олар ет, сүт, жұмыртқаға өтіп, олардың санитарлық сапасын нашарлатады. Көптеген зарарлы элементтер бауыр, бүйрек, сүйекке жиналып, ішкі органдардың қызметіне, яғни асқорыту жолдарымен келген әртүрлі зиянды заттарды зарарсыздандырып, олардың организмнен шығуына кері әсерін тигізеді. Әсіресе ауыр металдың (сынап, кадмий, қорғасын), сонымен қатар күшала, фтор, селеннің зарарлық және санитарлық әсері күшті. Азық және өнімдегі зарарлық элементтер концентрациясының шектік деңгейі қойылған Зарарлыққа азық құрамы да ( минералды заттарды, хелатты қосылыстарда сақтауы) әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |