Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы
Қазақ диалектологиясы — Қазан революциясынан кейін пайда болып, қалыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шұғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның зерттелу тарихында біраз өзгешелік бар. Қазақ тілінің дыбыстық грамматикалык және лексикалық құрылысының жан-жақты зерттеле бастауы Кеңес дәуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы революциядан бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер жасалып, қазақ тілі зерттеу нысаны бола бастаған, ал қазақ тілінің диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз.
Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердін революциядан бұрынғы жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен арнайы шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер, дыбыстық грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-белінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран пікірлер бар.
Жергілікті тіл ерекшеліктерін
жинап зерттеу жолдары.
Оңтүстік халықтарының тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдері
Диалектілік ерекшеліктерді жинап, зерттеу жолдары әр түрлі. Олардың қайсысын қандай жағдайда қолдану зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |