Осындай жағдайларға байланысты тіл білімінің диалектология деген саласы болады.
Диалектология - / диалектос – сөйлеу логос – ілім / тіліміздегі диалектілер мен говорларды зерттейді.
Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексереді.
Диалект – деген термин тілдегі жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Өзім Оңтүстік елінің түлегі болғандықтан, Оңтүстік қазақтарының тіліндегі тексикалық, грамматикалық ерекшеліктерге тоқталғым келіп отыр.
Профессор Сәрсен Аманжолов қазақ тілінің Оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр тайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап – ақ Жетісу, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен.
Ұлы жүздің XVIII – XIX ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтарын қол астында болуы бұл диалектіге өзбек тілінің ықпалын күшейте түсті.
Бірінші тайпалық тілдердің негізінде қалыптасқандықтан және әр түрлі тілдердің әсері тигендіктен, Оңтүстік диалектісінде кездесетін ерекшеліктердің сипаты біріңғай емес. Кейбіреулері жалпылама түрінде жиі кездеседі. Енді кейбіреулерінің тараған көлемі шағын, белгілі бір ауданда ғана айтылады. Өзгешеліктердің ішінде Оңтүстік диалектісінің басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгілері бар. Оңтүстік диалектісінің негізгі дыбыстық ерекшеліктері.
С мен Ш алмасуы: Мысық – мышық, есек – ешек.
Д мен Л алмасуы: теңдік – теңлік, тыңда – тыңла.
Б мен П алмасуы: болат – полат
бітіру – пітіру
бейнет – пейнет
М мен П алмасуы: маңай – паңай
мешпет – пешпет
махта – пахта
А мен Ә алмасуы: қатты – кәтті
қайтып – кәйтіп
Ғалым С. Аманжолов Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін 20 салаға бөледі.
Берілген миатериалдар Оңтүстік диалектісімен әдеби тіл лексикасы арасындағы айырманы айқын көрсетеді. Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшелігі халық өмірінің барлық жағын қамтыған.
Оңтүстік диалектісінде өте ерте замандардан сақталып қалған басқа жерде кездеспейтін сөздер де аз емес.
Мойынтаулық қылу – көнбеу, бағынбау
Парт боп кету – ісіп – кеуіп кету
Сауатын шығару – сауатын ашу
Тән алмау – мойнына алмау
Тәнті болу – риза болу
Қазақстанның өзге өңіріне қарағанда Оңтүстік Қазақстанның тілінде диалект сөздер молырақ ұшырасуы екен.
Достарыңызбен бөлісу: |