Студенттердің өзіңдік жұмысы. Індеттік жағдай: Қой өсіретін жеке қожалықта 1 отар қой: 400 саулык,, 150 тоқты бар. Жаз айында жайлауда 2 тоқты аяқ асятынан өлімге үшырады. Өлексе кебініп, сіресуі болмайды. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық аққан. Анықтай келе өлген тоқтылардың топалаңға қарсы егілмегендігі белгілі болды.
Тапсырма: 1. Осы жағдайда топалаңды балау үшін зерттеулер жүргізу.
2. Аталған ауруларға қарсы дауалау шараларын жүргізу.
3. Осы қой отарыңдағы сауықтыру шараларының жоспарын құру.
Құралдар және материалдар: Жануарлар терісінің кесіндісі, Уленгут пробиркасы, Пастер түтігі, преципитация реакциясына арналған топалаң антигені, топалаңға қарсы оң қан сарысуы, сау малдың қан сарысуы, қайшы, колбалар, пипеткалар (1 және 2 см3), фенолданған физиологиялық ерітінді.
№8-сабақ
Тақырыбы: Бруцеллезді балау және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Бруцеллезді серологиялық балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу.
Бақылау сұрақтар:
1. Аурудың анықтамасы.
2. Індеттік ерекшеліктері.
3. Ауруды балау әдістері
4. Ауруды ажыратып балау
5. Аурудан сауықтыру жөне алдын алу шаралары.
Сабақтың мазмұны: Бруцеллез жануарлардың іш тастауымен, шудың түспеуімен, эндометритпен ерекшеленетін созылмалы түрде өтетін адам мен жануарға ортақ аса қауіпті жүқпалы ауру. Ауру қоздырушысы Вrusella 6 типке бөлінеді: В. Аbortus (сиыр-да), В.melitensis (адам мен үсақ малда), В.suis (шошқада), В.ovis (қош-қардың эпидидимитін тудырады), В.саnis (итте), В.пеоtomае (кемірушілерде). Бірақ жануарларда ауру қоздырушыларының түрлі типтері анықталуы мүмкін. Бұлардың ішіңде адам үшін жоғары зардаптысы В. melitensis. Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60°С-да - 30 мин, 80-85°С - 5 мин ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта инактивтеледі, топырақта тіршілігін - 100 күн, суда - 14 күн сақтайды. Төменгі температурада өте төзімді (мұздатылған етте - 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады). Топырақта, қида, мал азықтарында 4 айға дейін сақталады. Тиімді дезинфектанттар ретінде 2%-ды карбол қышқылы, күйдіргіш натр, лизолдың 3%-ды ерітіңдісі, хлораминнің 0,2-1%-ды ерітінділері қолданылады.
Бруцеллезді дауалау және одан арылу шараларына арналған нұсқау бойынша бұл ауруды балауға: бактериологиялық, серологиялық, аллергиялық, клиникалық және індеттанулық зерттеу әдістері қолданылады.
Пат.анатомиялық өзгерістер бруцеллезде айқын байқалмайды.
Індеттанулық балау. Індеттанулық зерттеу жүргізіп, бруцеллезге індеттанулық балау (аурудың шығу, таралу себептерін, індет процесінің негізгі буындарын, індет ошағының, қатер төнген аймақтың, бруцеллезден сау емес пункттің, шекараларын анықтау) қою арқылы сауықтыру шараларының тиімділігін арттыруға болады.
Шаруашылыққа індеттанулық талдау жүргізгенде аналық малдың табыңдары қалай құралатыны, олардың жеке меншіктегі және көршілес шаруашылықтағы малдармен өрістегі, суаттағы қатынастары, сырттан қабылданған малға дауалық карантиндік мерзімде арнайы шаралардың жүргізілгендігі анықталады.
Шаруашылыққа сырттан қабылданған асыл тұқымды тайыншалар арасында бруцеллез қоздырушысын жасырын түрде алып жүргендері бір айлық дауалық карантиндік мерзімде серологиялық әдістердің толық жүйесімен тексергенде, бруцеллезге теріс реакция көрсетіп, ұрықтанғаннан кейін, яғни құнажын болғанда аурудың жіті өршуіне байланысты іш тастап, немесе оң нәтижелі серологиялық реакция беруі практикада байқалып жүр.
Серологиялық балау. Практикада бруцеллезді балауға қолданылатын серологиялық әдістер:
Агглютинация реакциясы (АР). Бұл реакцияны Райт деген ғалым ұсынған. Бірінші рет (1897) АР Мальта қызбасын анықтауға қолднылды. АР жануарлардың қан сарысуымен қойылады. Қан малдың күре тамырынан арнайы инелер арқылы алынып жаңа кезінде немесе консервацияланған күйінде тексеріледі (гемолизденген немесе тұрып қалған, ескі қан сарысуы зерттеуге жарамайды). Практикада консервант ретінде бор қышқылын қүрғақ күйіңде (2%) қолдану қолайлы.
Сиыр малының, жылқының, түйенің, шошқаның, иттің қан сарысуларын зерттегенде, фенолданған физиологиялық хлорлы натрийдің ерітіндісі (0,5% фенол мен 0,85% хлорлы натрий), ал буйволдың, қой-ешкінің қан сарысуларын зерттегеңце, ас түзының 5%-ды, бұғының қан сарысуын тексергенде, осы түздың 10% - ды ерітіндісі қолданылады. Шошқаның, қойдың, ешкінің, бұғының, иттің қан сарысулары 1:25, 1:50, 1:100, 1:200, ал сиырдың, жылқының және түйенің қан сарысулары 1:50, 1:100, 1:200, 1:400 рет сұйылтылып тексеріледі.
АР, КБР (ҚҰБР) әдістерін қоюға биофабрикада дайындалған стандарт антиген қолданылады.
Қан сарысуы дүдемал реакция берген мал 2—4 аптадан кейін қайталанып тексеріледі. Бруцеллезден ада мал шаруашылықтарында екінші рет дүдәмал реакция берген мал бруцеллезден сау, ал аурудан ада емес шаруашылықта бруцеллез деп саналады.
Роз-бенгал сынамасы (РБС). Бүл әдіс арнайы жасалған эмальді пластинкада қызыл күлгін бояумен боялған бруцеллез антигенімен қойылады. РБС-ның тиімділігі: біріншіден жылдам және жеңіл қойылады, екіншіден — нәтижесі қолма-қол белгілі болады. Бруцеллезді балауда РБС-ның сезімталдығы пробиркада қойылатын АР-ден жоғары.
Қою тәртібі. Пластинканың ойығына бір тамшы қан сарысуын тамызып жанына сиырдың, жылқының, доңыздың қан сарысуларын зерттегенде 0,03 см3, ал қой мен ешкіні зерттегенде 0,015 см3 боялған бруцеллез антигенін тамызып, екі тамшыны араластырғаннан кейін, төрт минут қолмен немесе арнайы аспаппен баяу шайқайды.
Реакцияның нәтижесін көзбен қарап бағалайды. Егер қоспада қызыл-күлгін түсті түйіршіктер түзіліп сүйықтың ортасы мөлдірленсе, зерттеудің нөтижесі — оң, ал керісінше түйіршіктер түзілмей сүйық орта лайланған қалпында қалса нәтижесі теріс (-) деп бағаланады. РБС-мен жаңадан алынған қан сарысуы ғана зерттелуі тиіс. Ескіріп, тұрып қалған қан сарысуы жалған нәтиже беруі мүмкін.
Сүтпен қойылатын шығыршық реакциясы (ШР). Серологиялық пробиркаға 2 см3 сүт құйып оған боялған бруцеллез антигенін қосып, мұқият араластырып, су қобдиына (37—38°С) 1 сағат қояды. Реакцияның дұрыс қойылғандығын оң және теріс нәтиже беретін бақылау сынама арқылы анықтайды. Оң бақылау бруцеллездің оң қан сарысуымен, ал теріс бақылау сау малдың сүтімен қойылады. Егерде тексерілетін сүтте спецификалық агглютинин болса, онда ол боялған антигенмен әрекеттесіп көк түсті сақина тәріздес жолақ түзіп, сүттің бетіне қалқып шығады, ал пробиркадағы сүттің төменгі бөлігі боялмай бастапқы қалпында қалады. Керісінше сүтте спецификалық агглютинин болмаса, сүттің беткі қабатында көк жолақ сақина түзілмей оның барлық деңгейі (бойы) бірыңғай көк түске боялады. Бірінші жағдайда реакцияның нәтижесі оң, ал екіншісінде теріс деп бағаланады.
Коплементті байланыстыру реакциясы.Реакцияны Борде мен Жангу деген ғалымдар бактериолиз және гемолиз феномендеріне негіздеп жасаған. КБР арқылы қан сарысуынан антиденені, ал патологиялық материалдан антигенді анықтауға болады.
Реакцияның компоненттері: І)антиген, 2)зерттелетін қан сарысуы, 3)комплемент (теңіз тышқанының қан сарысуы), 4) гемолизин, 5) қой эритроциттері. 1,2,3 - компоненттер бактериолиз, ал 3, 4, 5 — гемолиз феноменін құрайды. Егер мал ауру болып, зерттелген қан сарысуында телімді антидене болса, онда ол антигенмен қосылып, иммунды кешен (антиген-антидене) түзіп, өзіне комплементті адсорбциялайды. Ақырғысы комплементтенген иммунды кешен деп аталады. Ал, керісінше зерттелген қан сарысуында телімді антидене болмаса, онда иммунды кешен түзілмей, комплемент бос қалады. Комплементтің дербес антиген немесе антиденемен әрекеттеспей, тек қана екеуінен қүралған иммунды кешенмен ғана әрекеттесуі арнайы заңдылық. Реакцияда иммунды комплекстің түзіліп, түзілмегенін козбен кору үшін, оған анықтағыш индикатор ретіңде эритроцит және гемолизиннен түратын индикаторлық жүйе қосылады. Егерде гемолитикалық жүйені қосқанда эритроциттер толық түрде гемолизденбесе, онда зерттелген қан сарысуында бруцеллез қоздырушысының антигеніне қарсы антидененің пайда болып, комплементтенген им-мунды кешеннің түзілгені, керісінше эритроциттер толық түрде гемолизденсе — зерттелген қан сарысуында телімді антидененің болмай, бос қалған комплементтің гемолитикалық жүйедегі эритроцитті гемолиздегені. КБР-де қолданылатын гемолитикалық жүйені, оның реакциядағы қызметіне байланысты индикаторлық жүйе деп атаған дұрыс саналады.
Реакцияның нәтижесін бағалау. Пробиркадағы эритроциттер толық түрде (100%) гемолизденбесе төрт оң таяқшамен (++++), жартыдан жоғары дөрежеде (75%) гемолизденсе үш оң таяқшамен (+++) жартылай (50%) жөне шамалы 25% ғана гемолизденсе екі (++) немесе бір (+) оң таяқшамен, ал толық түрде (100%) гемолизденсе, теріс (-) таяқшамен белгіленеді.
Реакцияның нөтижесін есепке алу. Пробиркадағы қан сарысуының сүйындыларының 1:5 екі оң таяқша және одан жоғарғылары (1:5+++, 1:5++++, 1:10, 1:20, 1:40) бру-целлезге оң, 1:5-ке бір ғана оң таяқша бергені — дүдәмал, ал теріс таяқша бергендері — теріс нәтиже деп саналады. Дүдәмал реакция берген малды 15-30 күннен кейін қайталап бруцеллезге тексереді. Аурудан ада емес (сау емес) шаруашылықта екінші рет дүдәмал реакция берген малды бруцеллезге балайды.
Достарыңызбен бөлісу: |