Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Студенттердің өзіндік жұмысы



бет18/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Студенттердің өзіндік жұмысы. Індеттік жағдай: Тауарлы сүт фермада 200 сиыр орналасқан, олардың 50- сауын сиыр, 30- суалған сиыр, 3- бұқа, 20- қашар, 50- тайынша, 20-4 айға дейінгі және 4 айдан үлкен бұзаулар. Балаулық серологиялық тексеру нәтижесінде 3 сауын сиыр оң нәтиже берді. Олардың екеуі АР 1:400 титрінде, ал біреуі ҚБР-1:5 -1:10 шамасында көрсетті. Сиырлар жас кезінде 2 рет бруцеллезге қарсы иммунделген, бұрын ферма бруцеллезден сау болған.
Тапсырма: 1. Қорытынды балау қою.
2. Індеттен сауықтырудың жоспарын белгілеу.
Құралдар және материалдар: Зерттейтін қан сарысу; бруцеллезге теріс қан сарысу; бруцеллезге оң қан сарысу; сиыр сүті; бірыңғай бруцеллез антигені РА, КБР және ¦КБР үшін; Розбенгал антигені; Сүтпен шығыршық реакциясына арналған антиген; 0,85% натрий хлорид ерітіндісі; Флоринский пробиркасы; пипеткалар; дозатор; штатиф.

9-сабақ




Тақырыбы: Құтырықты балау және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Құтырықты диффузды преципитация әдісімен балау әдісін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу.
Бақылау сұрақтар:
1. Аурудың анықтамасы.
2. Індеттік ерекшеліктері.
3. Ауруды балау әдістері
4. Ауруды ажыратып балау
5. Аурудан сауықтыру жөне алдын алу шаралары.
Сабақтың мазмұны: Құтырық (Rabies, бешенство) – орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Дифузды преципитация реакциясы
Дифузды преципитация реакциясы антидене және оған сәйкес антигеннің агар гелiнде қосылғанда көзге көрiнетiн преципитация сызығын “антидене-антиген” кешенің құрылуына негізделген.
Бұл тәсiлмен бактериальдық микрофлорамен ластанған күмәнсiз паталогиялық материалды зерттеуге болады.
Зерттеудi өткiзу
Преципитация реакциясын майсыздандырылған төсенiш шыныларда қояды, оларға алдымен ерiген агарды пипетка арқылы шыны бетiне бiркелкi жұқа жағынды жасайды. Салқындаған агар қабатының бетiне шамамен 2 мм қалындықта 2,5 см3 агар гелiн құяды.
Агар қатқан соң оның үстiнен қабырғасы жұқа темiр түтiкшемен диаметрi 4-5,6 мм трафаретке сай ұяшықтар жасайды.
Преципитация реакциясында iрi малдың (жылқы, iрi қара мал, ит, түлкi және т.б.) бас миының қыртысының сол және оң жақ бөлiгi, аммонов мүйiзi – сол және оң жағы, мишық және сопақша ми бөлiгi. Ұсақ малдарда преципитация реакциясын мидың кез келген үш бөлiгiмен қояды.

А Б С

Д Е Ж






А – ми қабығы (сол жақ жарты шары)


Б – ми қабығы (оң жақ жарты шары)
С – аммоний мүйiзi (сол жағы)
Д – аммоний мүйiзi (оң жағы)
Е – мишық
Ж – сопақша ми; 1,2,3,4 – глобулинмен араласқан шұңқырлар 1:2, 1:4, 1:8, 1:16 қатынаста.
Дайындалынған төсенiш шыныларды ылғалды камераға салады (түбi ылғалдалынған Петри табақшасы) кейiн реакция қоярда ұяшықтарға патологиялық материалды және антирабикалық иммуноглобулинмен толтырады
А, В, С, Д, Е, Ж, әрiптерiмен белгiленген ортадағы ұяшықтарға зертелiнетiн патологиялық материалды енгiзедi, 1,2,3,4 шеттегi шұңқырларға –физиологиялық ерiтiндiде араласқан 1:2, 1:4, 1:8, 1:16 қатынастағы балауға арналған антирабикалық иммуноглобулиндi (1-2 тамшысын) құямыз.
Бiр уақытта оң нәтижелi және терiс нәтижелi антигендерiмен бақылау тәжiрибесi де қойылады, әрқайсысы бөлек шыныға қойылады, бұнда сол қатынастағы иммуноглобулин қолданылады.
Ұяшықтарды қажеттi компоненттермен толтырғанан кейiн Петри табақшаларың (ылғалды камераларды) +370С температураға термостатқа 6 сағатқа қояды. Кейiн табақшаларды бөлме температурасында 42 сағат ұстайды.
Реакция оң нәтижелi деп саналады егер де шұңқырлардың аралығында антиген мен иммуноглобулинi бар бiр, екi немесе үш преципитация сызығы пайда болса.
Құтырықты дауалау
Жеке заңды тұлғалар - жануарлардың иелері:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған ауыл шаруашылығы жануарларын, иттерді, мысықтарды, терісі қымбат аңдар мен жыртқыш аңдарды ұстау ережесін сақтайды;
2) клиникалық тексеру мен антирабиялық вакцинамен алдын ала сақтану егулерін жүргізу үшін ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімдерде өздерінің иелігіндегі иттері мен мысықтарын ветеринарлық емдеу-алдын алу ұйымдарына жеткізеді;
3) жеке аулаларына, фермаларға, үйірлерге, отарлар мен табындарға құтырықға қарсы егілмеген иттерді жібермейді;
4) жабайы аңдардың үйірлерге, отарларға, табындарға, мал шаруашылығы үй-жайларына жіберілмеуіне қатысты шаралар қабылдайды, осы мақсатпен құтырықға қарсы егілген иттерді пайдалана отырып, оларды тұрақты күзетілетін жайлауларға шығарсын және фермаларда, жемдейтін алаңдарда ұстайды;
5) шаруашылыққа (елді мекен) қызмет көрсететін ветеринарлық маман жануарлардың құтырық ауыруына күдікті және ауыл шаруашылығы және үй жануарларын жабайы жыртқыш аңдарды, иттердің немесе мысықтардың тістеуі жағдайлары туралы дереу хабарлайды, тістелген жануарлар туралы немесе ауруға күдіктілерді сенімді оқшаулау бойынша тиісті шаралар қабылдауы керек.
Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды (құтырықпен ауыратындардан басқа) иелерімен немесе иесіз иттер мен мысықтарды аулау жөніндегі арнайы бригадалармен оқшаулау және ветеринарлық мамандар қадағалау үшін 10 күн ішінде жақындағы ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізілуге жатады.
Жекелеген жағдайда ғана адамдарды немесе жануарларды тістеген жануарларды ветеринариялық емдеу ұйымының рұқсаты бойынша 10 күн бойы бұл жануарды оқшауланған үй-жайда ұстаймын және ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы белгілеген мерзімдерде ветеринарлық дәрігерге қарау үшін әкелемін деген жазбаша міндеттеме алған иесінде қалдыруға болады.
Оқшауланған жануарларды қадағалаудың нәтижесін осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринарлық инспектор немесе ветеринарлық дәрігер-лицензиат арнаулы журналда тіркейді және жазбаша түрде зардап шеккен адамды егетін ұйым мен зардап шегуші адамның тұрғылықты жерінде орналасқан аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлайды.
Оқшаулау мерзімінің аяғында клиникалық белгілер бойынша дені сау жануарлар алдын ала вакциналанғаннан кейін оларды 30 күн бойы оқшаулау шартымен иелеріне қайтарылуы ықтимал. Құтырықпен ауырған жануарлар ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өлтіріледі.
Коммуналдық шаруашылық органдары, тұрғын үйді пайдалану ұйымдары, базарлардың әкімдіктері, ет-сүт өндіретін кәсіпорындар, дүкендер, асханалар, мейрамханалар, жатақханалар коменданттары, үй иелері ұйымдардың, базарлардың, үйінділердің, қоқыстар мен басқа да қалдықтар алаңдарын тиесілі санитарлық жағдайда ұстауға міндетті, мұндай жерлерде иесіз иттер мен мысықтардың жиналуына жол бермеуі керек, иттер мен мысықтардың жертөлелерге, шатыр астына және басқа да тұрғын үй емес үй-жайларға кіру мүмкіндігін болдырмау шараларын қабылдайды.
Белгіленген нысандағы олардың құтырыққа қарсы вакциналанғаны туралы белгісі бар ветеринарлық куәлігі болған кезде иттер мен мысықтарды сату, сатып алу, ауданнан, облыстан (қаладан), республикадан тыс жерге әкету, республикаға әкелуге рұқсат етіледі. Оларды мемлекеттік шекара арқылы ветеринарлық өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринарлық инспектор тексереді.
Жабайы аңдар құтырығын уақытылы анықтау және оның таралуының алдын алу мақсатында орман шаруашылығы, табиғатты қорғау органдары, аңшылық қожалықтар, қорықтар қызметкерлері мен тапсырысшылары:
1) дереу ветеринарлық мамандарға науқастану жағдайы немесе жабайы аңдардың әдеттен тыс мінез-құлқы (адамнан қорықпау, адамдарға немесе жануарларға кенеттен ұмтылу) туралы дереу хабарлайды;
2) аңшылық алқаптарда, қорықтар аумақтарында, ірі елді мекендердің жасыл аймақтарында табылған жыртқыш аңдарды (түлкілерді, жанат тәрізді иттерді, ақ түлкілерді, қасқырларды, қарсақтарды, ши бөрілерді) құтырықға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жібереді;
3) табиғатты қорғау аңшылық инспекциясы мен аңшылық қызметі аңшылардың жолдамалары мен аңшылық билеттерін тексеру кезінде иттердің құтырыққа қарсы егілгені туралы куәландыратын тіркелген куәліктерін тексереді; вакциналанбаған иттер аң аулауға жіберілмейді.
Республиканың табиғи ошақтары мен қолайсыз елді мекендері бар барлық елді мекендеріндегі иттер мен мысықтар олардың меншік иелігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімдемесінде тіркелген антирабиялық вакциналарды, оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес пайдалана отырып, құтырықға қарсы міндетті алдын ала иммундауға жатады. Алдын ала иммундауды жүргізу туралы актіге олардың иелері туралы деректерді (аты-жөні, мекен-жайы) көрсете отырып, вакциналанған иттер мен мысықтардың тізімдемесі қоса беріледі. Жануар паспортына тиісті белгі қойылады.
Жабайы аңдардың құтырығы бойынша індеттік қолайсыз аймақтарда жұқтыру қаупі төнген барлық ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі мүйізді қара мал, ұсақ мүйізді қара мал, аттар, түйелер), иттер мен мысықтарды құтырықға қарсы жоспарлы алдын ала иммундау жүргізіледі.
Жануарлардың құтырықпен ауыруы кезіндегі іс-шаралар
"Құтырық" диагнозы зертханалық зерттеулердің індеттанулық клиникалық, патологоанатомиялық деректері мен нәтижелерінің кешені негізінде қойылады.
Құтырыққа зерттеу үшін зертханаға ұсақ малдың - жас өлігі немесе басы, ал ірі жануардың - жаңа сойылған басы жіберіледі.
Құтырыққа зертханалық зерттеу дереу жүргізіледі. Зерттеудің нәтижесі туралы патологиялық материалды зертханаға жіберген ветеринарлық маманға және ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына хабарлайды.
Ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы жануарларда құтырық жағдайы анықталғаны туралы ақпаратты алған кезде:
1) аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына, көршілес аудандардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына және жоғарыда тұрған ветеринарлық органға дереу хабарлайды;
2) аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілдерімен бірлесіп ауру анықталған жерге барады, эпизоотиялық ошақ пен қолайсыз елді мекенді індеттанулық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді, қауіп төніп тұрған аймақтың шекарасын белгілейді және эпизоотиялық ошақтардың орналасуы мен оларды жою бойынша іс-шаралардың жоспарын әзірлейді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары мен адамдар арасында аурудың қайталану жағдайларын болдырмау бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді;
3) жергілікті атқарушы органға бекіту үшін шектеу іс-шараларын белгілеу бойынша материалдарды ресімдейді.
Шектеу шарттары бойынша құтырық бойынша қолайсыз елді мекендерде иттер мен мысықтар көрмелерін, иттерді шығару мен тасымалдауды жүргізуге рұқсат етілмейді. Үй жануарларын сату тоқтатылады, иттер мен мысықтарды қолайсыз жерден тыс шығаруға және шектеу белгіленген аумақ пен қауіп төніп тұрған аймақта жабайы аңдарды аулауға (хайуанаттар паркіне әкету үшін, басқа аудандарға әкету мақсатында) тыйым салынады.
Ветеринарлық және санитарлық қызметтердің мамандары құтырық бойынша қолайсыз елді мекендерде мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:
1) халық арасында құтырық ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) құтырыққа қарсы егуді қажет ететін адамдарды анықтау үшін қолайсыз елді мекендердің аулаларын (пәтерлерді) тексеру, иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды ұстау жағдайын тексеру, ауру бойынша күдікті науқастар мен жұқтырды деген күдік туғызатын жануарларды анықтау;
3) оқшауландырылатын және қадағалауда қалдырылатын тістелген адамдар мен жануарлардан басқа, құтырықпен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды кейіннен жаға отырып, өлтіру;
4) жабайы аңдардың құтырық жағдайы анықталған кезде ауылдық округтер, аудандық (қалалық), облыстар әкімдерінің жабайы аңдарды, иттер мен мысықтарды аулау және ату жөніндегі шешімдерін әзірлеу.
Індет ошақтарында олардың арасынан құтырық бойынша немесе күдіктілер шыққан жануарлар топтарын (ферма, үйір, топ мал, отар, табын) тұрақты қадағалау белгіленеді. Бұл жануарларды күніне кем дегенде үш рет қарайды және оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес антирабиялық вакцинамен алдын ала етеді. Еккеннен кейін жануарды 60 күн оқшаулау керек.
Жабайы жыртқыш аңдар тістеген клиникалық белгісі бойынша дені сау жануарларды құтырыққа қарсы егілуіне және тұқымына қарамастан, кейіннен жаға отырып, өлтіреді.
Оларды өлтіру, сол жерде, ауыл шаруашылығы жануарларының арасындағы құтырық ауруы жағдайы тіркелген шаруашылықта жүргізіледі.
Құтырық бойынша қолайсыз ферманың (топ малдың, үйірдің, отардың, табынның) клиникалық белгі бойынша дені сау малының сүтін, құтырықға қарсы жүргізілген егуге қарамастан, 80-85о С-да 30 минуттай пастерлегеннен немесе 5 минуттай қайнатылғаннан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың жеміне пайдалануға болады.
Құтырық бойынша қолайсыз топтың клиникалық белгі бойынша дені сау малынан алынған жүнді шаруашылықтан ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ол дезинфекциялануға жататыны туралы ветеринариялық куәлікте көрсете отырып, тығыз материалдан жасалған ыдыста қайта өңдейтін кәсіпорынға ғана әкетеді.
Құтырық бойынша ауру және күдікті жануарлар болған жерлер, түкірікпен және басқа да шығарылымдармен ластанған оларды күту заттары, киім мен басқа да заттар ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дезинфекцияланады.
Шектеуді жергілікті атқарушы органдардың шешімімен (ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы мен ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бірлескен ұсынымы негізінде) жоспарланған алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау шартымен жануарлар ауруының соңғы жағдайы күнінен бастап екі ай өткеннен кейін алынып тасталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет