Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Тақырыбы: Індетке қарсы сауықтыру шараларын жоспарлау Сабақтың мақсааты



бет32/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Тақырыбы: Індетке қарсы сауықтыру шараларын жоспарлау
Сабақтың мақсааты: Індет процессінің буындарына байланысты жүргізілетін ұйымдастыру-шаруашылық, встеринариялық - санитариялық және арнайы шаралар.
Сұрақтар:1.Ауру қоздырушысының бастауына байланысты жүргізілетін шаралар.
2. Ауру қоздырушысының берілу тетіктеріне байланысты қолданылатын шаралар.
3 . Ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілетін шаралар.
Құралдар мен материалдар: үлгілер,кестелер,әдістемелік нұсқаулар.
Сабақтың мазмұны:Жұқлалы ауру байқалғаннан кейін індет ошағында толык індеттанулық талдау жүргізіліп, соның нәтижесі бойынша (індеттанулық талдау актісі, ауданның бас малдәрігерінің рапорты) аудандық әкімінің шешіміне сәйкес ауру шыққаншаруашылық (ферма, елді мекен т.б.) індеттен сау емес деп жарияланып, оған карантин не шектеу енгізіледі. Індеттанулықталдаудың корытындылары бойынша сауықтыру шараларыныңжоспары жасалып, ол індет бұғауының барлық буыңдарына қарсы бағытталуы керек.
1. Инфекция қоздырушысының бастауынақатысты шаралар:
- індет ошағындағы малға жаппай балаулық зерттеулер (әдісі, кайтара тексеретін уақыты) жүргізіліп, соның нәтижесінде олар үш топқа бөлінеді:
а) ауру малдар - бұл топқа осы ауруға тән анық клиникалық белгілері бар немесе балаулық зерттеулерге оң нәтиже берген мал жатады.
б) ауруы дүдәмал (күдікті) мал - бұл топка аурудың жалпы белгілері(тәбетінің жойылуы, жабырқау тартуы, дененің қызынуы)
бар немесе балаулық зерттеулердің нәтижесі күмәнді болған мал жатады.
в) ауру жұғуына күдікті (шартты түрде сау) мал - бұларға осы індет ошағындағы ауру малдармен бірге тұрған басқа малдардың бәрі енеді.
1.1. Індет ошағындағы мал топтарымен жүргізілетін шаралар:
- бірінші топтағы малдарды оқшаулайды, емдейді, сояды,жояды;
- екінші топтағы малдарды оқшаулап, балауын нақтылау үшін қосымша зерттеулер жүргізіледі;
- үшінші топтағы мал қатаң ветеринариялық бақылауға алынып, жүйелі түрде балаулық зерттеулер жүргізіліп, иммунделіп (енжар немесе белсенді) және басқа да емдік- дауалау дәрмектері пайдаланылады.
1.2. Арнайы емдеу үшін иммундық сарысулар, иммуноглобулиндер, бактериофагтар, интерферон, жекеленген вакциналар қолданылады. Олар болмаған жағдайда антибиотиктер, сульфаниламидтер және нитрофурандар, симптоматикалық дәрі- дәрімектерде пайдаланылады.
2. Инфекция қоздырушысының берілуі тетігіне қарсы қолданылатын шаралар:
- карантин, шектеу; олардың енгізілу жағдайлары және оларды алдындағы жүргізілетін қорытынды шаралардың жүйесі;
- қора-жайлармен оқшауханалардағы жүргізілетін тежеу дезинфекциясының ретті түрде қайталау уақыты, қолданылатын дезинфектанттар, олардың концентрациясы және әсер ету мерзімі;
- індет ошағында жүргізілетін дезинфекциялық және дератизациялық жұмыстар:
- көңді, өлсксені, қасапхана қалдақтарын зарарсыздандыру және утилдеу;
- малдан алынатын ет, сүт және басқа өнімдерді зарарсыздандыру және пайдалану жолдары;
3. Ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілетін шаралар:
- белсенді иммундеу, қолданылатын вакциналар және оларды пайдалану әдістері:
- енжар иммундеу (иммуңды сарысулар, иммунды глобулиндер, иммунолактон):
- фармакологиялық дауалау дәрмектері: антибиотиктер, сулъфаниламидтер, нитрофурандар т.б.
- малдардың ауруға төзімділігн арттыру мақсатында жем-шөп, күтім жағдайын жақсартып, әртүрлі стрестік жағдайларды болдырмау шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет