Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Студенттердің өзіндік жұмысы



бет36/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Студенттердің өзіндік жұмысы: Клиникадағы жануарларға туберкулинді, бруцеллинді колдану тәсілдерін меңгеру.
15- сабақ

Тақырыбы: Топалаңға қарсы шараларды жоспарлау және іске асыру


Сабақтың мақсаты: Топалаңға қарсы түрлі шаруашылық субъектілерінде аталған инфекцияларға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтар:
1. Аурудың анықтамасы.
2. Індеттік ерекшеліктері.
3. Ауруды балау әдістері
4. Ауруды ажыратып балау
5. Аурудан сауықтыру жөне алдын алу шаралары.
Сабақтың мазмұны: . Топалаң (anthrax, сибирская язва) – жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде байқалатын жұқпалы ауру.Топалаңның адамға бұл індетпен ауырған жануарлардың терісінен және одан жасалынған бұйымдардан жұғатындығына байланысты тері өңдеу мекемелеріне түспес бұрын преципитация (Асколи) реакциясымен (ПР) топалаңға тексерілуі шарт. Бұл реакцияны Асколи деген ғалым ұсынған.
Жануарлардың топалаңмен науқастануына күдік туған кездегі іс-шаралар
Топалаңға күдік туған кезде жануар оқшауланады, жануардан алынған материалды зерттеу, оны емдеу жүргізіледі.
Топалаң ауруына күдікті жануарлардың өлікселерін жеке адамдардың союына рұқсат берілмейді.
Топалаңға зертханалық зерттеу үшін өлген жануардың:
1) өлексенің жатқан жағының, алдын ала негізінен шпагатпен екі жерден байланған және байланған жерінен кесілетін (кесілген жерін металдан жасалған затты қыздырып күйдіру) құлағы;
2) топалаңға күдік туған кезде өлексені сою немесе тұшасын бөлшектегенде жұмыс дереу тоқтатылады – көкбауырдың бір бөлігі және зақымдалған лимфа түйіндері;
3) шошқалардың өлекселерінің – ісік торшасының бөлігі, жұтқыншақ немесе жақ асты лимфа түйіндері жіберіледі.
4. Ветеринарлық-зертханалық зерттеулердің нәтижесін алар алдында өліктер, еттері немесе ішкі ағзаларымен және терісімен қоса, барлық тұшасы қатаң оқшаулау жағдайында сойған жерде қалады.
5. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, патологиялық материалдарды ветеринарлық зертхана жібереді. Ветеринарлық зертханада материал микроскопиялық әдіспен – материалдың келіп түскен күні, бактериологиялық – үш тәулік бойы, биологиялық – он тәулік бойы зерттелуге тиіс.
6 Микроскопиялық зерттеудің оң нәтижелерін алған кезде ветеринарлық зертхана тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына және жануардың иесіне алдын ала жауап береді.
Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы алдын ала оң нәтижені алған кезде:
1) жоғары тұрған аумақтық ветеринарлық қадағалау органына және тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлайды;
2) тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының өкілімен бірлесіп сол жерге барады, эпизоотолого-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді және карантинге жататын аумақтың шекарасын белгілейді;
3) топалаңның қоздырғышын жұқтыруға күдікті өнімді (сүт, ет, тері) сатуға және ошақтың аумағынан әкетуге болмайды.
Зерттеудің оң түпкілікті нәтижесін алған кезде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шектеу іс-шаралары (карантин) енгізіледі;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы ветеринария саласындағы уәкiлеттi органға қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жануарлардың ауруы туралы дереу хабарлайды;
3) ошақты жою жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.
Карантин кезінде тиім салынады:
1) барлық жануарлар түрлерінің әкелінуіне, шығарылуына;
2) мал етінен жасалған өнімдер мен шикізатты дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарларды бір топтан басқа топқа ауыстыруға (ауыстыруға);
3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;
4) жануарларды етке союға;
өлекселерді союға және өлген жануарлардың терісін сыпыруға;
шұғыл түрде болмаса, ветеринарлық хирургиялық операцияларды жасауға;
қолайсыз объекті аумағына бөтен адамдардың кіруіне;
жануарларды тоғандар мен басқа да су айдындарында суғаруға;
жануарлар мен жануарлар етінен жасалған өнімдердің саудасына, ауылшаруашылық жәрмеңкелерді, көрмелерді (аукциондарды) және адамдар мен жануарлардың жиналуына байланысты басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілмейді.
Топалаңның эпизоотиялық ошағында ветеринарлық мамандар міндетті түрде температурасын өлшей отырып, барлық мал басын клиникалық қарауды жүргізеді. Тексеру нәтижесі бойынша жануарларды екі топқа бөледі:
1) ауыратындар мен ауруға күдіктілер: бұл топқа аурудың мынадай клиникалық белгілері бар жануарлар жатады: дене қызуының жоғарылауы, тимпанит, шаншулар, метеоризмдер, карбункулдар, инфильтраттар. Осы топтың жануарлары топалаңға қарсы сарысумен, топалаң гаммаглобулинімен және антибиотиктермен емделеді. Клиникалық айыққаннан 14 күннен кейін оларды топалаңға қарсы вакцинамен егеді;
2) қалған сезімтал жануарлар: аурудың клиникалық белгілері жоқтары және топалаң белгіленген жердегілер (табын, қора, аула, отар). Екінші топ жануарлары кейіннен үш күн ішінде күн сайын қараумен және қызуын тексерумен топалаңға қарсы вакциналанады.
“Топалаң” диагнозын қойғаннан кейін ауру немесе өлген жануарлар болған аумақты және үй-жайды тазалау мен дезинфекциялау ұйымдастырылады. Барлық жануарларды жәндіктерден өңдейді.
Бірінші топтың жануарларынан алған сүтті барлық емдеу кезеңінде 20 литр сүтке 1 килограмм (бұдан әрі – кг) есебінен кемінде 25% активті хлордан тұратын хлор әк қосумен залалсыздандырады және 6 сағат ұстағаннан кейін кәдеге жаратады. Екінші топтағы жануарлардың сүтін вакциналағаннан кейін үш күн ішінде 4-5 минут бойы қайнатады және эпизоотиялық ошақта топалаңға қарсы вакциналанған жануарға ішкізеді. Көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен кейін бұл сүт ветеринарлық мамандардың бақылауымен майға айналдырылады.
Топалаңмен ауырған немесе одан өлген, не болмаса басқа да жолмен контаминацияланған жануарлар болған учаскелерден алынған астықты, жемдерді әкетуге тыйым салынады және топалаңға қарсы вакциналанған жануарларға тұрған жерлерінде азықтандырылады.
Ауру жануарлардың шығарылымдарымен ластанған қиы, төсеніші және жемнің қалдығы өртеледі, тұрақтағы қи – қидың 20 литріне 1 кг есебінен құрғақ хлор ізбесімен (кемінде 25% активті хлордан тұратын) араластырылады.
Қолмен тазалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялық ерітінділер, соның ішінде:
25% хлор әк ерітіндісі;
5% шаруашылық сабынын қосумен 5% ыстық формальдегид ерітіндісі;
10% ыстық күкірт-карбол қоспа ерітіндісі;
10% ыстық күйдіргіш натр ерітіндісі (температурасы плюс 60-70ºС) пайдаланылады.
Өңдегеннен кейін қораны 3 сағатқа жабады және одан кейін желдетеді. Металл жабындыларды күйдіре отырып дезинфекциялайды.
Брезенттен, мақта-қағаздан жасалған заттар екі сағат ішінде 2% жуу құралының ерітіндісінде қайнату немесе 5 литр ерітіндіге 1 кг залалсыздандыру объектісі есебінен бір дезинфекицялаушы құралына батыру жолымен залалсыздандырылады:
1% активтендірілген хлорамин ерітіндісі – экспозициясы 2 сағат;
температурасы плюс 50ºС 10% сутегі асқын тотығы мен 0,5% жуу құралы, экспозициясы 1 сағат;
температурасы плюс 132ºС қысыммен бумен (автоклавтау) - экспозициясы 2 сағат;
температурасы плюс 62-63ºС бу формалинді камераларда (формалиннің шығыс нормасы 250 мл), экспозициясы 2,5 сағат;
Ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған жемшөпті жағады.
Ауру жануарлардың қиы, төсеніші мен жемінің қалдықтары сол орындарында немесе жұқтыру орнына жақын жерде жағылады. Жердің беткі қабатының (тұрақта, байламда) кемінде 40 см алып тастайды, 20% хлорлы ізбес ерітіндісімен араластырады да, мал көметін жерге әкетеді.
Топырақты залалсыздандыруды мынадай дезинфекциялаушы құралдардың бірімен жүргізеді:
10% ыстық күйдіргіш натрий ерітіндісі;
4% формальдегид ерітіндісі;
10% бейтарап кальций гипохлорид ерітіндісі.
Ерітінділердің шығысын – 1 шаршы метрге (бұдан әрі – л/м²) 5 литр формальдегид, 10,5 л/м² - басқа да құралдары құрайды.
Ағынды суларды залалсыздандыруды хлорлы әкпен жүргізеді. Сенімді залалсыздандыруды жүргізу үшін экспозициясы 48 сағат, 25% хлорлы ізбестің 200 грамын бір литрге (бұдан әрі – г/л) салу немесе экспозициясы 4 сағат 200г/л есебінен ағынды суға құрғақ хлорлы әкті себу керек. Хлорлы ізбеспен өңдеу алдында 1 литр тазаланбаған күкірт қышқылын араластырған орынды (хлорлы әк қышқылды ортада жақсы әсер етеді).
Топалаң спорасы түскен топыраққа (топалаңмен ауыратын жануарларды мәжбүрлі сою, олардың өлігін сою, және басқа) 10 л/м² -ге құрамында 20% белсенді хлоры бар 5% хлорлы әк ерітіндісімен немесе 10% күйдіргіш натрий ерітіндісін төгеді. Ерітінді сіңгеннен кейін жерді 25% активті хлоры бар құрғақ хлорлы әкті араластыра отырып кемінде 25 см тереңдікте қопарады (3 бөлік топырақ 1 бөлік хлорлы әк) Содан соң жерді сумен ылғалдандырады.
Төменгі температурада (минус) бір нәрсенің бетін дезинфекциялау үшін кальций гипохлоридінің екі-үш негізді тұзының немесе 8% концентрациядағы бейтарап кальций гипохлорид ерітіндісін қолданады.
Топалаңнан өлген жануарлардың өлекселері, ауру жануарларды союдан алған өнімдер, ластанған азық өртеледі.
Жануарлардың өлекселерін жағу үшін ұзындығы 2,6 метр, ені 0,6 және тереңдігі 0,5 метр айқыш орналасқан екі траншея пайдаланылады. Траншеяның түбіне бір қабат сабан, содан соң шұңқыр толғанша отын толтырылады. Отынның орнына резеңке қалдықтарды немесе басқа да қатты жанар-жағар материалдарды пайдалануға болады. Траншеяның ортасына, қиылысқан жерге (айқышталған жерде) құрғақ бөрене сырғауыл немесе металл арқалықты салады және оларға жануардың өлігі орналастырылады. Өлексенің екі жақ бүйірі мен үстінен отын қояды да, металл табақшамен жабады. Шұңқырдағы отынға керосин немесе басқа да жанар-жағар сұйықты құйып, өртейді.
Ауру жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылған көлік және құралдар 15% белсенді хлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет