Ылым министрлігі



бет47/103
Дата12.04.2024
өлшемі5.8 Mb.
#498528
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

18-сабақ. Сабақ тақырыбы: Тәулік, апта ,ай.
Сабақтың мақсаттары:
1. Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынысымен таныстыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыруға машықтандыру, сағатпен, минутпен өрнектеп жазуға үйрету;
2. Оқушыларды логикалық ойлауға, жазуға, көруге, есептеуге баулу, танымдық, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
3. Пәнге деген сүйіспеншілігін оятуға, табиғатты қорғауға, жолдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, өлең, есеп шешу, түсіндіру, ізденушілік, сөйлесу.
Сабақтың көрнекіліктері: Кітап, плакаттар, сағат, топтамалар, сандар, себеттегі жапырақтар, күннің шығуы, орамал, т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындау.
Күн жарығын алақанға саламын.Ізгі әрі нәзік,жарық мейірімді жүрегіме басып ұстай қаламын.Жып –жылы болып кетер сонда дереу жан- жағым.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткенді қайталау. Жұмбақ жасыру.
Он екіге жетіп,
Жүргені кері кетіп (сағат)
Сағат бойынша жұмыс жасау. Сағаттың тілдерін анықтау. Уақытты үйрету. Топтамамен жұмыс жүргізу. Екі таңбаларды көрсету, ондықтарын, бірліктерін ажырату. 41,65,11,12,13,24,36,49 Мысалы 41 санында 4 ондық, 1 бірлік бар т.с.с.
ІV. Мақсат қою.
V. Жаңа сабақ. Уақыт бірліктері. №1 плакатпен жұмыс жасау. Оқытқызу, түсіндіру. Сұрақтарға жауап беру. Өмірмен байланыстыру. 1апта – 7 күн, 1 жыл – 12ай, 1 мүшел – 12 жыл.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Жазу минутасы – саны-үлгіні көрсету.
Ағасы -48 жаста
Інісі -? 40 жас кіші.
Ш: 48-40=8 (жас)
Ж: Інісі – 8 жаста.
Күз мезгілі бейнеленген плакатты тақтаға ілемін.
- Балалар қазір қандай мезгіл?
- Күз
Күз белгілерін атау
Ендеше жапырақ терейік.
«Жапырақ теру» ойыны. Сағатпен, минутпен өрнектеп жазу.
№3 Тақтамен жұмыс жапырақ теріп, себетке саламыз (жазбаша)



90 мин.= 1сағ. 30мин.
100 мин.=1сағ 40 мин
80 мин .=1 сағ. 20 мин
70 мин.= 1сағ. 10 мин



№4 «Орамал тастамақ» ойыны (ауызша).



1сағ. 20 мин.= 80 мин
1сағ. 30мин. = 90 мин.
1сағ 40 мин =100 мин.
1сағ. 10 мин.= 70 мин



1 сағ * 60мин 1 сағ 10мин * 65 мин
1 тәуілік * 24 сағ 1 сағ 90мин * 69 мин
1 сағ * 100жыл 1сағ 5 мин * 70 мин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет