25-сабақ. Сабақтың тақырыбы: әр түрлі қиын есептер шығару.
Мақсаты:
а) Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептің жаңа түрімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдері туралы алған білімдерін пысықтау.
б) Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
в) Оқушыларды тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, фигуралар.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, проектор.
Түрі: Саяхат сабақ.
Типі: жаңа сабақты меңгерту, топпен жұмыстану.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өз беттерінше жұмыстану.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Үй тапсырмасын тексеру.
№7 есепті үш қатарға ауызша 2 - 2 - ден оқытып тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабағымызда біз Астана қаласына саяхатқа шығамыз. Ол үшін берілген тапсырмалардың бәрін орындауымыз керек. Астанаға бару үшін, алдымен жол ақысын төлеуіміз керек. Билет алу үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
І - қатар. ІІ - қатар. ІІІ - қатар.
3пен 5 - тің қосындысын ата. 15 пен 3 - тің айырмасын тап. 12 мен 3 - тің айырмасын тап.
70пен 7 - нің айырмасы нешеге тең? 6 мен 8 - дің қосындысын ата. 7мен 5 - тің қосындысын айт.
Ұзындық бірліктерін атаңдар? Масса бірліктерін ата. Уақыт өлшем бірліктерін айт
- Поезға міндік, енді жолшыбай тағы бір тапсырма күтіп тұр.
Көркем жазу.
1, 2, 3 сандарын қатыстырып, бірнеше 3таңбалы сандар жазамыз.
123, 132, 213, 231, 312, 321
- Дұрыс орындадыңдар. Міне пойыздан да түстік. Астана қаласына келгенде ең алдымен нені көргіміз келеді?
- Бәйтеректі.
Бәйтерек суреті және тақырып жазылады.
- Бәйтерекке бару үшін оқулықтағы №1 есепті ауызша орындап жіберейік.
- Үшінші қосылғышты табу үшін не істейміз екен?
2 белгілі қосылғыштардың қосындысын тауып, қосындының мәнінен азайтамыз.
Сонда 3 - ші қосылғыш шығады.
20+10+?=60
60 -(20+10)=30 Олай болса, 3 - ші қосылғыш 30екен.
10+15+?=40?
Қазақстан Республикасының президентінің мәдени орталығы.
№2.
а) І - 7м Ш: 7м+4м+8м=19м
ІІ - 4м? Ж: Барлығы: 19м. (м).
ІІІ - 8м
ә) І - 7м
ІІ - 4м
ІІІ -? м 19м
Ш: 1) 19м -(7м+4м)=8м
2) 19м - 7м - 4м= 8м
Ж: ІІІ - бөлік 8м (м).
Бейбітшілік және келісім сарайы. №3 есеп ауызша.
10 - слайд. Сергіту сәті.
11 - слайд.
Хан шатыры. Шығармашылық жұмыстар.
12 - слайд.
«Думан» ойын - сауық орталығы. Логикалық есеп. №8 есеп.
Елге қайту. Өз беттерімен жұмыс. №4 (а).
Үйге тапсырма.
№4 (ә)
№6 153 - бет.
Қорытындылау.
Астана қаласы ұнады ма?
Бағалау. Сабақтың соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |