2.Тік төртбұрыштың ені 3см, ал ұзындығы енінен 2 есе ұзын.Оның периметрін тап.
3.Есепті шығар.
Дүкенде 174 ерлер пальтосы,одан 24-і кем әйелдер пальтосы бар.Ал балалардың пальтосы әйелдер пальтосына қарағанда 3 есе кем. Балалар пальтосы қанша?
4.Логикалық тапсырма.
Жанұяда 4 бала бар,олардың жастары 5,8,13 және 15-те,ал есімдері Айгүл,Жанат,Назгүл және Нұргүл.Қыздардың біреуі балабақшаға барады.Айгүл Жанаттан үлкен және Айгүл мен Назгүлдің жастарының қосындысы 3-ке бөлінетіні белгілі. Балалардың әрқайсысы нешеде?
Бекіту.
Қорыту
3 класс. 3-сабақ.
Тақырыбы: Белгісіз компоненттерді табу.
Мақсаты: Амалдардың компоненттерін меңгерте отырып,белгісіз компоненттерді табуға, ережелерін айтуға, теңдеулерді шешуге машықтандыру.
Көрнекілігі: амал компоненттері жазылған арнайы плакат
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту. Математикалық жұмбақтар шешу.
Мағынаны ашу. Тапсырмалар орындату.
1.Математикалық диктант. Өрнектерді жазып, мәндерін тап:
Қосылғыштары бірдей қосынды;
Азайғышы мен азайтқышы бірдей айырма;
Бірінші көбейткіші тақ сан болатын көбейтінді;
Мәні 1-ге тең бөлінді.
2.Теңдеулерді шеш: х+52=256-56 5х а=450 вх4=240:3 839-х=139 947-х=356
3.Есепті теңдеу құру арқылы шығар: Жаңа туылған бұзаудың массасы 20 кг. Ал жаңа туылған бұзау мен тайдың массасы 120 кг. Тайдың массасын тап.
4 Логикалық тапсырма. .Қорапта көк,қызыл және жасыл қарындаштар бар.Барлығы 20. Көктер жасылға қарағанда 6 есе артық.Қызылы көгіне қарағанда аз. Қорапта қаншы қызыл қарындаш бар?
Бекіту. Сөйлемдерді жалғастыр:
Көбейткіш белгісіз болса,-----------------------------------------------------------------------------------
Бөлінгішті табу үшін,----------------------------------------------------------------------------------------
Азайтқыш белгісіз болса,------------------------------------------------------------------------------------
Азайғыш белгісіз болса,-------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |