Ылым министрлігі


сұрақ - Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991) 7 сұрақ –



бет35/103
Дата12.04.2024
өлшемі5.8 Mb.
#498528
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

6 сұрақ - Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991)
7 сұрақ – Патриотизм деген не? Өз отанын, өз отбасын,елін, жерін сүю.

  1. сұрақ – Мемлекеттік рәміздерді ата? ( Елтаңба, Ту, Әнұран)

  2. сұрақ – Астана күні қай айда тойланады? (6 шілде)

  3. сұрақ – Астананың бұрынғы атаулары? (Ақмола, Целининград, Ақмола, Астана)

  4. сұрақ – Астананың соңғы жетістігі? (ЭКСПО- 2017)

Бәйтерекке бір-бірден шығып, қолдарын қойып тілектерін айтады.
М/ы: Отанымыз жайнай берсін!
Қазақстан халқы аман болсын!
Аспанымыз аман болсын!
(Астанадан қайту,сарқыт ретінде кәде сыйлықтар тарату)
САБАҚТЫ бекіту қорытындылау.
1. Шығ-лық тапсырма (Санамақ құрастыру.)
Тақырыбы: Астана айшықтары және математикалық сөздіктер.

  1. дегенім - Бәйтерек.

  2. дегенім - Елорда, елбасы, Есіл

  3. дегенім - Үкімет үйі.

  4. дегенім - Тәуелсіздік монументі.

  5. Баға.

  6. Астана

  7. Жақша.

  8. Салыстыру.

  9. Теңдік.

  10. Үлгерім.

2. Тест шешу.тақырыбы: шамаларды ірілеу, ұсақтау.
- Қай сабақ өтті? Қандай сабақ өтті.?
- Не үйрендік, не білдік?
- Астана несімен ұнады?
- Иә, келелі кеңестердің төріне айналған АСТАНАНЫ өркендететін сендер. Ол үшін не керек? (Бейбітшілік, денсаулық, білім, еңбек)
- Сендердің еңбектерің не қазіргі.( ұстаздардың үлкендердің айтқанын тыңдау, тәртіпті болу, білім алу.
Бағалау. Үйге тапсырма.


7-сабақ. Тақырыбы: Күрделі теңдіктер мен теңсіздіктер
Мақсаты:
А)білімділік:Оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру,алған білімдерін жетілдіру;
Ә)дамытушылық:тез есептеу,есте сақтау,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік:әсемдікке баулу,алға қойған мақсаттарына жетуге ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа,тапқырлыққа,өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:іскерліктер мен дағдыларды жетілдіру сабағы


Сабақтың түрі:дәстүрлі емес(саяхат сабақ)
Әдіс - тәсілдері:түсіндіру,сұрақ - жауап,өзіндік,топтық жұмыс
Көрнекілігі:слайдтар,интерактивті тақта,оқулық
Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,ана тілі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- түгендеу;
- кабинет тазалығын тексеру;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
- Балалар бүгінгі сабағымызда еліміздің қалаларын аралап,саяхат жасаймыз.
- Саяхатымызды бастау үшін алдымен ауа – райын біліп алайық.Күн ашық болу үшін тапсырма орындаймыз.Яғни,біз бүгін күннің үстін басқан бұлттардан арылтамыз.Әр бұлтты алып,артындағы тапсырманы орындаймыз.Күн бұлтты болса саяхатқа шыға алмай қаламыз.

19+9=28
37+7=44


55+8=63
50- 8=42
64+16=80
42+38=82
28+32=60
46+14=60
60- 5=55
30- 7=23
75+5=80
51+29=80

- Біз қай қалада тұрамыз?


Олай болса,Қызылордадан Алматыға бару үшін автобусқа отырамыз.Бірақ автобус жүргізушісі бізге мынадай шарт қойып отыр: «үйге берілген тапсырманы орындағандар ғана автобусқа отырады»- дейді.
II.Үй тапсырмасын тексеру
- Барлығымыз тапсырманы орындадық па?
- Олай болса балалар,сендерге сәттілік.
III.Жаңа сабақ.
1- мысал. 12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды.Сонда әр тәрелкеге неше алмадан салынды?
2- мысал.Әжей шарадағы 4 л қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды.Әр кесеге неше литр қымыз құйылды?
3- мысал. 14(15,16,18)санынан нәтижесінде нөл шығатындай етіп,бірдей сандарды азайт.
Үлгі:15 – 5 – 5 – 5 = 0
15 – 3 – 3 – 3 – 3 – 3 = 0
4- мысал.Есепті шығар.
А)Наурыз тойында 60 өнерпаз оқушы қатысты.Олардың 20- сы әнші,6- уы биші,ал қалғандары – домбырашылар.Тойға неше домбырашы қатысты?
Ә)Өнерпаздар байқауына қатысқан 42 адамның ішінен 6 адам жүлде алды.Байқауға қатысқан неше өнерпаз жүлде ала алмады?
5- мысал.Теңдеулерді шеш:
27+Х=90 90- Х=63 Х- 27=63
6- мысал.
Бірліктерін қосқанда 18,ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы екі санның қосындысын жаз.Оның мәнін тап.Қосуды азайтумен тексер.Сондай тағы бірнеше қосынды жаз.Олардың мәндерін тап.Тексер.
7- мысал.Мысалдарды шығар:
34 + 19
53 – 18
5 + 9 – 6
72 – 18
50 – 17
17 – (12 – 5 )
46 + 25
71 – 24
90 – (13 – 6 )
Қорытындылау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет