Кестені еске түсіру арқылы бағдарламаға біз де үлесімізді қостық. Рахмет! Біз сендермен бүгін арифметикалық амалдарды қолданып мысалдар шығарамыз.
ІІІ топ: Саяхатқа шығуға ауа райы қолайсыз екен. Далада қар жауып тұр, күн суық. Енді не істейміз? Жо-жоқ, мына жердегі аққала бізге қарды тоқтатып, ауа райын қолайлы етіп бере аламын, сосын келген соң мені балалар қайтадан қардан жасап берсе болды дейді. Қалай келісеміз бе?
Ендеше, 5-ке қосу кестесін қайталайық. 18+5=23, 29+5=34, 37+5=42, 46+5=51.
Қар тоқтады, яғни біз бүгін сендермен кері есептер шығарады екенбіз.
- Балалар, ұзақ жолға шығар алдында біз кішкене сергіп демалып алайық.
Сергіту сәті
Саяхатқа шығайық,
Дорбамызды алайық.
Бұл кім? Бұл не?
Бұл тау.
Саяхатқа шығайық,
Дорбамызды алайық.
Бұл кім? Бұл не?
Бұл құм.
- Алдымыздан өзен шықты. Бірақ, аққала ауа райын жылытып берген кезде өзендегі мұздар еріп сең жүріп жатыр екен. Ал өзеннен өтетін көпір қайда? Күн жылыған соң көктем болған шығар деп аю ұйқысынан оянып кетіпті. Бірақ ол көмек сұрап жылап жатыр ғой. Көмектесейік. Аюды кім тез табар екен? Ол үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік. /«Кім жылдам?» ойыны/
- Аю шынымен де ұйқысынан
оянып кетіп қарны ашқан соң, дереу тосап жеу үшін банкіге қолын салып, ала алмай жатыр екен ғой. Жаңа мысалды бірінші орындаған бала оған көмектесе берсін, ал біз сендермен аюдың алдында жатқан мысалын шығарып берейік.
3-мысал. Өрнектер құрастыр және олардың мәнін тап:
9+6 + 40+20=75
40+38 - 16-9=71
3+8 + 100-50=61
- Аю сендерге риза болып көпірді көрсетіп беріп, өзі тосабын жеуге кірісті.
Біз дем алып отырған жерден жыланның ысылдаған дыбысы шығады. Мінекей, жылан да оянып кеткен екен ғой. Не істеу керек? Ол сендерге алдында жатқан теңдеуді шешіп берсеңдер ғана, ары қарай жіберемін дейді. Ой шақыру үшін теңдеу шешіп көрейік. 1-бағанды І топ, 2-бағанды ІІ топ, 3-ші бағанды ІІІ топ орындасын. Теңдеуді шешу жолын дұрыс шығардық па, әлде дұрыс шығара алмадық па, оны электронды оқулықтан тыңдап алайық. Мысалдарымызды жұптасып тексерейік. 4-мысал
- Сендер оның тапсырмаларын орындап жатқанда, әлі ұйықтап болмаған жылан қуысына кіріп, ұйықтап қалыпты. Байқадыңдар ма балалар, шыңға жақындаған сайын тапсырмалар да қиындап барады.
Демалып тынығып алайық. Сергіту сәті
Саяхатқа шығайық,
Дорбамызды алайық.
Бұл кім? Бұл не?
Бұл арыстан.
Астынан өте алмаймыз,
Үстінен өте алмаймыз.
Қашайық артқа,
Орнымызқа табайық.
- Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Биікке шыққан сайын ауа райы суып барады. Алдымыздан білім шыңын қорып жүретін тау барысы шықты. Не істейміз? Ол бізге кері қайтыңдар дейді.
Біз одан тапсырма берсін, біз оны орындап білім шыңына шығуға рұқсат беруін сұрайық. Кері қарай қайтпасаңдар, мына кері есептерді дұырыс шығарып беріңдер дейді. Ендеше бәріміз жабылып кері есептерді шығарып тастайық.
2-есеп. Бұл есептердің бір-бірімен қандай байланысы бар?
а) Әкелінді-35 кг қияр және 10 кг қызанақ
Сатылды-20 кг
көкөніс
Қалды-? кг көкөніс
Ш: 35+10-20=25
Ж: қалды 25 кг көкөніс
ә) Әкелінді-35 кг қияр және 10 кг қызанақ
Сатылды-? кг көкөніс
Қалды-25 кг көкөніс
Ш: 35+10-25=20
Ж: сатылды 20кг көкөніс
б) Әкелінді-35 кг қияр және ? кг қызанақ
Сатылды-20 кг көкөніс
Қалды-25 кг көкөніс
Ш: 20+25-35 =10
Ж: қызанақ 10 кг
в) Әкелінді-? кг қияр және 10 кг қызанақ
Сатылды-20 кг көкөніс
Қалды-25 кг көкөніс
Ш: 20+25-10 =35
Ж: қияр 35 кг
Бұлар-кері есептер
- Бірақ, тау барысы бізге кім тест тепсырмаларын тез орындаса, сол шыңға ту тіге алады дейді. Қанекей,
оны кім тез, әрі дұрыс орындап береді екен? /тест тапсырмаларын тарату/. Бірінші болған оқушыныкін тақтада тексеру.
Тест тапсырмасы.
- Бірінші орындаған оқушы «Білім шыңына» еліміздің көк туын тікті. Жарайсың!
ІҮ. Қорытынды
Ү. Үйге тапсырма. 5, 7-мысалдар, 132-бет
ҮІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: