Ылым министрлігі


-сабақ. Сабақтың тақырыбы



бет57/103
Дата12.04.2024
өлшемі5.8 Mb.
#498528
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

26-сабақ. Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы сандарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандар құру, оларды қосу және азайту тәсілдері туралы білімдерін қорытындылау және алған білімдерін таныс жағдайда қолдана білу.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгін сабақта сендер қосу мен азайту амалдарын орындау туралы білімдеріңді қайталайсыңдар. Жетістікке қол жеткізем десең сабақта берілетін барлық тапсырмаларды орындауға тырыс. Сабақ соңында әрқайсың өз білім деңгейлеріңді тексеріңдер.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

1. Төменде берілген сандар қатарын қалай тәртіпке келтіруге болады? «Артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?


10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 - дөңгелек сан емес)
1, 7, 14, 21, 27. (1 саны 7 - ге бөлінбейді)
12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 - үш таңбалы)
24, 11, 13, 15, 17, 19, 12. (24 - екі ондық)

2. «Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есептеу,


Ойының мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.
Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтада мысалдар
тізбегі берілген, балалар соңғы нәтижені табады және карточкалардың көмегімен жауаптарды көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, балалар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді немесе бірнеше бала ауызша жауап береді, сонан кейін тексеру жүргізіледі.
а) 450 - 50 + 2 + 18 - 40 + 500
ә) 799 +1 - 300 - 5 - 90+10
6) 900 - 800 + 1 + 99 - 40 + 5
Таза жазу минутын ұйымдастыру үшін 3, 4, 5 цифрларынан сандардың барлық мүмкін нүсқаларын құрастыруды тапсыру (345, 354, 435, 453, 534, 543).
- Ең кіші санды ата.
- Ең үлкен санды ата.
- 3 жүздік және т. б. болатын сандарды ата.
№1, №7 тапсырмаларды топпен немесе жүннен орындауға болады.

3. Өткен материалдармен жұмыс.


- Қосу (азайту) кезінде сандар қалай аталады?
- Қосу (азайту) нәтижесі қалай аталады? Дайындығы төмен балаларға тірек сызба ұсыну керек: Қосылғыш + қосылғыш = қосындының мәні. Азайғыш - азайтқыш = айырманың мәні.

Ана тілі - 89 о.


Математика - 112 о.
Дүниетану -? о.
Тапсырмаларды түрлі тәсілдермен орындаған жөн.
№7 тапсырмада кесте бойынша түрлі өрнектер құруға болады.
Мысалы:
(700+ 30)+ 60
(700 + 30) + (600 - 20)
(700 + 30) + (360 - 80)
(700 + 30) + 150
Сыныпта осы кестелерді пайдалана отырып, бірнеше тапсырма
орындауға болады, ал қалған өрнектерді балалар үйде құрастырып, шешуі керек.
№8 логикалық тапсырма ауызша орындалады.

4. Үй тапсырмасы.


5. Сабақты қорытындылау.
- Сабақтың мақсаты қандай болды? Сабақтың мақсатына жеттіңдер ме? Сабақта не қиындық келтірді? Не жеңіл болды? Өткен тақырыпты дұрыс қайталау үшін өз достарыңа қандай тапсырманы ұсынасыңдар? Жұмыстарыңды өз беттеріңше бағалаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет