Ылым министрлігі



бет20/29
Дата21.04.2024
өлшемі453 Kb.
#499421
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Kaz-metodicheskie-rekomendatsii-po-praktike

5.5 Есепті жазып және қорғау

Өндірістік практика студенттің қорытынды жұмысы болып табылады. Ол практика бағдарламасының негізінде, күнтізбелік кестеге сәйкес жасалады. Онда студент барлық қарастырылған сұрақтары бойынша жасалған жұмысын көрсетіп, экономикалық жұмыстарды орындағанынынша дәлелдейтін құжаттарды және есептерін тігеді.


Есепті жазуда, қаржы несиелік салада жұмыс істейтін маманның жұмысын көрсететін құжаттарды тікелей көшіріп алуға болмайды. Есепте қызметкердің құқықтары мен міндеттеріне жалпы сипаттама беріледі. Әсіресе, жұмысты орындау тәсілдері мен нақты есептерге көңіл бөлінеді. Осыған байланысты, жасалған жұмысты көрсету мен тігілген құжаттар, есептер бір бірімен байланысты болуы керек.
Есептің мазмұнында болуы тиіс:

  1. Сыртқы беті (титулды парақ)

  2. Мазмұны

  3. Кіріспе

  4. Өндірістік практика күнделігі

  5. Шаруашылық субъектісіне жалпы сипаттама

  6. Шаруашылық субъектісінің бөлімдерінің жұмыстарына сипаттама және талдау (негізгі бөлім 20 бетті құрауы тиіс)

  7. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруды жетілдіруге ұсыныстар

  8. Қорытынды

  9. Қолданылған әдебиеттер тізімі (ақпарат көздері)

  10. Қосымшалар

Есепке қосымша тігіледі:
1. Практикані өту күнделігі.
2. Кәсіпорынның нақты құжаттары (қаржылық есептілік, кәсіпорынның және қаржылық экономикалық бөлімдердің ұйымдық құрылымы, зерттеу тақырыбы бойынша материалдар)
Барлық жиналған материалдар тиянақты түрде папкаға тігіледі.
Есептің жалпы көлемі қосымшаларды қосқанда 25-30 парақ бет болу керек. Мәтінді жазған кезде шетінен: сол жақтан 3 см, оң жақтан- 1,5 см, жоғарғы және төменгі жақтан 2 см қалдыру керек. Есептегі парақ беттерінің номері сыртқы беттен (титулды) басталып, тізбектеліп, араб сандарымен белгіленіп, парақтың жоғарғы оң жақ бетіне қойылады.
Сыртқы бет (титулды) номерленбейді және бірыңғай нұсқада болуы тиіс, қосымша 2 көрсетілгендей.
Есепті қорғау арнайы комиссиямен онлайн нұсқасында (ZOOM және OES платформасында) бір студентке 7-10 минут уақыт аралығында қабылданады. Есепті қорғау кезінде өндірістік практика уақытында үйренген практика мен білімді көрсету керек. Практиканің нәтижесі бойынша баға талаптарға сай болып, студенттің «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша практикалік жұмысқа дайындық деңгейін көрсетеді.
6. Дипломалды практика Бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет