6.4 Диплом алды практика бойынша есепті жазу және қорғау
Дипломалды практика соңында студент-машықкер практика нәтижелері бойынша жазбаша есеп құрады. Есепте орындалған жұмыстар туралы, практика базасының қысқаша сипаттамасы, оның мамандық бойынша қызметін талдау, шешімдер мен нұсқаулар. Есеп жекелеме түрде және кафедра талаптарына сай толтырылған болуы тиіс. Есеп беру осы кезеңдегі білім алушының қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып табылады.
Есеп келесілерді қамтиды:
диплом жұмысын жазуда қолданылған материалдардың сипаттамасы;
диплом жұмысының негізгі бөліміндегі қаржылық көрсеткіштердің талдануы;
диплом жұмысының тақырыбына сәйкес кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне жасалған талдау негізінде жасалған қорытындысы және ұсыныстары.
Дипломалды практика қорытындысы бойынша студенттер келесі құжаттарды ұсынуға міндетті:
Диплом алды практика күнделігі.
Диплом алды практика есебі (Қосымша 3).
Студент практикаден өту барысында орнатылған формадағы күнделікті толтырады. Іс-практика бойынша күнделікте студенттің ұйымда немесе кәсіпорында болған кезеңіндегі іс-әрекетінің түбегейлі хронологиялық сипаттамасы беріледі. Күнделіктің ақпараттық бетінде студент, Оқу орны және кәсіпорын басшылығының тегі, оқу орнынан және кәсіпорыннан практика жетекшілерінің тектері жазылады, практиканің түрі мен базасы, практикаден өту мерзімдері, студенттің тапсырмасы жазылады.
Диплом алды практика бағдарламасына сәйкес диплом алды практика есебінің көлемі 30 – 35 бетті құрайды.(қосымшаларды қоспағанда). Диплом алды практика есебінде диплом жұмысының мақсаты, міндеттері және жинақталған материалдардың сипаттамасы жазылады.
Диплом алды практика есебінде диплом алды практика бағдарламасындағы барлық кезеңдер қамтылады. Есептің екінші бөлімі диплом жұмысының талдау бөлімімен ұқсас болады.
Диплом алды практика есебінде:
Титулдық бет – 1 бет.
Мазмұны - 1 бет.
Кіріспе – 1-2 бет.
Негізгі бөлім(2-3 бөлім) - 25-30 бет.
Әдебиеттер тізімі - 1-2 бет.
Диплом алды практикані орындау бойынша жоспар – график және титулдық бет бекітілген біртекті нұсқада рәсімделеді( Қосымшалар 3,4). Есептің қалған бөлімдері диплом жұмысын орындау талабына сәйкес рәсімделіп, орындалады.
Талаптарға сәйкес орындалған есепке диплом алды іс-практиканің жетекшісі қол қояды.
Есепті қорғау арнайы комиссиямен онлайн нұсқасында (ZOOM және OES платформасында) бір студентке 7-10 минут уақыт аралығында қабылданады. Қорғаудың қорытындысы бойынша практикаден өтуші студентке институтта қабылданған кредиттік оқыту жүйесіндегі бағалау бойынша баға қойылады. Егер білім алушылар себепсіз жағдайлармен практикаге келмесе немесе қорытынды бақылау бойынша олармен «қанағаттанарлықсыз» бағасы алынса, онда білім алушы қайталап оқу курсына қалдырылады. Практика бағдарламасын себепті жағдаймен орындамаған білім алушы практикаге оқудан бос уақытында қайта жіберіледі немесе практикаден жеке тәртіпте өтеді. Практика бағдарламасының талаптарын себепсіз жағдаймен орындамаған немесе қанағаттарнарлықсыз баға алған білім алушы, белгіленген тәртіпте, академиялық қарызы бар білім алушы ретінде қайталап оқу жылына қалдырылады.
Қосымша 1
Достарыңызбен бөлісу: |