Ылым министрлігі


Дипломалды практиканы ұйымдастыру, мақсаты және міндеттері



бет21/29
Дата21.04.2024
өлшемі453 Kb.
#499421
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Kaz-metodicheskie-rekomendatsii-po-praktike

6.1 Дипломалды практиканы ұйымдастыру, мақсаты және міндеттері

«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша дипломалды практика 4 курс 8 семестрде теориялық білімді, өндірістік практиканы аяқтағаннан кейін ұйымдастырылады.


Диплом алды практикасы негізгі білім беру бағдарламасының бір бөлігі ретінде оқытудың соңғы кезеңі болып табылады. Студенттер теоретикалық және практикалық оқытудың бағдарламасын толық игергеннен кейін өткізіледі.
Дипломалды практика жоғарғы білікті мамандар даярлау бойынша оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады және сәйкес мамандыктары, кызметтері мен лауазымдары, қажетті материлдык техникалык базасы, кұралдары және акпараттык технологиялары бар әр түрлі қызмет ету ортасы мен жеке меншік түрлерінің кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, зауыт зертханаларында жүргізіледі. Дипломалды практика бакалавриат студенттері үшін арнайы пәндер циклымен анықталады және мамандық түрі бойынша қызметі түрімен байланысады.
Диплом алдындағы практиканың мерзімі, сағат көлемі, кредит саны және ұзактығы мамандыктың жұмыстық оқу жоспарымен аныкталады. Диплом алдындағы практиканің мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен анықталады. Диплом алдындағы практиканің барысында студент кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметі бойынша нақты материалдар жинайды және оны диплом жұмысын жасауда қолданады. Мамандық бойынша жұмыс істемейтін сырттай және кешкі бөлім окушылары таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарына танысу және сәйкес материалдар жинау үшін тағайындалған тәртіппен диплом алдындағы практикаге жіберіледі.
Дипломалды практика студенттің институтта оқу барысында алған теориялық білімін практикалық жұмыста бекітудегі қорытынды бөлім болып табылады. Ол студенттердің мамандық бойынша терең практикалык машық алуына және оны келешек қызметінде Қазақстан экономикасынын нарықтық қатынас дамуы мен түрлі шаруашылық түрлері жағдайында қолдануына бағытталған.
Диплом алдындағы іс-практикані өту барысында студент:

  • білу керек: кәсіпорын қызметін реттейтін негізгі нормативті құжаттарды; бухгалтерлік айналым құжаты жоспарлы- талдау қызметін ұйымдастыру; кәсіпорынның экономикалық қызметін ұйымдастыру қағидалары мен ережесін,бухгалтерлік қаржылық есептілік көрсеткіштерін қалыптастыруды; басқару шешімдерін қабылдауда есептілік ақпараттарды қолдануды;

  • меңгеруі керек: кәсіпорын қызметінде нормативтік құжаттарды, ережелерді қолдануы; экономикалық қызметті құжаттармен қамтамасыз ету үрдісін ұйымдастыру; кәсіпорын қызметінде қолданылатын ақпараттарды жинақтау, талдау, қолдану; кәсіпорында бухгалтерлік есеп және есептілік жүргізу; қаржы есептілігін есепке алуды; өткизилген талдау нәтижелері бойынша экономикалық ұсыныстарды негіздеу; ұйымның шаруашылық қызметінің «қысқа орындарын» табу және себептерін қарастыру.

  • дағдысы болуы керек: өз қызметінде нормативті-құқықтық базаны қолдану дағдысы; ақпараттарды жинақтау,талдау, қалыптастыру және ақпараттарды басқару құралы ретінде, компьютерді қолдану дағдысы;
    кәсіпорындардың өнімділігін жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу дағдылары; техникалық-экономикалық ұйымдардың жұмысын жақсарту үшін басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін зерттеу дағдылары.

Диплом алды практика студенттердің келесі құзыреттіліктерінің қалыптасуына бағытталған:
Дипломалды практиканы өту нәтижесінде студент келесі дағдыларды, қабілеттерді , жан-жақты және кәсіби құзыреттіліктері:

  • ұйыдастырушылық дағдыларды жетілдіру (өз уақытын басқару, мекеменің жұмысына қосылу, қызмет ісін әріптестерімен бірге ұйымдастыру);

  • жоспарлау және ұйымдастырушылық аспектілерде жұмыс процесін анализдеу, пішіндерін тиянақты саралау және жұмыстың әдістерін, анықтау және нәтижелік жұмысты анализдеу;

  • конструктивтік дағдыларының қалыптасуы (мекемеден сұранысқа сәйкес кәсіби қызметтің міндетін анықтау;

  • кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеу қабілеті;

  • ұйымдарда қабылданған стандартқа сәйкес экономикалық бөлімнің есеп жоспарын қалыптастыру оларды дәлелдеу қабілеті;

  • басқармашылық шешімдерді қабылдауда алынған ақпараттарды қолдану және әр түрлі меңшік нысандарындағы кәсіпорындар есептерінде қамтылған қаржылық және бухгалтерлік ақпараттарды талдау және интерпретациялау қабілеті.

Диплом алды практиканің негізгі мақсаты - теориялық білімді бекіту және тереңдету, жоода оқу үдерісінде студенттермен алынған, ұйымдастыруға икемділіктері бар және эмпирикалық зерттеу бөлімін өткізуге, деректерді өндеуге, қорытындыларды талқылау және анализдеу; мемлекеттік емтихандық комиссия алдында дипломдық жұмысты қорғауға студенттерді дайындау.
Диплом алды практиканің міндеттері
Диплом алды практикані өтудің негізгі міндеттеріне кіретіндер:

  • белгілі қызмет түрінде нақты кәсіби міндеттерді шешу барысында терең кәсіби дағдыларды иелену;

  • дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша деректер көзін талдау; дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша нормативтік құжаттарды, заңдылықтарды мұқият зерттеу, сонымен қатар кәсіпорында қолданылатын ақпараттық қаматмасыз ету құралдарын және бағдарламаларын білу;

  • дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша қажетті практикалық материалдарды жинақтау,өндеу және жалпылау.

Диплом жұмысының тақырыбы бойынша мәліметтерді студенттер өндірістік іс-практикані өту барысында жинақтайды және диплом алды практикані өту кезінде аяқтайды. Яғни кәсіпорынды зерттеу барысында бірнеше жылдық мәліметін қарастырады.
Диплом алды практиканің бағдарламасын орындау барысында студент нормативтік, құқықтық құжаттарды, кәсіпорында қолданылатын немесе жобаланған нұсқаулар мен әдістемелік құжаттарды, қолданылатын стандарттар мен тәсілдерді, кәсіпорында бар ақпараттық-анықтамалық базаны, есепті тапсыру және дайындау технологиясын біліп үйренуі қажет.
Ең қолайлысы студенттерге диплом жұмысын өтініш бойынша практика базасында орындау. Бұл жағдайда, студент диплом алды практика обьектісі бойынша ұйымның қызметіне тиісті нақты практикалық мәселелерді шешу үрдісінде диплом жұмысын жазады.
Диплом алды практикані өту барысында диплом жұмысының құрылымы, оның негізгі ережелері анықталады, диплом жұмысын жазу үшін қажетті теориялық және практикалық материалдар жинақталады.
Дипломалды практика студенттерге теориялық білімін бекітуге, жүйелеуте, бекітуге және кеңейтуге есептеу машығын жетілдіруге диплом жұмысын құру үшін экономикалық материалдар жинауға, өзіндік зерттеу жұмысының элементтерін игеруге көмектеседі. Студент жұмысының бұл маңызды бөлімі дипломдык жоба үрдісінің бастамасы болып табылады. Дипломалды практика кезінде жинақталған экономикалық ақпараттың толықтығынан студенттердің университеттегі оқуының соңғы бөлімі-диплом жұмысын қорғауының жетістігі тәуелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет