Ылым министрлігі


«Қос алқа» -Сұлу қыздың бейнесі, сылқым жүрісі, алқасының сылдыры бейнеленген күй. «Жігер»



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі27.39 Kb.
#457743
түріӨмірбаяны
1   2   3
жеке сабак домбыра

«Қос алқа»
-Сұлу қыздың бейнесі, сылқым жүрісі,
алқасының сылдыры бейнеленген күй.
«Жігер»
Айналасына әділдік көзбен қараған күйші өзінің өскен ортасына, өз айналасының елге істеген зұлымдығына наразы бола тұрса да, сол ортадан бір жола ат құйрығын кесіп, бөлініп шыға алған жоқ. Сары ала туы салбырап ашықтан ашық күрес майданына кіре алған жоқ. Өзінің наразылығын, күш, жігерін сыртқа шығара алмай, іште ғана сақтап, алды-артына бірдей қарайлаумен болды. Төре тобының болашақ тағдырының қараңғы тұман екендігін, ұлы күш - халық пен төре тобының арасындағы қайшылықтың шиеленісіп бара жатқандығын, осы айқастың ақырында жеңуші де, заманның қожасы да халық болатындығын, ақ патшаға арқасын сүйеген аз үй төренің алдыңғы жағынан күтетін үмітінен гөрі, көрі жуық екенін сезіп, бірақ бұл жағдайды өзі айтып түсіндіруге шамасы, күші жетпей, дағдарысқа килікті. Осындай арпалысқан заманда алдында тұрған шалқар дариядан шешініп өте алмай қайшылыққа кездесті. Міне, өз басындағы осы қайшылықты, шешіліп жетпеген толқуды, бойын толық көрсете алмаған күшті "Жігер" күйі арқылы күңіренте ойнады. Осы күй арқылы өзінің ішінен тынған ызасын, білегін сыбанып, өз қолымен өмірде жүзеге асыра алмайтын арманын шер қылып сыртқа шығарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет