«Қылмыстық іс бойынша сот өндірісі»


Лекция № 10.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі өндіріс



бет5/6
Дата14.06.2016
өлшемі465.5 Kb.
#136039
1   2   3   4   5   6

Лекция № 10.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі өндіріс.
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану түсінігі мен ерекшеліктері.

2. Ессіз күйдегі адамдарға қатысты сот талқылауының ерекшеліктері.

Соттардың назары есі кіресілі-шығасылы күйінде қоғамға аса қауіпті әрекет жасаған адамдарға немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарға немесе қылмыс жасап, психиатриялық жәрдем қажет ететін немесе маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын дұрыс қолдану олардың емделіп кетуіне немесе денсаулықтарының жақсаруына әсер ететініне, сондай-ақ осындай адамдардың қылмыстық заң бойынша жауапкершілік көздейтін әрекеттерді қайта жасауының алдын алуға ықпал ететініне аударылсын.


Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді және оларды қолданудың мерзімін ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді қараған кезде осы санаттағы істерді жүргізудің ерекшеліктерін көздейтін ҚК-тің 88-96-баптарымен және ҚІЖК-нің 54-тарауының баптарымен реттелетіні түсіндірілсін. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысты медициналық жәрдем көрсетудiң негiздерi мен тәртiбi Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша реттеледi.Соттар адамның өзiнiң әрекеттерiнiң нақты сипатын және қоғамдық қауiптiлiгiн түсiнуге және оларды басқаруға кедергi жасайтын психикалық сырқаты өздiгiнен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн негiз бола алмайтынын ескеруi тиiс. Осыған байланысты әр iс бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердiң жасалуы дәлелденгенiн, оны жасаған кезде адамның есi кiресiлi-шығасылы күйде болғанын тексеру қажет. Сонымен бiрге, адамның психикалық сырқатына байланысты өзi үшiн немесе басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн немесе басқа да елеулi зиян келтiруi мүмкiндiгiн растайтын нақты фактiлер анықталуы тиiс. Адамның психикалық сырқатының сипаты және ауырлығы оның осыған байланысты өзiне және басқа адамдарға қатысты зорлықшыл әрекеттер, өзге де қоғамға қауiптi әрекеттер (мүлiктi ұрлау, өртеу, жою немесе басқа тәсiлдермен бұзу және т.б.) жасауға бейiмділiгi, сондай-ақ қоғамға қауiптi ниетiн жүзеге асыру мүмкіндiгiне баға беретiн аурудың күй-жағдайы - оның өзi үшiн немесе басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн дәлелдейдi. ҚIЖК-нiң 241-бабының талаптарына сәйкес әр қылмыстық iс бойынша, егер қылмыстық iс қозғалған немесе қылмыстық iзге түсу жүргiзiлген адамға қатысты психикалық жай-күйiне күмән келтiретiн мән-жайлар анықталса, мiндеттi түрде сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы қажет. Бұндай жағдайларға, атап айтқанда, сезiктiнiң, айыпталушының отбасында психикалық аурумен ауыратын туысқандарының болуы туралы, оның ақыл-ойы жетiспейтiндер үшiн арналған мекемеде оқуы туралы, бұрын зақым алғаны туралы, психиатриялық емханаларда тiркелуi немесе емделуi туралы, бұрын психикалық сырқатына байланысты қылмыстық жауапкершiлiктен немесе жазадан босатылуы туралы және т.б. мәлiметтер жатады. Сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сараптамашылардың шешуiне адамның бұрын психикалық сырқатының болғанын, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде психикалық сырқатының дәрежесi мен сипатын анықтайтын, адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде есiнiң кiресiлi-шығасылы болғанын, сезiктiнiң, айыпталушының қылмыс жасағаннан кейiн алдын ала тергеу барысында немесе сот үкiмi бойынша қылмыстық жазаны өтеген кездегi психикалық мiнез-құлқын белгiлейтiн мәселелердi қойған жөн. Сараптамашылардың алдына адамның анықталған ауруына байланысты оның өзi үшiн және басқа адамдар үшiн қауiптi болуы туралы, басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгi туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын және оның қай түрін қолдануды талап ететіні туралы, сондай-ақ психикалық сырқатының сипаты мен ауырлық дәрежесiн ескере отырып, оның түсiнiктер беруге, өтiнiштер мәлiмдеуге, дәлелдемелер келтiруге және ҚIЖК-нiң 511-бабының 1-бөлiгiнде көрсетілген басқада әрекеттерді жасауға мүмкіндігі туралы мәселелерді қойған жөн.

Қылмыстық iсте адамның iшiмдiк, есiрткi, психотроптық немесе өзге де есеңгiрететiн заттарды жүйелi түрде қолдануы туралы мәлiметтер болған жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi органдар осындай адамдарға куәландыру туралы қаулы шығарып, iске осы адам маскүнемдiктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлеу түрде емдеудi қажет ететiнi және оған қарсылық жоқ екенi туралы медициналық комиссияның қорытындысы қоса тiркеуге тиiс. Бiр әрекетке қатысты адамның есi кiресiлi-шығасылы екендiгiн тану басқа әрекетке қатысты есiнiң дұрыс болуы мүмкiндiгін жоққа шығармайтыны түсiндiрiлсiн. Осыған орай, бұрын есi кiресiлi-шығасылы болып танылған және қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған адам қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған жағдайда, жаңадан жасаған әрекетiнiң әр эпизодына қатысты оның есiнiң дұрыс екенiн немесе кiресiлi-шығасылы болғанын анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы және өткiзiлуi тиiс. Қажет болған жағдайда стационарлық сот-психиатриялық сараптама, сондай-ақ психолого-психиатриялық сараптама өткiзудi тағайындаған жөн. . Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар ҚIЖК-нiң 14, 247-баптарына сәйкес күзетпен ұсталған сезiктiнi, айыпталушыны сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру үшiн бұл туралы тергеушiнiң қаулысы керек екендiгiн, ал күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық мекемеге орналастыру үшiн оның келiсiмi, олай болмаған жағдайда сот қаулысы керек екендiгiн ескергенi жөн. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған сәтте адамның есi кiресiлi-шығасылы болғандығы туралы немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикалық сырқат пайда болғаны туралы сот-психиатриялық сараптамасын алған кезде, тергеушi, қылмыстық iс жүргiзу заңының алдын ала тергеу өндiрiсiнiң тәртiбiн реттейтiн жалпы нормаларынан басқа, ҚIЖК-нiң 505-514-баптарының талаптарын тез арада орындауы тиiс: iстi бөлек өндiрiске шығару мәселесiн шешу, бұлтартпау шарасын бұзу және қажет болған жағдайда қауiпсiздiк шарасын қолдану, қорғаушы мен заңды өкiлiн, егер бұрын басқа негiздер бойынша iске қатыспаса, iске қатыстыру.Қылмыстық процесс жүргiзетiн органдардың назары мынаған аударылсын: қоғамға қауiптi әрекеттердi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасаған адамдарға немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылған адамдарға ҚIЖК-нiң 140-бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдануға жол берiлмейдi. Бұндай адамдарға қажет болған жағдайда ҚIЖК-нiң 507-бабының 2-бөлiгiнде көзделген қауiпсiздiк шаралары қолданылуы мүмкiн, атап айтқанда: денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру психиатриялық көмек көрсететiн психиатриялық көмек көрсететін ұйымға немесе мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру. Iс бойынша анықталған, есi кiресілi-шығасылы адамның өзiне немесе өзге де адамдарға қауiптiлiгiн немесе басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгiн дәлелдейтiн мәлiметтер қауiпсiздiк шараларын және оның түрiн қолдануға негiз болады.

Қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету қажет жағдайларда адамдарды орналастыратын мамандандырылған медициналық ұйымдарға: жалпы түрдегi психиатриялық стационар, арнайы психиатриялық стационар, күшейтiлген бақылау түрiндегi арнайы психиатриялық стационарлар жатады. Прокурор немесе сот ҚIЖК-нiң 14-бап 2-бөлiгiнде, 247-бап 2-бөлiгiнде, 509-бап 2-бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты мамандандырылған медициналық ұйымға ерiксiз түрде орналастыру туралы негiзделген қаулы шығаруы керек.Егер алдын ала тергеу барысында кiресiлi-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамға оның психикалық сырқатпен ауыратындығы фактiсi анықтағанға дейiн бұлтартпау шарасының қамауға алу түрi қолданылып, ол тергеу аяқталғаннан кейiн жойылмаса, онда iстi өз өндiрiсiне қабылдаған прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша дереу бұзылып, қауiпсiздiк шарасы қолданылған кезде адам психиатриялық көмек көрсететiн тиiстi медициналық ұйымға ауыстырылуы немесе бiреудiң қарауына тапсырылуы керек. Қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты ауруды бiреудiң қарауына тапсыруды немесе арнаулы медициналық мекемеге орналастыруды жүзеге асыру тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жасаған хаттамасы, қаулысы ретiнде рәсiмделуi керек. Арнаулы медициналық мекемедегi адамды сараптама жасау үшiн немесе сот мәжiлiсiне немесе ерiксiз түрде ем алатын жерге әкелу ауру тапсырылған мекемемен келiсе отырып, iшкi iстер органдарына жүктеледi.Сот психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша адам өзiнiң iс жүргiзудегi құқықтарын жүзеге асыру мүмкiндiгiн жоғалтпаған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар ҚIЖК-нiң 511-бабының 2-бөлiгiнiң талаптарына сәйкес ондай адамға iс жүргiзудегi құқықтарын түсiндiруi және оларды жазбаша түрде беруi тиiс. ҚIЖК-нiң 513-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы мiндеттi болып табылады. Қорғаушының iске қатысуы, егер ол бұрын ҚIЖК-нiң 68, 70, 71, 486-баптарында көрсетiлген өзге негiздер бойынша iске араласпаса, адамның есi кiресiлi-шығасылылығы немесе психикасының бұзылуы фактiсi анықталған кезден бастап жүзеге асырылуы тиiс. ҚIЖК-нiң 7-бабының 24-тармағына сәйкес есi кiресiлi-шығасылы адамдарды немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылғандардың ата-анасы, асырап алушылары, асырап алынғандары, бiрге туған және бiрге тумаған аға-iнілерi, апа-сiңлілерi, атасы, әжесi, немерелерi заңды өкiлдерi болып танылуы мүмкiн. Егер жақын туысқандары болмаған жағдайда, қорғаушы немесе қылмыстық процесс жүргiзушi органның қатысуға рұқсатымен iс бойынша басқа адамдардың заңды мүддесiн қорғауға құқылы адам оның заңды өкiлi бола алады.



Заңды өкiлдi iске қатыстыру - тергеушiнiң қаулысымен, олай болмаса, iстi өз өндiрiсiне алған прокурордың немесе соттың қаулысымен жүзеге асырылады.
Заңды өкiлдi iске қатыстыру туралы мәселе iс жүргiзiлiп жатқан адамның есi кiресiлi-шығасылылығы немесе психикасының бұзылу фактiсi анықталған кезден бастап шешілу керек. Қылмыстық процесс жүргiзушi орган iске қатыстырылған заңды өкiлге ҚIЖК-нiң 512-бап 2-бөлiгiнде көрсетiлген құқықтарын түсiндiруге және бұл туралы хаттама жасауға (сот мәжiлiсi хаттамасына жазып қоюға) мiндеттi. Жақын туысқаны болып танылатын есi кiресiлі-шығасылы адамның заңды өкiлi өзiнiң келiсiмімен ғана және заңды өкiлi болып басқа заңда көрсетiлген жақын туысқаны танылғаннан кейiн заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудың мән-жайлары туралы куәгер ретiнде жауап бере алады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша, жасалған әрекеттiң заңдылық бағасына қарамастан, мiндеттi түрде алдын ала тергеу жүргiзiлiп, оның барысында ҚIЖК-нiң 506-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген мән-жайлар толық, жан-жақты және объективтi түрде зерттелуi тиiс.

Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адам психикалық сырқатының сипатына және ауыру дәрежесiне қарай өзiне және басқа да адамдарға қауiп келтiрмейтiн болса, сондай-ақ өзге де маңызды зиян келтiру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, тергеушi ҚIЖК-нiң 37-бап 1-бөлiгiнiң 9-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша iс жөнiндегi сот iсiн қысқарту туралы ҚIЖК-нiң 269-бабының 5-9-бөлiктерi талаптарына сәйкес қаулы шығаруы тиiс. Басқа жағдайларда алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулы шығаруға және iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберуi керек. Егер алдын ала тергеу барысында адамның қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы қылмыстық iзге түсудi жалғастыруға мүмкiндiк бермейтiнi анықталса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган ҚIЖК-нiң 50 және 265-баптарының талаптарын сақтай отырып, iс жөнiндегi өндiрiстi тоқтатуы керек. Сонымен қатар, ауырып қалған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет болса, тергеушi бұл туралы қаулы шығарып, мәселенi тексеру және шешу үшiн тиісті сотқа жолдау үшiн iстi тиiстi прокурорға жiберуге мiндеттi. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстердi қабылдау және оны қарауға тағайындау судьяның қаулысымен рәсiмделуi керек. Қаулының қорытынды бөлiгiнде iстi қараудың күнi мен орнынан басқа, егер оны тергеушi немесе прокурор бұзбаса, бұлтартпау шараларын бұзу туралы, қажет жағдайда қауiпсiздiк шараларын таңдау, өзгерту немесе бұзу туралы, сот iсiн жүргiзу тiлi туралы, сот талдауының жариялылығы туралы, азаматтық талап арызды қамтамасыз ету шаралары туралы, iсi келiп түскен адамның сот мәжiлiсiне қатысуы туралы, сот мәжiлiсiне жәбiрленушiлердi, куәларды, сарапшыларды шақыру туралы және iстiң дұрыс және заңды шешiлуiне маңызы бар басқа да мәселелер туралы шешiмдер көрсетiлуi керек.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істерді ҚІЖК-нің 290, 290-1, 290-2, 290-3-баптарында бекітілген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы соттар қарайды. Басты сот талқылауы барысында сотталушының ақыл-есі кіресілі-шығасылы жағдайда қоғамға қауіпті әрекет жасағаны немесе оның психикасының бұзылғаны анықталса, онда ақыл-есі кіресілі-шығасылы адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану немесе қолданудан бас тарту туралы қаулы шығара отырып және басқа адамдарға қатысты шешім қабылдай отырып, істі мәні бойынша сол сот отырысында бір өндірісте қарауға жол беріледіІсті апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарау барысында қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған кезінде адамның есі кіресілі-шығасылы болғаны немесе ол адамның қылмыс жасағаннан кейін, бірақ бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін психикасы бұзылып ауырғаны анықталған болса және де мұның өзі жазаны тағайындауға немесе орындауға мүмкіндік бермесе, онда ҚІЖК-нің Z970206_ 54-тарауының қағидаларына сәйкес, іс бойынша шығарылған сот кесімдері бұзылуға және іс соттың жаңадан қарауына жатады.

Iстiң дұрыс шешiлуiне маңызы бар, адамның қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауiптi әрекеттердi жасағанын растайтын немесе терiске шығаратын дәлелдердi, сондай-ақ өзге де маңызды мән-жайларды мұқият тексеру керек екендiгiне соттардың назары аударылсын. Осы мақсатпен сот мәжілiсiне жәбiрленушілер мен куәгерлер шақырылуы керек, жазбаша дәлелдер жарияланып, қаралуы және заттай дәлелдер зерттелуi тиiс. Адамның есi кiресiлi-шығасылы екендiгi туралы мәселенi шешу, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, мәжбүрлеу шараларының түрiн белгiлеу сот құзырына жатады. Сондықтан, психиатр-сараптамашылардың қорытындысына iстегi барлық материалдармен жиынтықта мұқият баға берiлуi керек. Егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы оның қысқаша жазылғанына, негiзсiздiлiгiне немесе басқа да себептерге байланысты дәлелдi болмаса, немесе онда сол санаттағы iстер бойынша анықталуға жататын мәселелердiң барлығы көрсетілмесе, соттар қосымша немесе қайта сараптамалар жүргiзудi тағайындауы керек.

ажет болған жағдайда сараптаманы қайта жүргiзу тәуелсiз сараптамаға тапсырылуы мүмкiн (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасының орталығы негiзiнде ұйымдастырылған сот-психиатриялық сараптама, т.б.).

Сотiстi сотта талқылаудың қорытындылары бойынша мына қаулылардың бiрiн шығаруға тиiс: ҚIЖК-нiң 37-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша, егер iс бойынша өндiрiстi болдырмайтын мән-жайлар анықталса, iстi қысқарту туралы; адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдану туралы; адамды қылмыстық жазадан босату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдану туралы; iстi қысқарту және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы; iстi қосымша тергеу жүргiзу үшiн қайтару туралы. Соттар ҚК-тiң 90-бабында көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiреуiн ғана және тек ҚК-тiң 83-бабының 1 және 2 бөлiгiнде көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда қолдануға құқылы екенiне олардың назары аударылсын. Соттар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын таңдаған кезде, ҚК-тiң 89-бабында көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мақсатын басшылыққа алуы, жасалған әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгiн психикалық дерттiң деңгейi мен ауырлығын және осыған байланысты ол адамның өзге адамдарға және өзiне қауiптi болуын және қауiптiлiк деңгейiн немесе психикасының бұзылуына байланысты өзге де маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгiн, сондай-ақ ол адамның емдеудi қажет ететiнiн ескеруi тиiс. Психикасы бұзылған адамның өзi үшiн және өзге де адамдар үшiн қауiптілiгiнiң деңгейi және оның басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрiн белгiлеу үшiн бiрiншi кезектi негiз болып табылады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту, мерзiмiн ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижесiнде шығарылған қаулыға ҚIЖК-нiң 518-бабында көрсетiлген адамдар наразылық келтiре алады..ҚIЖК-нiң 454-бабының 3-бөлiгiне сәйкес адамға айыптау үкiмiмен және қылмыстық жаза тағайындаумен қатар қолданылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мерзiмiн ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелердi сотталушының жазаны өтеп жатқан мекеменiң ұсынысы бойынша немесе сотталушының өзiнiң өтiнiшi бойынша сотталушының жазаны өтеу орны бойынша аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шешетiнi соттарға түсiндiрiлсiн. ҚК-тiң 73-бабында көзделген негіздер бойынша адамды жазадан босатып, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды, сотталғанды жазадан босату туралы қаулыны шығарған аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады. Егер мәжбүрлеп емдеу сот үкiмiнiң ҚК-тiң 88-бап 1-бөлiгiнiң "в" және "г" тармақтарында көзделген негiздер бойынша тағайындалса, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзiмiн ұзарту туралы ұсыныстарды жаза өтелiп жатқан жердегi аудандық немесе оған теңестiрiлген сот қарайды.
Лекция № 11.Тұлғалардың жекелеген санаттарына қатысты қылмыстық істер бойынша өндіріс ерекшеліктері.
1. Тұлға санаттары түсінігі және тұлға санаттарына қол сұқпаушылық.

2. Тұлғалардың жекелеген санаттары сот талқылауының ерекшеліктері.
Қылмыстық процессуалдық иммунитет-қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген кейбір іс жүргізуге қатысушылардың міндеттерін орындаудан босату негіздерін,тәртібін,шарттарын анықтайтын қосымша кепілдік.

Бүгінгі таңда иммунитетті топтастырудың бірнеше түрі бар.Мысалы заң ғылыми кандидаты В.И.Руднев өзінің кандидаттық диссертациясында иммунитетті былай топтастырады:

1)азаматтың мамандығына байланысты иммуниттер судьяның,президенттің,депутаттың иммунитеттері);

2)жеке иммунитет (қылмыстық жауапқа тартылған адамның жақын туыстары пайдаланатын иммунитет).Мысалы,егерде азаматтың мәліметі өзін,жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қылмыстық ізге түсуге әкеп соқтыратын болса,ол куә ретінде айқақ беруден бас тартуға құқылы (ҚР ҚІЖК 82-б.3-бөл.);



3)аралас иммунитет (мысалы,діни қызметші,қорғаушы пайдаланатын иммунитет,себебі олар өздеріне жүктелген міндеттерін орындау барысында,тиісті мәліметтерді білуі мүмкін,бірақ заң оларды жариялауға тыйым салады).

Республика Парламентiнiң депутатына қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғауы мүмкiн. Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етiледi. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Бас прокуроры арқылы тергеушiге берiледi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламенттiң тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламенттiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс депутатқа айып тағу, қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық iзге түсу органынан мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берсе, бұдан кейiнгi тергеу осы Кодексте белгiленген тәртiппен осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм берсе, депутатқа осы бұлтартпау шараларын, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм бермеген жағдайда қылмыстық iс қысқартылуға жатады. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм бермеген жағдайда, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен өзге бұлтартпау, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қылмыстық істі тергеудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты осы Кодекске сәйкес прокурор санкция беруге тиіс тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге санкцияларды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры береді. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау мерзімін осы Кодекстің 153-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған ұзартуды Астана қаласының аудандық соты жүргізеді. Қамауда ұстауды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қолдауы туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алқасында алдын ала қаралады. Iс жүргiзiлу аяқталған iстi айыптау қорытындысымен бiрге тергеушi осы Кодексте белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бередi.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiнеқатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғай алады. Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарландырылады. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры арқылы тергеушiге берiледi. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiнiң жүргiзiлуi мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшесi өз өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде қылмыс үстiнде қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiнсiз қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне айып тағу, қамауға алуға санкция беру, оны қылмыстық iзге түсу органына мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алған соң iс бойынша әрi қарай iс жүргiзу осы Кодекстiң 496-бабының төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет