Қылмыстық жазаны атқаратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің түрлері Жоспары



бет1/3
Дата21.10.2022
өлшемі22.57 Kb.
#463215
  1   2   3
5 СОЖ


Қылмыстық жазаны атқаратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің түрлері
Жоспары:
1. Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің түрлері
2. Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің міндеттері
3. Жазаны атқаратын органдар мен мекемелердің мемлекеттің басқа да органдарымен өзара байланыстары
Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің түрлері.Қылмыстық жазаны атқарушы органдар мен мекемелер жазаның ауырлығына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Жазаны атқарушы органдар мен мекемелер мынадай түрлерге бөлінеді: сот органдары, қылмыстық-атқару инспекциялары, түзеу орталықтары және түзеу мекемелері. Түзеу мекемелері түзеу колонияларына, тәрбиелеу колонияларына, түрмеге, емдеу-түзеу мекемелеріне бөлінеді.
Айып төлеу және мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны сот орындаушылары немесе мүліктің орналасқан жеріндегі, сондай-ақ сотталған адамның тұрғылықты жерімен негізгі жұмыс орны бойынша сот орындаушылары атқарады. Бұл жазаларды сот өзі үкім шығарып, өзі орындайды деп айтуға болады. Тек үкімнің орындалу мәселесіне келгенде сот орындаушылары пайдаланылады.
Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары, түзеу орталықтары, түзеу мекемелері және тәртіптік әскери бөлімдер жүзеге асырады. Бұл жаза сотталушыларға негізгі және қосымша жаза түрінде тағайындала алады. Егер белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы негізгі жаза ретінде тағайындалса, онда жазаның орындалуын сотталған адамның негізгі жұмыс орнының әкімшілігі, сондай-ақ осы лауазыммен, қызметпен айналысуға берілген рұқсатты қайтып алуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықты органдар атқарады.
Егер белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бас бостандығынан айыру жазасына қосымша жаза ретінде тағайындалса, онда жазаның орындалуын түзеу мекемесінің әкімшіліктері жүзеге асырады. Яғни сол лауазымды немесе қызметті жаза өтеп жүрген адамның иеленуіне, айналысуына рұқсат берілмейді.
Құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру жазасы үкім шығарған сот арқылы атқарылады. Сот үкімінің талаптарын атақты, сыныптық шенді, дипломатиялық дәрежені және біліктілік сыныпты берген орган немесе лауазымды тұлға атқарады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталған адамның негізгі тұрғылықты мекені бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы атқарады.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны да сотталған адамның негізгі тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы атқарады.
Әскери қызмет бойынша жазаларды Қазақстан Республикасының әскери бөлімдерінің арнайы жазаны атқарушы бөлімдері немесе мекемелері жүзеге асырады. Мысалы, әскери қызметте сотталған адамды тәртіптік әскери белімде ұстау жазасын осы жаза үшін арнайы құрылған әскери бөлімдер (тәртіптік батальондар) атқарады. Қамау жазасын сотталған әскери қызметшілерге арналған гауптвахталар, гарнизондар немесе гарнизондардың бөлімшелеріндегі жекелеген гауптвахталар іске асырады. Әскери қызмет бойынша шектеу жазасын сотталған әскери қызметші, қызмет өтеп жүрген әскери бөлімдерінде, мекемелерінде, әскери құрамаларының командованиелерінде өтейді.
Шартты түрде сотталған адамдарға бақылау жасауды қылмыстық-атқару инспекциялары іске асырады.
Егер әскери қызметші шартты түрде сотталса, оны бақылауды сол әскери қызметкер қызмет өтеп жүрген әскери бөлімнің командованиесі жүргізеді.
Бас бостандығын шектеу жазасы сотталушының тұрғылықты облысы бойынша арнайы дайындалған орындарда қоғамнан алас-татылмай түзеу орталықтары арқылы атқарылады. Бұл жазаның орындалуы түзеу орталықтарының күнделікті бақылау жүргізуі арқылы іске асырылады. Қосымша түрде бұл жазаның орындалуын бақылаушы субъект – ол сотталған адамға жұмыс берген мекеме болып табылады.
Қамау жазасына сотталған адамдар сотталған жері және негізгі тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне жататын қамау үйлерінде өтейді.
Бас бостандығынан айыру жазасы адамды қоғамнан аластау және міндетті дене еңбегіне тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл жазада сотталған адамның тұрғылықты облысы немесе сотталған жері бойынша атқарылады. Егер сотталған адамның жаза өтейтін колониясы сол облыс аумағында болмаса, сонда ғана ол адам басқа облыс аумағындағы түзеу колонияларына жіберіледі.
Тергеу изоляторлары түзеу мекемелерінің қатарына жатпайды. Себебі, ондағы тергеуде жүрген адамдар сотталған адамдар болып есептелмейді, сондықтан оларда адамды түзеу жұмыстары жүргізілмейді. Тергеу изоляторлары түзеу мекемесі ролін изолятордың шаруашылық жұмыстарын орындауы үшін ғана қалдырылған сотталған адамдарға қатысты атқарады.
Түзеу колониялары бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшін, тек кәмелетке, яғни 18 жасқа толғандарға ғана арналған. Түзеу колониялары қоныстану колонияларына, жалпы, қатаң, ерекше режимдердегі колонияларға бөлінеді. Тәрбиелеу колониялары түзеу колониялары қатарына жатпайды. Онда кәмелетке толмағандарға түзеу емес, тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар жаза өтейді. Тәрбиелеу колониялары екі түрге, жалпы және күшейтілген режимдерге бөлінеді.
Жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған ер балалар және кәмелетке толмаған қыз балалар жаза өтейді.
Күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген, кәмелетке толмаған ер балалар, сондай-ақ режим тәртібін бұзғандығы үшін жалпы режимнен ауыстырылғандар жаза өтейді.
Қоныстану колонияларында жаза өтеушілер міндетті дене еңбегіне тартылады, бірақ жұмысқа барып-қайтуы кезінде айдауылсыз жүреді. Жататын орындарында сыртынан қамалмайды. Түнгі және күндізгі уақыттарда колония аумағында еркін жүріп-тұра алады, бірақ колония аумағынан тысқары шыққанда (жұмыстан бос уақыттарда) арнайы рұқсат бойынша жіберіледі.
маңызы ауыр емес, орташа ауыр және ауыр қылмыстарды қасақана жасағандығы үшің бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ абайсыздықта жасаған қылмысы үшін жеті жылдан жоғары мерзімге сотталған адамдар жаза өтейді.
Қатаң режимдегі түзеу колонияларында аса ауыр қылмыстарды бірінші рет жасағандығы үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген, қылмыстардың рецидивіндегі сотталғандар және қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегі әйелдер өтейді.
Ерекше режимдегі колонияларда қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегі сотталған адамдар, сонымен қатар өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар және өлім жазасы кешірім жасау арқылы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылғандар өтейді.
Түзеу мекемелерінің бір түрі түрме болып табылады. Түрмелер жалпы және қатаң режимдерге бөлінеді.
Аса ауыр қылмыстарды жасағандығы үшін бес жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар, қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегі сотталғандар тағайындалған жазаның бес жылға дейінгі уақытын түрмеде өтеуі мүмкін. Сонымен бірге, жалпы, қатаң және ерекше режимдердегі түзеу колонияларында жаза өтеудің белгіленген тәртібін бұзғандығы үшін, яғни бір жылдың ішінде екі рет камералық үлгідегі тұрғын жайларға, жалғыз адамдық камераларға жабылып, қайтадан режим тәртібін бұзғандығы үшін үш жылға дейінгі мерзімге түрмеге ауыстырылғандар жаза өтейді.
Түрме жаза өтеудің ең ауыр түрі болып табылады, сондықтан түрмеде сотталған адамдар жазаны түгел емес, оның белгілі бір бөліктерін ғана өтейді. Қылмысы бойынша жалпы режимдегі колонияда жаза өтеуге жататын, бес жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, өз келісімімен түрменің шаруашылық жұмыстарын атқару үшін қалдырылады.
Жалпы режимдегі түрмеде жаза өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылған сотталғандар, қатаң режимдегі түрмеге ауыстырылады.
Қылмыстық жазаны өтеу мәселесі сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша шешілуі керек дедік. Бірақ, бұл мәселе қылмыскердің қауіптілігіне немесе қылмыстың түріне қарай өзгеруі мүмкін. Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер, өлім жазасы кешірім жасаудың арқасында өмір бойына немесе 25 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылғандар, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, қылмыстардың аса қауіпті рецидивінде сотталғандар, сотталған уақытқа дейін тұрған жері мен облысына қарамай, өздері үшін арнайы құрылған колонияларға жіберіліп, сонда жаза өтейді.
Сотталған адамның жаза өтейтін режимін, түзеу мекемесінің түрін, сот үкім шығарған кезде атайды. Үкім шыққаннан кейін, тергеу изоляторы он күннің ішінде сотталған адамды жаза өтейтін колониясына жіберуді ұйымдастыруы тиіс. Түзеу мекемесі екімшілігі сотталған адамның түзеу мекемесіне келгендігін, мекен-жайын және қандай заттарды посылка, бандероль ретінде жіберуге болатындығын оның отбасына хабарлайды.
Қазақстан Республикасы аймағындағы әрбір түзеу мекемесінің жеке маңызы, ерекшелігі бар. Сотталған адамдар өздері тектес қылмыс жасаған, тұлғасы, қоғамға деген көзқарасы ұқсас адамдармен бірге жаза өтеуі тиіс. Бұлай топтастыру, сотталғандарды түзеу мәселесін дұрыс ұйымдастыру үшін белгіленген. Түзеу мекемелерінің ішінде ерлер колониясы мен әйелдер колониясы бөлек болады. Сол сияқты, ересектер мен жасөспірімдер, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер мен бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталғандар бөлек ұсталады. Аса ауыр қылмыс жасағандығы үшін сотталғандар, қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегілер, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар және өлім жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылғандар да жазаны бір-бірінен бөлек өтейді.
Сот немесе құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері жеке өздеріне арналған түзеу мекемелерінде ұсталады. Мұндай түзеу мекемесі бұрын да болған, бірақ заң түрінде осындай топтастырудың бар екендігі тікелей көрсетілмеді.
Барлық түзеу мекемелері, осындай жеке топтағы сотталған адамдардың жаза өтеу мәселесімен айналысатындықтан, олардың әрқайсысы жеке заңды тұлға болып табылады.
Сотталған адамдар тағайындалған жазаны бір колонияда өтеп шығуы керек. Сотталғандарды бір колониядан тап сондай басқа түзеу колониясына ауыстыруға, тек ерекше жағдайлар туындаған кезде немесе белгілі бір сотталған адамды жаза өтеп жүрген колониясында ұстау, қауіпті жағдайларға соқтыруы мүмкін болғанда ғана рұқсат етіледі. Ерекше жағдайлар ретінде, сотталған адамның мамандығының басқа жерде қажет болуы, ауыруы, оның жеке басына басқа адамдар тарапынан қауіп туындауы алынады. Заң, сотталғандарды бір түзеу мекемесінен басқа түзеу мекемесіне ауыстыру жағдайын, сотталған адамның түзеле бастауына немесе оның қоғамға қауіптілігі жоғарылауына байланысты келтіреді.
Бас бостандығынан айыру жазасын бұрын өтеген адамдарды бөлек ұстау үшін жеке түзеу колониялары ұйымдастырылған.
Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар ретінде, жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, бұрын жазаны түзеу колонияларында, түрмеде немесе тәрбиелеу колонияларында өтеген адамдар танылады.Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар қайтадан қылмыс жасаған жағдайда, оның сотталғандық атағының алынып тасталғандығы немесе уақытының өтуі ескерілмейді. Яғни, бұрын сотталғандығы ҚК 77-бабының 1-бөлімімен ескеріліп, жеке колонияда ұсталуға жатады.
Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтемегендер болып, мына топтағылар есептеледі:
- бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталғандар;
- тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазасын бас бостандығын айыру жазасының орнына өтегендер;
- іс жоғарғы кассациялық сатыда қаралғанға дейін, бас бостандығынан айыру орындарында жаза өтеп, кейін істің қысқартылуына байланысты босатылғандар немесе басқа мән-жайлардың ашылуына байланысты жазасы жеңілдетіліп ауыстырылғандар;
- бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанмен, сотталушының тергеу кезінде қамауда болған уақыттарымен жаза мерзімінің өтіп кетуіне байланысты босатылғандар. Бұлардың бас бостандығынан айыру жазасын өтемеген болып саналу себебі, ол сотталушы адамның түзеу мекемесінде жаза өтемегендігі болып табылады.
Өлім жазасы ату жолымен, үкім орындалғанға дейінгі ұсталған түрмеде орындалады.
Қылмыстық жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің басты міндеті: сот үкімін толық орындап, қылмыстық жазаның мақсатына жетуді дұрыс, әрі тиімді ұйымдастыра білу болып табылады. Сотталған адамдарды түзеу мәселесін қылмыстық жазамен айналысушы органдар мен мекемелер дұрыс ұйымдастырса, онда жазаның басқа да мақсаттарының іске асырылуы жеңілдейді деп түсінуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет