204
беріңдер. Алла ақылға салып ойланарсыңдар деп (сендер үшін маңызы зор) осынау
аяттар
мен нұсқауларды, міне, осылайша ашып баяндауда»
500
деген мағынадағы аят
түскен.
500
«Нұр» сүресі, 61.
Бұл туралы айтылған көп хадистер бар. Ендеше, олардың бір тобын айтып өтсек.
Әбу Һурайраның риуаят еткені бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла Таза және
тазаны ғана қабыл алады», – деген.
Алла Тағала: «Уа, пайғамбарлар, таза нәрселерден
жеңдер және жақсы істерді
жасаңдар»
501
дейді және елшілерін бұйырған іске жалпы мүминдерді де бұйырып, «Уа,
иман келтіргендер! Біз сендерге берген ризықтың адал-тазаларынан жеңдер. Егер
Аллаға ғана сиынсаңдар, оған шүкір қылыңдар»
502
деп айтады.
501
«Муминун» сүресі, 51.
502
«Бақара» сүресі, 172.
Ұзақ жол жүріп, тұла бойы шаң болған кісіні елестетіп көріңдерші. Сол жағдайда
алақан жайып: «Уа, Жаратқан Ием! Уа, Жаратқан Ием!» – деп дұға қылып жатыр екен.
Оның ішкені арам, жегені арам, кигені арам болса,
тек араммен азықтанса, соның
дұғасы қабыл бола ма?»
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адал ризық іздеу – әр мұсылманның парызы», – деген.
Тағы бір хадисте «Адал ризық іздеу – парыз ғибадаттардан кейінгі парыз», – деп
айтылады.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Адал жеген, сүннетке лайық іс жасаған және ешкімге
жамандығы тимеген кісі пейішке кіреді», – дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың
Елшісі, ондайлар қазір үмбеттің арасында көп», – деді. Пайғамбарымыз: «Менен кейінгі
дәуірлерде де болады», – деп айтты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Төрт нәрсе сенде бар болса, бұл дүниеде
бір нәрсеге
жетпеуің саған еш зиянын тигізбейді. Олар: аманатты сақтау, шыншылдық, жақсы
мінез және адал тамақ», – деген.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Тапқаны адал, жүрегі таза, сыртқы көрінісі байсалды,
басқаларға жамандығы тимеген кісі қандай бақытты! Іліміне амал қылған, мал-мүлкінің
мұқтаждығынан артығын таратып берген және керексіз
сөз сөйлемегендер қандай
бақытты!» – деп айтады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Сағд! Жегенің адал болса дұғаң қабыл болады.
Мұхаммедті құдіреті астында ұстаған Аллаға ант ішіп айтайын, қарнына арам тамақ
түскен пенденің ғибадаты қырық күн қабыл болмайды. Еті араммен азықтанған пендеге
тозақ оты тағы лайықтырақ», – деген.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Аманатты сақтамағанның діні жоқ. Оның намазы да, зекеті де
қабыл болмайды. Кім арамнан байлық тауып, сол жолмен бір көйлек кисе, сол көйлегі
иығынан түспейінше намазы қабыл болмайды. Үстінде арамнан табылған көйлегі бар
кісінің намазын және басқа істерін Алла қабыл етпейді», – деп айтқан.
Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз: «Кім он дирхамға бір киім сатып алып, сонысының
бір-ақ дирхамы арам болса, сол киім үстінде тұрғанда Алла оның намазын қабыл
етпейді», – деп айтқан», – деді. Содан соң екі саусағымен құлақтарын жауып тұрып:
«Бұл сөздерді Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естімеген
болсам екі құлағым керең
болсын», – деді.
Тағы бір хадисте «Ұрланған нәрсені біліп тұрып сатып алған оның күнәсіне ортақ
болады», – деп айтылады.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Жаным қолында болған Алланың атына ант ішіп айтайын,
сендерден біреулерің аузына арам тамақ салудың орнына, қолына арқан алып тауға
шығып, отын теріп жан баққаны жақсырақ», – деп айтқан.
205
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім арамнан мал-мүлік тауып, содан соң оны садақа қылып
таратса, ешқандай сауап таба алмайды және оның обалы сол кісінің мойнында», –
деген.
Тағы бір хадисте: «Кім арамнан мал-мүлік тауып, онымен құлды азаттыққа шығарса
не жақындарына жақсылық жасаса, обалы мойнында болады», – деп айтылады.
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Алла сендерге ризық бөлістіргендей құлық-мінездеріңді
де бөлістірген. Алла дүниені сүйгеніне де, сүймегеніне де береді. Бірақ дінді сүйгеніне
ғана нәсіп қылады. Алла дінді кімге берген болса, демек, оны сүйеді».
«Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, пенденің жүрегі таза, сөзі тура
болмайынша мұсылман бола алмайды. Көршісі оның зиянынан қауіпсіз болмайынша
мүмин бола алмайды».
Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, зиян деп нені айтып жатырсыз?» – деп сұрағанда,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөзін былай деп жалғастырды: «Зияны дегенім – оның
қиянатшылығы және зорлық-зомбылығы.
Арам жолдан тауып, садақа бергеннің
садақасы қабыл болмайды. Ондай байлықпен жасалған жақсы істер де қабыл
болмайды. Пенде мынадай мал-мүлікті артында қалдырып дүниеден өтсе, жазасы
тозақ болады. Алла жамандықты жамандықпен емес, жамандықты жақсылықпен
жібереді. Лас нәрсе ластықты жібере алмайды».
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) адамдардың тозаққа
кіруіне ең көп себеп болған
нәрселер не екені сұралды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тіл және ұятты жері», – деп
жауап берді. Адамдардың пейішке кіруіне ең көп себеп болған нәрселер туралы
сұралды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алладан қорқу және жақсы мінез», – деді.
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Пенде қиямет күні мына төрт нәрседен жауапқа
тартылмайынша құтылмайды:
1) Өмірін қайда өткізгені;
2) Жастығын қалай өткізгені;
3) Мал-мүлкін қайдан тауып, қайда жұмсағаны;
4) Іліміне қандай амал жасағаны».
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дүние ұнамды және тәтті. Кім ол жерде адалдан ақша
тауып, орнымен жұмсаса, Алла оған сауап беріп, пейішіне кіргізеді. Кім ол жерде адал
емес жолдармен ақша тауып, жаңылыс жерлерге жұмсаса, Алла оны азапқа тастайды.
Алланың және Елшісінің байлығына көз артқандарға қиямет күні тозақ азабы бар», –
деген.
Бұлар туралы Алла Тағала: «Алла кімді тура жолға салса, міне, сол ғана нағыз тура
жолда. Ал кімді (өзі тілеп алғаны һәм соған лайық болғаны үшін) адастыратын болса,
онда олар үшін Алладан басқа (тура жолға салатын һәм қолдайтын) жанашыр дос та,
қорған да таба алмайсың. Біз қиямет күні ол кәпірлерді көрсоқыр, мылқау әрі саңырау
күйінде етпетінен түсіріп, сүйреткен күйі махшар алаңына жинаймыз. Олардың ақыр
соңында пана тұтар тұрағы – жаһаннам. Оның оты бәсеңдеген сайын, қайтадан
маздатып, алаулатқан үстіне алаулата түсеміз»
503
деген.
503
«Исра» сүресі, 97.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Арамнан азықталған қан мен ет пейішке кіре алмайды. Олар
тозаққа лайық», – деп айтқан.
Тағы бір хадисте «Арамнан пайда болған еттің әрбір үзімі тозаққа лайық. Араммен
бағылған дене пейішке кіре алмайды», – деп айтылады.