238
Риуаяттарға қарағанда, ақырғы аяттағы «намаз» түнде оқылған намаз. Бұл намаздың
ауырлығына шыдау нәпсіге қарсы күрес болып саналады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шайтан ұйықтап жатқан әрбірлеріңнің желкесіне «Ұйықтай
бер, түнің ұзын болсын» деп үш түйін түйеді. Адам ойланып, Алланың атын зікір қылса,
түйіндердің бірі шешіледі. Егер орнынан тұрып, дәрет алса, тағы бір түйін шешіледі.
Намаз оқыса, тағы бір түйін шешіліп, пенде сергек және көңілді таң атырады. Әйтпесе
көңілсіз, жалқауланған жағдайда таң атырады»
579
.
579
Бұхари, 1142; Мүслим, 776.
Біреудің таң атқанша ұйықтағанын айтқанда Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол кісінің құлағына
шайтан зәрін төгіп кетіпті», – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Түнде оқылған екі рәкат намаз пенде үшін бұл
дүниеден және ондағы барлық нәрседен де пайдалы. Үмбетіме ауыр келмесе екі рәкат
түнгі намазды оларға парыз қылар едім»
580
.
580
Итхафус сада, 5/175.
«Түннің бір уақыты бар. Сол уақытта Алладан жақсы не тілесе мұсылманға Алла сол
тілегін береді».
Муғира ибн Шуғба (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір түні екі аяғы іскенше намаз
оқыды. Одан «Алла сенің өткен және келешекте болу мүмкін болған күнәларыңның
бәрін кешірмеді бе?» – деп сұралғанда, ол: «Шүкір қылған пенде болмайын ба?» – деп
жауап берген.
Демек, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл іс-әрекеті одан да ұлы дәрежелерге
ұмтылғанын білдіреді. Өйткені шүкіршілік өніп-өсуге себеп болады. Алла Тағала:
«Раббыларыңның «Егер шүкіршілік етсеңдер, нығметімді арттырамын. Ал
егер
жақсылықтың қадірін білмесеңдер, онда азабым расында да тым қатты» деп жар
салғанын естеріңе алыңдар»
581
деп жариялады.
581
«Ибраһим» сүресі, 7.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Әбу Һурайра, егер дүниеден өтерде және қабірден
қайта тірілгенде Алланың рақым қылуын қаласаң, түнде Алла разылығы үшін тұрып
намаз оқы. О, Әбу Һурайра, үйіңнің ішінде намаз оқысаң, үйің көктегі жұлдыздардай
нұрланады және дүние елі үшін де жұлдыздай болады», – деп айтады.
Тағы бір хадисте: «Түнде намаз оқыңдар! Өйткені ол –
сендерден бұрынғы тақуа
пенделердің әдеті. Түнде ғибадат жасау Аллаға жақындатады, күнәлардың кешірілуіне
себеп болады, денені аурулардан сақтайды және күнәлардан қорғайды»
582
деп айтқан.
582
Тирмизи, 3549.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Түнгі намазды оқымақшы болғанда ұйқы басқан кісіге
намаздың сауабы жазылады және ұйқысы садақаның орнына өтеді», – деп айтады.
Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Зәррдан: «Сапарға шығарда дайындық жасайсың ба?» – деп
сұрайды. Әбу Зәрр: «Әлбетте», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз: «Қиямет күннің
сапары қандай болады? Маған құлақ салшы, сол күні саған пайдасы тиетін нәрсені
айтайын ба?» – дейді. Әбу Зәрр: «Уа, Алланың Елшісі, ата-анам сенен садақа кетсін,
айтшы!» – деді. Алланың Елшісі: «Қайтадан тірілу күні үшін аптапты күндерде ораза
ұста. Қабірдегі жалғыздық үшін түн қараңғылығында екі рәкат намаз оқы. Қияметтің
үлкен белгілері үшін бір мәрте қажылық жаса және мұқтаж кісіге садақа бер. Сөйлесең
орынды сөйле не жаман сөзден тіліңді тый», – деп айтты.
Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уақытында бір кісі бар еді. Ол ел
ұйықтағанда
орнынан тұрып намаз, Құран оқып: «Уа, тозақтың Иесі, мені тозақтан
сақта», – деп дұға қылды. Бір күні ол туралы Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтқанда: «Ол
дұға қылып жатқанда, маған хабар беріңдер», – деді. Кейін ол дұға қылып жатқанда,
жанына барып, сөздерін естіді де, таңертең оған: «Уа, пәленше, Алладан пейішті
239
тілемейсің бе?» – деп айтты. Ол кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі,
мен ол дәрежеге жеткен емеспін. Жасаған істерім оған жетпейді», – деп жауап берді.
Міне, сол сәтте Жәбірейіл (а.с.) келіп: «Пәленшеге
айтып қой, Алла оны тозақтан
құтқарып, пейішке кіргізді», – деп айтты.
Риуаятқа қарағанда Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Ибн Омар жақсы кісі!
Түнгі намазды оқыса қандай жақсы болмақ!» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл
туралы ибн Омарға айтты. Ибн Омар сол күннен бастап түнгі намаздарды қалдырмай
оқи бастады.
Нафи: «Ибн Омар түнде намаз оқып, «Нафи, таң атты ма?» – деп сұрады. «Жоқ»
десем, қайта намазға тұрды. Кейін тағы сұрағанда «Иә» десем, жер жарық болғанға
шейін отырып, күнәларының кешірілуін Алладан сұрады» деп еске алады.
Әзірет Али былайша баяндайды: «Бір күні түнде Яхья (а.с.) арпа нанға қарнын
тойдырып ұйықтап, зікір қыла алмай таң атып кетеді. Сонда Алла Тағала оған: «Уа,
Яхья! Мен берген мекеннен де жақсы мекен, маған жақын болудан да пайдалы орта
тауып алдың ба? Уа, Яхья! Ұлылығыма ант етейін, егер бір-ақ мәрте пейішті көрсең,
оған жету үшін жаныңды беріп, майың еріп арықтап, жанталасып күшің сарқылатын еді!
Егер тозақты бір-ақ мәрте көрсең, майың еріп арықтап, көзіңнен жас емес қан ағып,
шапанның орнына тері киер едің» деген уахи жібереді.
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Пәленше кісі түнде намаз оқып, күндіз ұрлық қылады», –
дегенде, Пайғамбарымыз «Оның ғибадаты жасаған жамандықтарына жақында
тосқауыл болады», – деп жауап берді.
Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Түнде
намаз оқығалы тұрып, жұбайын
тұрғызып, ол да намаз оқыған не тұрғысы келмеген әйелінің жүзіне су сеуіп тұрғызған
кісіге Алланың рақымы болсын. Түнде намаз оқығалы тұрып, күйеуін тұрғызып, ол да
намаз оқыған не күйеуі тұрғысы келмесе жүзіне су сеуіп тұрғызған әйелге Алланың
рақымы болсын!» – деп айтқан.
Тағы бір хадисте: «Егер бір кісі түнде тұрып, әйелін де оятып, екеуі бірге екі рәкат
намаз оқыса, Алла екеуін де Алланы көп зікір қылушылардың қатарына қосады», – деп
айтылады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Парыздардан кейін ең сауапты намаз түнде тұрып оқылған
намаз», – деген.
Әзірет Омардан риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім әдет қылған
түнгі намазын оқымай ұйықтап қалып, таң мен бесін
намазының ортасында оқыса,
түнде намаз оқығандай сауапқа ие болады», – деп айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: