247
Бұның себебі төмендегіше:
Тақуа кісі жеген тамағы, алған зекеті және садақасымен тақуалығын жалғастырады.
Сол жолмен сен де оның ғибадатының сауабына серік боласың.
Ибн Мүбәрак зекетінің ілімді кісілерге берілуін қалады. Одан бұның себебін
сұрағанда: «Мен пайғамбардан кейінгі дәрежеде
ғалымдар тұратынын білем, бірақ
ғалымдардың дәрежесінен жоғары дәрежені білмеймін. Егер олардың кейбірлерінің
жүрегі
тіршілікпен әлек болса, ілімін жетілдіруге уақыт таба алмайды, мұғалімдік
қызметін де толық орындай алмайды. Олар уақыттарын ілімге ғана бөлуі үшін жағдай
жасау – ұлы іс», – деді.
Кесел-кесапатқа ұшырағандар, әсіресе, туған-туыс және жақын таныстар егер зекет
алатындай
мұқтаж болса, зекет берушілердің тізімінің басында тұрады. Өйткені
ағайын-туған, дос-жаранға берілген зекет әрі садақа,
әрі туыстық байланыс болып
саналады. Жоғарыда баяндағанымыздай, туыстық қарым-қатынаста көп сауаптар бар.
Сондай-ақ істерге елкөрсіндік араласса, бұның өзі бақытсыздық болып саналады.
Міне, сол себептен зекетті жасырын беру керек. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жасырын
берілген садақа (зекет) Алланың қаһарын басады»
604
деп айтқан.
604
Әл-муғжам ас-сағир, 2/96; Сахихул Жамиғ, 3759.
Алланың Аршының көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмаған қиямет күні Алла сол
көлеңкеге алатын кісілер туралы баяндаған хадисте «оң қолының бергенін сол қолы
сезбейтіндей жасырын садақа берген кісі», – деп айтылған.
Егер садақаны (зекетті) жария беру басқаларға үлгі болу сияқты ниетте болса, онда
жасырмай беру де кемшілік болып саналмайды. Бұл жерде
сөз елкөрсіндік аурудан
сақтануы жөнінде болып жатыр.
Берілген садақаны міндетсіну де жақсы емес. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Уа, иман
келтіргендер! Мал-пұлын ел-жұрт көрсін деген ниетпен жұмсайтын, Аллаға һәм ақирет
күніне сенбейтін адамға ұқсап, берген садақаларыңды міндетсіну немесе (садақа алған
жандарды) ренжітетін сөздермен әрекеттерге бару арқылы зая қылмаңдар»
605
деген.
605
«Бақара» сүресі, 264.
Міндетсіну – жасалған жақсылықты жоққа шығарған үлкен апат. Жақсы іс жасаған
пенде ол жақсылығын жасыруы және ұмытуы керек. Біреулердің оған жасаған
жақсылығын ұмытпай айтып жүруге тиіс. Сондықтан хадисте: «Адамдарға
рақмет
айтпаған Аллаға шүкіршілік етпейді», – деп айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: