Имам ғазали жүректің сырлары


Құран кәрім, ілім және ғалымдардың ұлылығы



Pdf көрінісі
бет168/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Құран кәрім, ілім және ғалымдардың ұлылығы 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл жайлы айтылған бірнеше хадисі бар: 
«Кім Құран Кәрімді оқып, содан соң басқа біреудің одан да бағалы нәрсеге жеткенін 
ойласа, Алланың ұлылығын қадірлемеген болып саналады»
597

597
 
Итхафус сада, 4/463. 
«Үмбетімнің ең ұлы ғибадаты – Құран оқу». 
«Сендердің ең жақсыларың Құран үйреніп, білгенін басқаларға үйреткендерің». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Темірді дат басқандай, жүректі де дат басады», – деді. 
Сахабалар: «Дат баспау үшін не істеу керек?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Құран 
Кәрім оқу және өлімді көп еске алу керек», – деді. Сондай-ақ былай деген: «Кім «Наср» 
сүресінің ақырғы аяттарын таңертең оқыса және сол күні ажалы жетіп өлсе, оның 
маңдайына шейіттіктің мөрі басылады. Дәл сол аяттарды түнде оқып, таң атқанға 
шейін өлсе, онда да маңдайына шейіттіктің мөрі басылады». 
Ілім және ғалымдардың ұлы орны туралы да хадистер көп: «Алла кімге жақсылық 
қаласа, оған терең дін ілімін беріп, қырағылықты илхам қылады». 
«Ғалымдар – пайғамбарлардың мирасқорлары». 
Шынында, пайғамбарлықтан ұлы дәреже жоқ екендігі мәлім. Бұл мәртебеге мирасқор 
болғаннан артық нәрсе жоқ. 
«Адамдардың ең құрметтісі – иманды ғалым. Ел сұраса, елге пайдасын тигізеді
сұрамаса, өзін мықты алып жүреді». 
«Пайғамбарлық дәрежеге ең жақын адамдар ғалымдар мен мұжаһидтер. Өйткені 
ғалымдар пайғамбарлар алып келген ақиқатты елге үйретеді. Мұжаһидтер болса 
пайғамбарлар алып келген ақиқат үшін күреседі». 
«Бір рудың қырылып қалғаны бір ғалымның өлгенінен жеңіл болады»
598

598
 
Итхафус сада, 1/73. 
«Қиямет күні ғалымдардың қолданған сиясы мұжаһидтердің қанымен таразыда тең 
тұрады»
599

599
 
Итхафус сада, 1/41. 
«Ақырғы тұрағы пейішке жеткенге шейін ғалым ілімге тоймайды». 
«Үмбетім екі нәрседен құрдымға ұшырайды: ілімнен алыстау және мал-мүлік жинау». 
«Не ғалым бол, не шәкірт бол, не тыңдаушы, не ілімді сүюшілерден бол. Бесіншісі 
болма. (Яғни ілімді жақсы көрмегендерден болма). Әйтпесең құрдымға ұшырайсың». 
«Ілімнің апаты – менменсіну». 


246 
Бір данышпан былай дейді: «Кім басшы болу үшін ілім алса игілікке жету 
мүмкіншілігін және елге болған әсерін жоғалтады». 
Алла Тағала: «Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан 
сырт айналдырамын (яғни, оларды аяттарымды, ақиқатты лайықты түрде түсіне 
алмайтындай етемін)»
600
 
деген. 
600
 
«Ағраф» сүресі, 146. 
Имам Шафиғи: «Кім Құран Кәрімді үйренсе, қадірі көтеріледі. Кім фиқыһ үйренсе, 
абыройы өседі және кім хадис үйренсе, сендіру қабілеті күшейеді. Кім математика 
үйренсе, зейіні артады. Кім аз білінген ақиқаттарды білсе, мінезі жұмсарады. Кім 
намысты болмаса, ілімі оған пайда бермейді», – деп айтқан. 
Хасан ибн Али айтады: «Кім ғалымдармен бірге көп жүрсе, шешендігі артады. 
Зейініндегі кемістік жоғалады. Жан дүниесінің байығаны көңілін көтереді. Білгендеріне 
сенімі артады және үйренгендерін айтуға батылданады». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Надандықтан өткен кедейлік болмайды», – деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет