Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет184/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Айт мейрамы 
Шәууал айының бірінші күні – Ораза айт, зулхижжа айының оныншы күні Құрбан айт 
болады. Бұл күндердің айт (қайту) деп аталуының себебі мынадай: 


269 
1. Мүминдер Рамазан айында Аллаға бас июді білдірген рамазан оразасын 
ұстағаннан кейін Пайғамбарымызға (с.а.с.) еріп алты күндік шәууал айының оразасын 
ұстайды. Құрбан айтында болса Алла үшін қажылық парызын өтеп, Пайғамбарымызды 
(с.а.с.) зиярат қылуға дайындалады. Сөйтіп қуаныштар қайталанады. 
2. Бұл айт мейрамдары әр жылы қайталанады. 
3. Мейрамда Алланың жақсылықтары мол болады. 
4. Мейрам күні қуаныш келеді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айт намазын бірінші мәрте һижраттың екінші жылы оқып, оны 
рамазан айт намазы деп жариялаған. 
Әбу Һурайраның (р.а.) риуаяты бойынша, «Мейрамдарыңды тәкбирмен 
әсемдеңдер»
637
 
деп айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім айт күні жүз мәрте 
«Субханаллаһи уә бихамдиһи» десе және оны марқұм мұсылмандарға бағыштаса, 
әрбір қабірге нұр кіреді. Ол пенде дүниеден қайтқанда, Алла оның қабіріне мың нұр 
кіргізеді», – деп айтқан. 
637
 
Әл-муғжам ас-сағир, 1/215. 
Уаһб ибн Мунаббиһ баяндайды: «Ібіліс әрбір айт күні жәрдемшілерін шақырады. 
Жәрдемшілері одан: «Ұлы басшымыз, неге мұнша ашуланып жатырсың?» – деп 
сұрайды. Ібіліс оларға: «Алла мүминдерді кешірді. Енді сендер олардың нәпсілерін 
қоздыру үшін қатты жұмыс істеулерің керек», – деп жауап береді. 
Уәһб ибн Мунаббиһ өзі былай дейді: «Алла пейішті Ораза айт күні жаратты. Құтты 
Туба ағашын сол күні тікті. Жәбірейілді сол күні уахи жеткізуші елші қылып 
тағайындады. Перғауын сиқыршыларының тәубесі сол күні қабыл болды». 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім айт түнін ғибадатпен өткізсе, жүректер өлген күні оның 
жүрегі өлмейді»
638
 
деген. 
638
 
Ибн Мажа, 17/82. 
Әзірет Омар (р.а.) айт күні кіші баласын көрді. Оның үстінде ескі көйлек бар еді. 
Әзірет Омар жылай бастады. Бала оның неге жылап жатқанын сұрады. Әзірет Омар: 
«Балалар сенің бұл ескі көйлегіңді киіп жүргеніңді көрсе, еңсең түседі ғой деп 
ойлағанымнан жыладым», – дейді. 
Баласы оған: «Алланың разылығынан ажыраған не ата-анасына қарсы шыққан кісі 
қайғыруы керек. Сіз менен разы болсаңыз, Алла да разы болады деп үміт етем», – деп 
жауап берді. Бұл жауапты естіген әзірет Омар қайтадан жылап, ұлын бауырына қысып, 
дұға қылды. 
Бізге жеткен баяндардың арасында төменгідей мағлұмат та бар: 
«Айт күні таңның алдында Алла періштелерді жібереді. Олар жерге түсіп, барлық 
көшелердің басына тұрып алып, адамдар мен жындардан басқа барлық жандылар 
еститін 
үнмен: 
«Уа, 
Мұхаммедтің 
үмбеті, 
орындарыңнан 
тұрыңдар! 
Мұқтаждықтарыңды аянбай берген Раззақ Алланың алдында тұрыңдар. Бұл күн үлкен 
жақсылықтар болады, көп күнәлар кешіріледі!» – деп жар салады. 
Мүминдер намаз оқығалы мешіттерге жиналғанда Алла Тағала періштелерден: 
«Жұмысшы жұмысын бітіргенде не қылу керек?» – деп сұрайды. Періштелер: «Қызмет 
ақылары төленуі керек?» – деп жауап береді. 
Сонда Алла Тағала: «Сендер куә болыңдар, Мен оларға сауап (сыйлық) ретінде өз 
разылығымды және кешірімімді тарту еттім», – дейді. 


270 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет