Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет187/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Жарлыларға қайырымдылық 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қонақты жұмсамаңдар, көңілін қалдырасыңдар. Кім 
қонағын ренжітсе, Алланы наразы қылады. Кім Алланы наразы қылса, Алла оны жек 
көреді»
640
деген. 
640
 
Итхафус сағада, 5/238. 
Тағы бір хадисте «Қонақ күтпеген кісіде жақсылық болмайды»
641
 
деп айтылады. 
641
 
Ахмад, 4/157; Сахихул жамиғ 7492. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір кісінің үйіне бас сұға қалды. Ол бай тұрды. Сан мыңдаған 
түйелері, аттары бар еді. Бірақ қонаққа сый көрсету жоралғысын жасамады. 
Пайғамбарымыз оның үйінен шығып, басқа жарлырақ біреудікіне кірді. Ол 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) мұсылмандық адамгершілігін көрсетті. Сонда Алланың 
Елшісі: «Бұл екі кісіге қараңдар. Әдеп-сый Алланың қолында. Жақсы мінезді нәсіп 
қылғанына береді», – деді. 
Әбу Рафи (р.а.) баяндайды: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйіне қонақ келген еді. 
Бірақ Алла Елшісінің (с.а.с.) үйінде қонаққа беретін еш нәрсесі жоқ еді. Ол маған: 


272 
«Пәленше яһудиге барып «Пайғамбарымызға қонақ келді. Ережеп айына шейін 
қарызға біраз ұн бере тұрсын деп айт», – деді. Барып айттым. Яһуди: «Кепілдікке бір 
нәрсе қалдырмаса бермеймін!» – деп айтты. Қайта келіп Алла Елшісіне жағдайды 
түсіндірдім. Пайғамбарымыз: «Мен көкте де, жер бетінде де сенімді кісімін. Егер 
қарызға берсе, уақытында төлеймін. Міне, бұл сауыт киімімді алып барып кепілдікке 
таста!» – деді. 
Алланың досы Ибраһим (а.с.) тамақтанудан бұрын бір-екі шақырым жерді қыдырып, 
бірге тамақтануға серік не қонақ іздеуші еді. 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Иман деген не?» – деп сұрағанда «Біреуге тамақ беру 
және бәріне сәлем беру», – деді. 
Тағы бір мәрте Пайғамбарымыз «Күнәлардың кешірілуіне және дәрежелердің 
көтерілуіне себеп болатын істер қайсы?» деген сұраққа: «Біреуге тамақ беру және ел 
ұйқыда жатқанда ғибадат жасау», – деп жауап берді. «Қажылық сәтінде ең жақсы 
қабыл алынған іс қайсы?» деген сұраққа, «Біреуге тамақ беру және жақсы сөз айту», – 
деді. 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Қонақ кірмеген үйге періштелер де кірмейді», – деп айтқан. 
Жарлыларға және қонақтарға сый көрсету туралы өте көп мағлұматтар бар. 
Қонақ шақырған кісі әуелі тақуа және жақсы кісілерді шақырып, қолдан келгенше 
күнәһарларды шақырмауы керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін қонаққа шақырған кісіге: 
«Тамақ-астарыңды жақсы кісілер жесін!» – деп дұға қылған. 
Тағы бір хадисте «Тақуалардың ғана дастарханынан тамақ же! Сенің 
дастарханыңнан да тақуалар ғана тамақ жесін»
642
деп айтылады. 
642
 
Итхафу сада, 4/138. 
Тағы бір көңілге түйетін нәрсе, сыйға жалаң бай-билерді емес, негізінен жарлыларды 
шақыру керек. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дастарханның ең жаманы – 
байлар шақырылып, кедейлер шақырылмаған тойдың дастарханы»
643
 
деп айтады. 
643
 
Бұхари, 5177. 
Елді тамаққа шақырғанда туыстарын ұмытпау керек. Өйткені мынадай уақыттарда 
ағайын-туғанды әдейілеп не немқұрайдылық жасап шақырмай қою қатынасты 
суытады. 
Достарды, таныс-білістерді және туған-туыстарды сыйға шақырғанда дастарханға 
жақсы көңіл бөлу керек. Кейбіреуіне өзгеше мәміле жасалса, басқа біреудің көңілі 
қалуы мүмкін. 
Елді қонаққа шақырғанда байлығына мақтанбай, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
әдеттерін жасау, мүмин бауырлардың ортасындағы ынтымақты арттыру және олардың 
көңілін көтеруді көздеу керек. 
Шақырса келмеген және келсе де елді жақсы көрмеген кісілерді шақырмай қойған 
жақсы. 
Шақырылған жерге бару – сүннет. Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер біреу сирақ пісіріп 
шақырса да бармақпын. Сирақтың бір бөлігі берілсе де алмақпын», – деп айтқан. 
Данышпандар айтқан: «Жылы жүзбен, тартымды сөзбен және қарсы алып-шығарып 
саларда шын пейілмен қонақ күту өте керекті». 


273 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет