49
Кейін екеуі кіргенде әзірет Әбу Бәкір (р.а.) «сол тесіктен бір зиянды нәрсе шығып,
Алла Елшісін шағып алмасын» деп тобығымен бітеп отырды. Айтқандай, бір кезде ол
жақтан бір нәрсе шығып келіп әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) табанын шағып алды. Бірақ ол
Пайғамбарымызды (с.а.с.) оятпас үшін дымын да шығарған жоқ.
Бар болғаны жаны
қатты ашып кеткендіктен көзінен сүзіліп шыққан бір тамшы жас Алла Елшісінің (с.а.с.)
бетіне тамып кетті. Сол кезде ол оянып, «Әбу Бәкір, саған не болды?» – деп сұрады.
«Ата-анам сенен садаға кетсін, Пайғамбарым! Табанымды жылан ба, шаян ба, әйтеуір
бір нәрсе шағып алды», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағылған жерге
сілекейін сүртіп еді, сол заматта ол жер айығып, ауырмай қалды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеден бейсенбі күні шығып, үңгірде үш күн түнеген соң
дүйсенбі күні Мәдинаға қарай жүріп кетті. Бұл оқиға Рабиғул-әууал айының бастарында
болған еді. Сол айдың екінші жұма күні екі жолаушы Мәдинаға жетеді...
Деректерге қарағанда, Зәкәрия атты тақуа кісі қатты ауырып, өлім алдында жатқан
еді. Кенет жанына бір досы келіп, «Лә илаһа иллаллаһ, Мухаммадур расулуллаһ» деп
кәлима айттыруға әрекет жасайды. Бірақ ауру кісі қабағын түйіп, кәлиманы айтпай
қояды. Досы екінші мәрте қайталайды. Ол бұл жолы да айтудан бас тартады. Үшінші
мәрте мүлдем айтпаймын деп қарсы шығып, содан соң есінен танып, досының тізесіне
жығылады.
Бірталай солай жатқан соң, көзін ашып досынан: «Маған бір нәрсе деп
айттың ба?» – деп сұрайды. Ол: «Саған үш мәрте кәлиманы айттырайын десем, екі
мәрте қабағыңды түйіп, үшінші мәртесінде «айтпаймын», – деп жауап бердің», – дейді.
Сонда тақуа адам өз басынан өткен жағдайын былай баяндап береді:
«Маған шайтан келді. Қолына бір кесе су ұстап алыпты.
Оң жағыма келіп кесені
шайқай ұстап тұрып: «Су ішесің бе?» – деп сұрады. «Иә», – дедім. Ол: «Иса – Алланың
ұлы», – деп айтсаң, берем», – деді. Сөйткенде жыным келіп, жүзімді бұрып әкеттім.
Содан соң сол жағыман келіп, тағы сол сөзін қайталады. Бұл жолы да бас тарттым.
Үшінші мәрте де сөйтіп келгенде: «Жоқ, айтпаймын!» – дедім. Міне, сонда ғана ол су
төгілген кесесін лақтырып жіберіп, көзден ғайып болды. Сөйтіп,
мен сенің емес,
шайтанның сөзінен бас тартып жатқанмын. Енді кәлиманы айтсам болады», – деді де,
«Әшһәду ән лә илаһа иллаллаһу уә әшһәду әннә мухаммадән абдуһу уә расулуһ» деп
кәлиманы айтты.
Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) айтқан: «Тақуа пенделердің бірі шайтан
адам баласының қайсы жерінде болатынын көрсетуін тілеп Аллаға жалбарады. Содан
соң түсінде тұп-тұнық әйнек секілді іші-сырты көрінген бір кісінің денесін көреді. Шайтан
дененің басы, иығы мен құлақтың ортасындағы кеңістікте және сол иығында бақа
бейнесінде отырғанын көреді.
Оның ұзын, жіңішке тұмсығы бар екен. Адам Алла
Тағаланың атын атағанда бақа бейнесіндегі шайтан
көрінбей қалып жатқанын
байқайды».
Уа, Жаратқан Алла! Қарғыс атқыр шайтаннан және басқа дұшпандардан сақта.
Пайғамбарлардың ақырғысы болған Мұхаммедтің (с.а.с.) құрметіне саған зікір және
шүкір қылуымызға жәрдем бере көр...
Достарыңызбен бөлісу: