53
– Уа, Жаратқан Ием! Қандай себептен кейін мені
өзгеше пенде қатарына қабыл
алдың? – деп сұрады. Алла Тағала оған:
– Жаратқан нәрселеріме қайырымды болғаның үшін, – деп жауап берді.
Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарда (р.а.) балалардың артынан жүріп, олар ұстаған
құстарды сатып алып ұшырып жіберді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Мүминдер бір-бірін жақсы көріп, бір-біріне
мейірімділік жасауда, бір-біріне көмектескенде бір дене сияқты. (Кісінің) бір жері
ауырса ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің дертіне
серіктес болады емес пе».
119
119
Дайлами, Муснадул Фирдаус.
Хикая
Қайсыбір қатты ашаршылық жүрген қатал жылы Исраилұлдарынан бір тақуа кісі
жолда бара жатып құм төмпешігін көреді де, ішінен: «Сол
төбелер ұн болып,
Исраилұлдарының қарны тойса ғой» деп ойланады. Сонда Алла Тағала
Исраилұлдарының сол сәттегі пайғамбарына:
– Пәленшеге «Сол құм төбелері ұн болып, елдің қарнын
тойдырғаныңдай сансыз
сауап таптың», – деп айтып қой, – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) да өз уақытында: «
Мүминнің ниетіжасаған ісінен жақсырақ»,
– деп айтқан.
120
120
Табарани, Муғжамул кәбир, 6/185; Хайсами, Муғжамуз Зауаид, 1/61.
Достарыңызбен бөлісу: