81
«Көздеріңе ие бол. Егер оларды бос қойсаң сені күнәға батырады.
Егер оларды
басқара алсаң, басқа мүшелеріңді де басқара аласың».
Платоннан «Естіген нәрсе жүрекке зияндырақ па не көрген нәрсе ме?» – деп
сұрағанда, ол: «Көру мен есту жүрек үшін құстың екі қанаты сияқты. Екі қанатсыз құс
ұша да, қона да алмайды. Бір қанаты сынық құс аспанға ұшам десе қиналады және
шаршайды», – деп жауап берген.
Бір кісі алдында бара жатқан құлға қарап алып күліп жатқанда, бір тақуа кісі оған:
«Ей! Көкірегі соқыр, көзінен у шашқан пенде! Сен жасаған істеріңді жазған және іс-
әрекеттеріңді бақылап тұрған періштелерден ұялмайсың ба?
Олар саған бәлеге
ұшыраған және батпаққа батқан байғұстай қарайды. Сен болса ешкімнен ұялмаған
немқұрайды кісілердің жағдайына түсіп қалыпсың», – дейді.
Әзірет Али (р.а.): «Көздер – шайтанның тұзақтары. Ол денедегі мүшелердің ішінен
ең тез әсерленуші және ауыр соққы жеуші. Аллаға ғибадат жасау жолында дене
мүшелерін басқара алған кісі мақсатына жетеді. Ал енді дене мүшелерін нәпсінің
қызметіне беріп қойған пенде барлық істерін жойып жоқ қылады», – деп айтқан.
Абдулла ибн Мүбәрак (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Иманның өзегі –
Пайғамбарымыз (с.а.с.) алып келіп үйреткендердің ақиқат екенін қабылдау.
Өйткені
Құранның шындығына сенген кісі оның бұйрықтарын орындаумен мәңгілік тозақы
болудан құтылады. Харамнан сақтанып, адалдан азықтанған пенде тәубе жасап,
тақуалыққа беріледі. Парыз ғибадаттарын орындаған
кісінің мұсылмандығы
күшейтіледі. Шын сөйлеген кісі қиыншылықтардан құтылады. Әділетсіздіктен
алыстаған пенде өшігуден алыс болады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттерін
орындаған адамның істері маңызды. Алланың ғана разылығын көздеген кісінің жасаған
істері қабыл болады».
Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарда (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа,
Алланың Елшісі, маған насихат айтшы», – деп өтінеді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «
Әбу
Дарда, тапқаның адал, істерің дұрыс болсын. Алладан уақытша ризық тіле және
өзіңді өлік деп сана. Жасаған істеріңмен мақтанба. Бұл нәрсе – жасаған істерді жоққа
шығаратын үлкен қорқыныш. Өйткені өз ісін жақсы көріп, сонымен мақтанған кісі
жасаған істері қабылболды ма, болмады ма деп ойланбай, Аллаға қолқа сала
бастайды. Пұшаймандық және өкініш алып келген қаншама күнәлар менменсінумен
мақтаныш тудырған ғибадаттан жақсырақ. Және ел көрсіндіктен сақтан. Себебі
Алла Тағала: «
Расында, дүниенің бар байлығы мен ондағы шексіз мүмкіндіктер
Достарыңызбен бөлісу: