Имам ғазали жүректің сырлары


деп сенеді» 447   деген.  447   «Ағраф» сүресі, 99.  Тәубе



Pdf көрінісі
бет130/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   193
Жүректің сырлары T.a

деп сенеді»
447
 
деген. 
447
 
«Ағраф» сүресі, 99. 
Тәубе 
Тәубенің ұлылығы туралы бірнеше аят түскен. Алла Тағала: «Уа, мүміндер, 
(күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда 
ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер»
448

448
 
«Нұр» сүресі, 31. 
«
Олар Алламен қатар, басқаны да құдай тұтып жалбарынбайды. Алланың Өзі 
ардақтаған әрі (жөн-жосықсыз) өлтірілуін харам қылған тірі жанды нақақтан-
нақақ өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім осы айтылғандардың бірін істесе, 
ауыр жазаға ұшырайды. Қиямет күні оның азабы еселене түседі және ол сол 
азаптың құрсауында мәңгі-бақи қор болып қала береді. Ал кімде-кім өкініш 
білдіріп, тәубеге келсе әрі иман келтіріп, (өзін һәм қауымды түзетуге 
бағытталған) игі істер істесе, оның жөні бөлек. Алла ондай жандардың 
жамандықтарын жақсылыққа (күнәларын сауапқа) айналдырады. Алла өте 
кешірімді, (әсіресе, тәубе етіп, Өзіне біржола бет бұрған құлдарына) ерекше 
мейірімді. Кімде-кім істеген күнәларына өкініп, тәубе етсе әрі (өзін һәм қауымды 
түзетуге бағытталған) игі істер істесе, шүбәсіз, бұл оның Аллаға шынайы түрде 
һәм тәубесі қабыл болған күйде бет алғаны»
449
 
деген. 
449
 
«Фурқан» сүресі, 68-71. 
Бұған қатысты хадистер де өте көп. Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Алла Тағала күндіз күнәжасаған кісілер тәубе жасасын деп түнде кешірімін 
ұсынады. Сондай-ақ түнде күнә жасаған кісілер тәубе жасасын деп күндіз кешірімін 
ұсынады. Алла Тағаланың бұл кешірімі күн батыстан шыққанға (яғни, қияметке) 
шейін жалғасады»
450
 
деп айтқан. 
450
 
Мүслим, Тәубе, 31. 


174 
Тирмизидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Батыс жақта қырық не 
жетпіс жылдық қашықтық кеңдігінде бір есік бар. Алла Тағала аспан-жерді 
жаратқанда оны тәубеге ашқан. Күн ол жақтан шыққанға шейін ол есік 
жабылмайды», – деген. 
Алла Тағала былай деген: «Раббыңның қиямет-қайымға қатысты кейбір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет