183
Бір күні сахабалар Пайғамбарымызға бір кісінің жақсы қасиеттері туралы мақтау сөз
айтып қалды. Кенет жақын арадан мақталған кісі де көрініп қалды. Сахабалар оны көре
сала: «Уа, Алланың Елшісі, міне, осы пенде туралы айтып жатқанбыз», – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.)
болса оған қарап тұрып, «Мен оның жүзінен шайтанға тән
қараңғылықты көріп тұрмын», – деді.
Кенет жаңағы кісі жақындап келіп, отырғандарға сәлем айтты. Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) жанына келгенде: «Алла үшін сенен сұрап жатырмын.
Нәпсің саған сол
айналадағы ең ұлы пенде сен екеніңді айтып жатыр, дұрыс па?» – деп сұрап еді, ол:
«Иә», – деп жауап берді.
Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның жүрегінде қатты жамандықты пайғамбарлық
нұрымен көрген екен.
Сахабалардан Харис ибн Жузуф Зубайди (р.а.) айтады: «Құран оқығандардың күлкілі
жағдайы мені таңғалдырады. Олардың кейбірін
жарық жерде тосып алсаң, ол саған
ілімін міндет қылғандай ашулана қарайды. Алла
мұсылмандардың арасында
мынадайлардың санын көбейтпесін».
Риуаятқа қарағанда Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді: «Бір күні Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) жанында біреумен таласа кетіп, ашуыма шыдамай: «Ей, қара қатынның ұлы!»
– деп жібердім. Алла Елшісі (с.а.с.) маған қарап: «
Уа, Әбу Зәрр! Кесені тасыттың,
кесені тасыттың! Ақтың баласы мен қараның баласының ортасында ешқандай
өзгешелік жоқ», – деді.
Мен жаңағы кісінің алдына жата қалып: «Кел, жүзімді тепкіле», – деп, айтқан сөзім
үшін жаза алуымды сұрандым».
Әзірет Али: «Тозақы кісіні көргісі келгендер маңдайында басқалар тік тұрса да, өзі
отырып алған кісіге қарасын», – деген.
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Сахабалар үшін Пайғамбарымыздан (с.а.с.) да
сүйікті кісі жоқ еді. Бірақ оны көргенде орындарынан тұрмаушы еді. Өйткені Алла Елшісі
(с.а.с.) мұны жақсы көрмейтінін білетін еді».
Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейде сахабалармен бара жатқанда оларды алға өткізіп
жіберіп, ортада жүрді. Оның бұл іс-әрекеті кішіпейілдіктің үлгісі не пендедегі
тәкаппарлық сезімін жою еді. Міне,
сол себептен болса керек, бір мәрте намазға
тұратын кезде жаңа киімін шешіп, ескі киімін киген.
Достарыңызбен бөлісу: