Имам ғазали жүректің сырлары


Күйеуінің әйеліндегі ақысы



Pdf көрінісі
бет176/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Күйеуінің әйеліндегі ақысы 
Әйел күнә болмайтын барлық мәселеде күйеуінің еркіне мойынсұнуы керек. 
Әйелдің күйеуінің құқықтарын сыйлауы зәру екендігі туралы бірнеше хадис бізге 
жеткен. Алла Елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір әйел күйеуі одан разы болған жағдайда 
дүниеден өтсе, сол әйелдің пейішке кіретіні анық»
622
 
деп айтқан. 
622
 
Ибн Мажа, 1754. 
Тағы бір хадисте: «Әйел бес уақыт намаз оқып, рамазан оразасын ұстап, ар-намысын 
жат кісілерден сақтап, күйеуіне бас исе, пейішке кіреді», – деп айтылады. 


259 
Жоғарыда көріп тұрғанымыздай, Алла Елшісі (с.а.с.) Исламның шарттары болған 
намаз бен оразаның қатарына күйеуге мойынсұнуды да қосқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні әйелдер туралы баяндап жатып: «Әйелзаты – 
қиналып босанады, бала емізеді, ана ретінде балаларына мейірім төгеді. Егер 
күйеулеріне бас иместік қылмай намаз оқыса, пейішке тіке кіреді», – деген. 
Тағы бір хадисте: «Тозақ туралы білдім. Тозақтағы кісілердің көпшілігі әйелдер екенін 
көрдім», – деген. «Уа, Алланың Елшісі, неге олай?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Өйткені ауыздан жаңылып, көп қарғайды, күйеулерінің қадірін білмей 
надандық қылады», – деп жауап берді. 
Басқа бір хадисте: «Пейішке барып, пейіштегілерде әйел аз екенін көрдім. «Әйелдер 
қайда?» – десем, «Олар алтын-күміс және басқа әшекейлермен әлек болып пейіштен 
құр қалды» деген жауап болды», – деп айтылады. 
Әзірет Айша баяндайды: «Алланың Елшісінің жанына жас және күш-қуатты бір әйел 
келіп: «Уа, Алланың Елшісі, мен жас, күшті әйелмін. Күйеуге тиейін деймін, бірақ 
қорқып тұрмын. Күйеуінің әйелінде қандай ақылары бар?» – деді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Егер күйеуің қан-іріңге батып жатқан болса да оған бас имесең, шашынан 
тырнағына шейін тазаласаң да оның ақысын өтей алмайсың», – деді. 
Әйел: «Уа, Алланың Елшісі, күйеуге тие берейін бе?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Бала-шаға жақсы нәрсе», – деді. 
Тағы бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Мен бойдақпын. Бала-шаға құрайын 
деп едім, күйеуінің әйелде қандай ақылары бар?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: 
«Әйел түйенің үстінде сапарға дайындалып тұрғанда, күйеуі қаласа, келісуі де күйеуінің 
әйелдегі ақысы болып саналады», – деп жауап берді. 
Күйеуінен рұқсатсыз үйінен бір нәрсе бермеу, күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл (қосымша) 
ораза ұстамау да күйеуінің әйеліндегі ақыларынан. Егер күйеуіне білдірмей оның 
мүлкінен біреуге бір нәрсе берсе әйелге күнәсі, күйеуіне болса берілген садақаның 
сауабы жазылады. Күйеуінен рұқсатсыз нәпіл ораза ұстаса қабыл болмайды. Оған 
аштық пен шөлдеу ғана қалады. 
Әйел күйеуінен рұқсатсыз үйінен шықса, үйіне қайтып келгенше және тәубе 
жасағанға шейін періштелер оған қарғыс айтады. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер мен бір пендені басқа бір пендеге сәжде жасауға 
бұйырғанымда, күйеуінің әйелінде ақысы көп болғандықтан, күйеуіне сәжде жасасын 
деп бұйырар едім», – деген. 
Тағы бір хадисте: «Әйелдің Жаратқан Иесіне ең жақын уақыты – үйде болған уақыты. 
Әйелдің үйдегі намазы мешіттегі намазынан жақсырақ. Үйінің бір бұрышында оқыған 
намазы үйінің ортасында оқыған намазынан сауаптырақ. Үйдің бос бөлмесінде оқыған 
намазы басқа жерінде оқыған намаздарынан жақсырақ», – деп айтылады. 
Суық көзден қорғану үшін солай жасағаны дұрыс. 
Күйеуінің әйелде ақылары көп. Ең негізгілері төмендегілер: 
1) Әйелдің оранып жүруі, бала-шаға сырларын сақтауы, арлылығы. 
2) Күйеуінен шектен тыс нәрселерді талап етпеуі, күйеуінің арам табысына себеп 
болмауы. 
Көне заманда еркек сауда-саттық үшін сапарға шығарда, әйелі: «Байым, арамнан 
ақша табудан сақтан! Біз аштыққа да, басқа мұқтаждыққа да шыдаймыз. Бірақ қиямет 
күні тозақ отына шыдай алмаймыз!» – деді. Қыздары да әкелеріне сол сөздерді айтты. 
Шамдық Исмаил, Ахмад ибн Абдулхауариге қызы Рабияны алсаң деп ұсынады. Бірақ 
Ахмад көп уақыттарда ғибадатпен әлек болғандықтан бұл ұсынысқа келіспей: «Мен өз 
алдымша өмір сүрген, өзімен өзі әлек болған кісімін. Әйелдермен ісім жоқ», – дейді. 
Рабиа: «Мен сізден де көбірек өзімен өзі әлек болған кісімін. Мен дене құмарына да 


260 
қызықпаймын. Бірақ бұрынғы күйеуімнен біраз мал-мүлік қалған еді. Сіз мұқтаж 
кісілерді жақсы танисыз. Менде қалған бұл байлықты оларға жұмсасаңыз деймін. Сол 
ниетпен сізге тұрмысқа шығуды ойлап жатырмын. Сонда Аллаға жақынырақ болар 
едім», – деп жауап береді. 
Абдулхауари үйлену мәселесі туралы Әбу Сүлеймен Дараниден кеңес сұрайды. 
Дарани Абдулхауариді үйленуден тыйып, «Біздің кісілердің қайсысы болмасын 
үйленген соң бәрі өзгерді, бұзылды. Үйленсең, сен де бұзыласың», – деді. Бірақ 
Рабианың жоғарыдағы ұсынысы туралы айтқанда, «Ол (Рабиа) Алланың әулие пендесі 
екен, оған үйлене бер», – деді. Сөйтіп Ахмад ибн Абдулхауари оған үйленді. 
Ақырындап бүтіндей байлықты кедей-кембағалдарға және мұқтаж, тақуа кісілерге 
жұмсады. 
Осы шамдық Рабиа басралық Рабиаға (Рабиа Адауияға) ұқсас тақуа әйелзаттан еді. 
Күйеуінің мал-мүлкін ысырап қылмай жақсы қарау да әйелдің міндеті. Сондықтан 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күйеуінің рұқсатынсыз оның мал-мүлкін әркімге беру әйелге 
адал емес. Бірақ бұзылып кетуі мүмкін болған тамақ-асты бере алады. Егер күйеуінің 
рұқсатымен біреуге бір нәрсе жегізсе, ол да күйеуімен бірдей сауап табады. Егер 
күйеуінің рұқсатынсыз берсе, күнәсі оған, сауабы күйеуіне жазылады», – деген. 
Ата-ананың да күйеуге ұзатылатын қызының алдында бірнеше міндеттері бар. Олар 
қыздарына күйеуге тигеннен кейін күйеуімен ынтымақта жасау, оған жақсы мәміле 
жасау жолдарын үйретуге тиіс. Фазари қызы Асма атты қызын күйеуге ұзатып жатып 
оған төменгідей насихатын айтқан екен: 
«Қызым, осы күнге шейін өмір сүріп келген үйден басқа үйге бейтаныс, бұрын 
сөйлеспеген кісімен бірге өмір сүргелі бара жатырсың. Сен ол кісіге жақын бол, 
мейірімді жар бол, ол кісі саған аспан болып, сені өз қорғауына алсын. Сен оған төсеніш 
бол, ол саған таяныш болсын. Сен оған күң бол, ол саған сұлтан болсын. Оны еш 
ренжітпесең, ол да сені ренжітпейді. Одан алыстамасаң, ол да сені ұмытпайды. Егер 
саған жақындамақшы болса, сен де оған жақында. Егер сенен аулақтағысы келсе, сен 
де одан аулақ бол. Оның мұрнын, құлағын, көзін сыйла, жақсы қара. Сенен әрдайым 
жағымды иіс аңқып тұрсын. Аузы-мұрныңнан жағымсыз иістер келмесін. Сенің 
аузыңнан әрдайым жақсы сөздерді естісін, құлағына жаман сөздер кірмесін. Сені 
әрдайым жағымды жағдайда көрсін. Сенен көңілі суымасын, жиіркенбесін!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет