Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет177/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Алла жолында күресу 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Нағыз мүміндер – Аллаға және Расулына 
шын көңілден иман келтірген һәм содан кейін (иман мәселесінде) әсте күмәнға бой 
алдырмаған және мал-дүниелері әрі жан-тәндерімен Алла жолында күрескен жандар 
ғана. (Иманда және дін жолындағы қызметте) шынайы болған шыншылдар, міне, 
солар»
623

623
 
«Хужурат» сүресі, 15. 
Нуғман ибн Басир баяндайды: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберінің жанында едім. 
Біреу: «Мен мұсылман болғаннан кейін ең сауапты іс ретінде қажылыққа барғандарға 
су тарқатуды мойныма алам», – деді. Басқа біреу: «Мен мұсылман болғаннан кейін ең 
сауапты іс ретінде Харам мешітін күтіп, көркейту деп білемін», – деді. Үшінші кісі: 
«Жиһад – айтқандарыңның бәрінен сауапты», – деді. Міне, сол сәтте әзірет Омар 


261 
олардың таласына нүкте қойып: «Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберінің жанында айғай-шу 
қылмаңдар! Бүгін жұма. Жұмадан кейін барып таласқан мәселелеріңді Алла Елшісінен 
сұраңдар!» – деп айтты. Міне, сол күні Алла Тағала: «(Ей, мүшріктер!) Сонда сендер 
тек қажылыққа келгендерді сумен қамтамасыз ету әрі Харам мешітін күтіп, көркейту ісін 
Аллаға және ақирет күніне кәміл сенетін һәм Алла жолында жан-тәнімен күресетін 
жандардың ісімен тең көресіңдер ме?! Бұл екеуі Алланың алдында тең емес. Алла 
озбыр қауымды тура жолға салмайды, мақсат-мұратына да жеткізбейді»
624
 
деген аятты 
түсірді. 
624
 
«Тәубе» сүресі, 19. 
Абдулла ибн Сәлам баяндайды: «Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларынан бірнеше кісі 
бірге отырған едік. Өзімізше: «Алла және Оның Елшісінің алдында қандай іс сауапты 
екенін білсек, соны жасайтын едік», – дедік. 
Сонда Алла Тағала: «Аспан әлемі мен жердегі жаратылыс біткеннің бәрі Алланы 
мінсіз һәм кемшілік атаулыдан ада екендігін айтып, ұлықтайды! Ол – Азиз (бәрінен 
үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі көптеген хикметтерге негізделген теңдессіз 
даналық Иесі). Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! 
Істемейтін істі айту – Алланың алдында ең жеккөрінішті нәрсе. Алла Өзінің жолында 
бейне бір кірпіштері қорғасынмен қаланған берік құрылыс тәрізді қатар-қатар сап түзеп 
соғысатындарды жақсы көреді».
625
 
деген аятты түсірді. 
625
 
«Саф» сүресі, 1-4. 
Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған Алла жолында 
күресуге тең келетін істі айт», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен ондай істі таба 
алмаймын, – деді де, – сендерден кімде-кім Алла жолындағы күреске қатысса, бұл ісі 
оның үйінде жетпіс жыл оқыған намазынан жақсырақ», – деп жалғастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет