Имам ғазали жүректің сырлары


Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе



Pdf көрінісі
бет40/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе 
етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер»
109
 
деген 
аят жалпы мүминдерге тиесілі. 
109
 
«Нұр» сүресі, 31. 
Алла Тағала басқа аятта: «Уа, иман келтіргендер! Шынайы түрде тәубе етіп
Аллаға бет бұрыңдар. Міне, сонда Раббыларың күнә-қателіктеріңді өшірер һәм 


51 
бәріңді (жайқалған жасыл бауларының арасымен және зәулім сарайларының) 
түбінен өзендер ағатын жаннат бақшаларына кіргізер. Ол күні Алла пайғамбарды 
және жанындағы мүміндерді жерге қаратпайды. Олардың нұры алдарына әрі оң 
жақтарына шығып, алып-ұшып жолдарына жарық түсірумен болады. Сонда 
олар: «Уа, Раббымыз! Нұрымызды толықтырғайсың һәм бізді кешіргейсің. Сенің 
құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді», − деп жалбарынады»
110
 
дейді. 
110
 
«Тахрим» сүресі, 8. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) да: «Күнәларынан тәубе жасаған кісі – Алла Тағаланың 
сүйіктісі һәм тәубе келтірген кісі – еш күнәсі жоқ адамдай», – деген. (Ибн Мажа). 
Алла Елшісінің қызметшісі Әнәс ибн Мәлик әл-Ансари (р.а.) баяндайды: Алла Елшісі 
(с.а.с.): «Құлы тәубе жасағандағы Алланың қуанғаны – біреуіңнің иен далада 
шөлде жоғалтып алған түйесін кенеттен тапқан кездегі қуанышынан әлдеқайда 
күшті»
111

– деп айтқан. 
111
 
Бұхари, Дағаат, 4; Мүслим, тәубе, 1. 
Мейірімділік 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейішке мейірімділер ғана кіреді», – деп айтқанда, 
сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, біз бәріміз мейірімдіміз», – деді. Сонда Алла Елшісі: 
«
Өзіне ғана емес, басқаларға да мейірімділік танытқан кісі мейірімді»
112

– деді. 
112
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 13477; Жамиғус-Сағир, 9961. 
Пенденің өзіне-өзі мейірімділік танытуы – өзін Алла Тағаланың азабынан қорғауы, 
тыйым салған нәрселерінен аулақ болып, бұйрықтарын орындауы. Ол үшін күнәдан 
бас тартып, бұрынғы күнәлары үшін тәубе келтіріп, ғибадат жасаумен ғана Алла 
Тағаланың разылығын көздеу керек. 
Басқаларға мейірімді болу – Ислам діні белгілеген адам ақыларына көңіл бөліп, 
басқаларға зиян бермеу. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман – қолымен және тілімен басқаларға зиян 
келтірмеген кісі»
113

– деген. 
113
 
Бұхари, 10; Мүслим, 4 Нәсаи, 4996; Әбу Дәуіт, 2481. 
Сондай-ақ хайуандарға да рақым қылып, оларға көтере алмайтындай шектен тыс жүк 
жүктемеу. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бір кісі сапар тартып бара жатып 
бірқұдық тапты. Құдыққа түсіп су ішіп қайта шықса, сыртта бір итауызын ашып 
қаталап, тілін салаңдатып тұрыпты. «Бұл байғұс ит те мендей шөлдеген екен» 
деп қайтадан құдықтың түбіне түсіп, аяқкиіміне су толтырып, аузына тістеп алып 
құдықтан шығып, итке берді. Нәтижеде ол кісінің жасаған ісіне Алла разы болып, 
күнәларын кешірді». 
Мұны естіген сахабалар Алла Елшісіне (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, хайуанаттарға 
рақым қылғанымыз үшін де сауап табамыз ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Барлық тірі жандылар себепті сауап табасыңдар»
114

– деді. 
114
 
Бұхари, Мусақат, 9; Мазалим, 23; Адаб, 27; Мүслим, Сәлам, 153. 
Әнәс ибн Мәликтің риуаят еткені бойынша, Омар (р.а.) кешкісін қыдырып жүріп бір 
жерде тоқтаған керуенді кезіктірді. Керуеншілердің бәрі ұйықтап жатқанын көріп
олардың мал-мүлкін біреу ұрлап кете ме деп уайымдай бастады. Сонымен түн 
болғанына қарамай Абдулла ибн Ауфқа жетіп барды. Абдулла әзірет Омарды көріп: 
– Уа, мүминдердің басшысы, тыныштық па? Жеті түнде адасып келіп қалғаныңа жол 
болсын? – деп сұрады. Әзірет Омар (р.а.) оған: 


52 
– Ауылдың айналасын қарап жүріп тоқтап тұрған керуенді кезіктірдім. Сосын әлгі 
керуеншілердің бәрі бірдей ұйықтап қалса, қарақшылар, ұрылар қол салуы мүмкін деп 
ойлаймын. Жүр, екеуіміз барып күзетте тұрайық, – деді. 
Сөйтіп олар керуеннің жанына барып, таң атқанша күзетті. Таң атып жер ағарғанда 
Омар (р.а.): 
– Уа, жолаушылар, намазға тұрыңдар! – деп үн салды. Жолаушылар оянғанда әзірет 
Омар (р.а.) ауылға қарай кетті. 
Сахабалардың жолында жүру – біздің міндетіміз. Алла Тағала оларды: «Олар бір-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет