Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет60/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Зекет және сараңдық 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: 


76 
«
Алланың шексіз шарапатымен үйіп-төгіп берген (мал-дүние, ілім, күш-қуат 
сынды) нығметтерін игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары 
өздері үшін қайырлы болады деп ойламасын. Керісінше, бұл өздері үшін жаман 
болады. Қиямет күні сараңдық қылып, жинаған дүние-мүліктері өз мойындарына 
оралады»
209

209
 
«Әли Имран» сүресі, 180. 
«
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Мен де сендер сияқты адам баласымын, (менің 
сендерден бір ғана айырмашылығым) маған: «Құдайларың – жалғыз Құдай», – 
деген уахи келеді. Ендеше Оған тұп-тура бет алыңдар және Одан (күнәларың 
үшін) кешірім тілеңдер», – де. Аллаға өзгелерді серік етіп қосатын мүшріктер 
қараң қалсын! Олар дүниелерінен зекет бермейді, ақиретті де мүлдем жоққа 
шығарады»
210

210
 
«Фуссилат» сүресі, 6-7. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мал-мүлік иелері бермеген зекет үлесі қиямет күні 
жылан бейнесінде келіп мойындарына оралады»
211

– деп айтқан. 
211
 
Ибн Мажа, 1784. 
Басқа бір хадисте былай айтылады: «Уа, мұһажирлер, бес нәрсе бар. Олар 
бастарыңа келіп, сонымен сыналуларыңнан Құдай сақтасын: 
1) Бір елде зинақорлық жайылып, ашық жасала бастағанда, ол елде оған шейін 
кездеспеген проблемалар және аурулар жайылады. 
2) Таразыда кем тартқандар пайда болған елді жұт, ашаршылық қаптап, залым 
патша басқарады. 
3) Мал-мүлкінің зекетін бермегендер көбейген ел құрғақшылықпен жазаланады. Егер 
олардың мал-жаны болмағанда жаңбырдың жүзін көре алмақ емес. 
4) Аллаға және Оның Елшісіне берген сөзінен тайған елге сыртқы дұшпандар қол 
салып, кейбір байлықтары қолдарынан кетеді. 
5) Мемлекеттік қызметкерлер Алланың Кітабы бойынша үкім жүргізбеген елде ішкі 
проблемалар пайда болады»
212

212
 
Ибн Мажа, 4019. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Бүтіндей өмірін сараңдық қылып жүріп 
өткізгеннен кейін өлімге жақындағанда жомарт болып көрінгендерге Алла қаһарын 
төгеді»
213

213
 
Жамиғус Сағир, 1857. 
Сараңдық туралы тағы да төмендегідей хадистер бар: 
«
Сараңдық және теріс қиял – екі сипат бір мүминде болмайды»
214

214
 
Тирмизи, 1962. 
«
Алла сараңды пейішке кіргізбеуге ант берді»
215

215
 
Жамиғус Сағир, 6125. 
«
Сараңдықтан сақтаныңдар. Өйткені сараңдық халықты зекет беруден қашуға, 
туыстық қарым-қатынастарды бұзуға және бір-бірінің қанын төгуге шақырады»
216

216
 
Әбу Дәуіт, 1698. 
«
Алла Тағала бейшаралықты жаратқанда, оны сараңдық пен дүниеге орады». 
Хасан Басриден «Сараңдық деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Кісілер мал-мүлкінің 
зекет қылып берген жағын жоғалттым деп, қолында қалғанын байлық деп санауы», – 
деп жауап берген. 
Сараңдықтың басы – мал-мүлікті сүю, шектен тыс ашкөздік, кедейліктен қорқу және 
шектен тыс бала-шағаны бәрінен артық сүю. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Перзент пендені қорқақ және сараң қылады»
217

– деп 
айтқан. 
217
 
Ибн Мажа. 


77 
Кейбір кісілер мал-мүлкінің зекетін де бермейді, отбасына да жақсырақ өмір шартын 
жасамайды. Олар дүние жинағаннан ғана рахат алады. Шынында, бұл кісілер бір күні 
өлерін де біледі. 
Бишр (рахматуллаһи аләйһи): «Сараңмен бауыр болу ауыр, оған қарасаң, жүрегің 
қысылады», – деп айтқан. 
Имам Ағзам (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Мен сараңды әділеттілік қылады 
деп айта алмаймын. Өйткені сараң кісі «тышқанға кебек алдырмағанға» әрекет жасап 
жүріп, аяғында өз ақысынан да артығын алады. Мұндай пендеге сенуге болмайды». 
Бір күні Яхия (а.с.) Ібіліске жолығып: «Ей, Ібіліс, айтшы, дүниеде ең сүйген және ең 
жек көрген кісілерің кім?» – деп сұрайды. Ібіліс: «Ең сүйген кісім – сараң мүмин, ал ең 
жек көрген кісім – әдебі жоқ, бірақ жомарт кісі» – деп жауап береді. Яхия (а.с.) «Неге?» 
– деп сұрағанда, шайтан: «Өйткені сараңның сараңдығы мен үшін жеткілікті. Бірақ 
күнәһар, бұзақы, бірақ жомарт кісіні оның жомарттығы үшін Алла Тағала кешіріп 
жіберуінен қорқам», – деп айтты. Содан соң «Егер сен Яхия (а.с.) болмағанда, саған 
бұл сырды айтпас едім», – деп кетіп қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет