89
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Бұл дүние қарғысқа қалған. Алланың разылығынан
тысқары нәрселердің бәрі қарғысқа қалған»
245
.
245
Тирмизи, 2222; ибн Мажа, 4112.
Әбу Мұса әл-Ашғаридің берген мағлұматы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Бұл
дүниені жақсы көрген пенде ақыретіне зиян келтіреді. Ақыретін сүйген пенде бұл
дүниесіне зиян келтіреді»
246
деген.
246
Ахмад ибн Ханбал, Табарани.
Демек, мәңгілік өмірді өткінші дүниеден жоғары қою керек!
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Дүниені сүю – барлық күнәлардың басы», – деген.
Зәйд ибн Арқам (р.а.) былай дейді: «Бір күні әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.)
жанында
отырған едім. Ол су сұрады да, оған бал қосылған су алып келді.
Шәрбатты аузына жақындатып барып, қайта ішуден бас тартты да, жылай бастады.
Оның көз жасы жанындағыларды да жылатты. Бірақ жанындағылар тоқтағанымен, ол
тағы да жылай берді. Жанындағылар оның көз жасының себебін сұрай алмай, күтіп
қалды.
Бір уақыттан кейін ол жылағанын тоқтатып, көз жасын сүртті. Сонда жанындағылар:
«Уа, Алланың Елшісінің халифасы, неге жыладың?» – деп сұрады. Сонда ол былай
жауап қайтарды: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге отырған едім.
Бір кезде
оның бір нәрселерді қолымен қақпайлап ары қуып жатқанын байқадым. Жанында
ешкім жоқ болды. «Уа, Алланың Елшісі, нені қуалап жатырсың?» – деп сұрадым. Ол
маған: «Бұл дүние алдыма үйіліп келді. Оған: «Жоғал! Менен аулақ бол!» – дедім. Ол
маған: «Сен мені қуаладың, бірақ сенен кейін келгендер менен құтыла алмайды деді»,
– деп жауап берді
247
.
247
Ихияу улумиддин, III, 202-бет.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Мәңгілік өмірдің бар екеніне иман
келтіргеннен кейін, жалған дүниенің артынан жүгірген кісі қандай ақылсыз!»
Риуаяттарға қарағанда, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Келіңдер,
дүниені көріңдер», – деп тастандыдан шіріген матаның
жыртығын және қарайған
сүйектің сынығын алып: «Міне, дүние деген сол!» – деді. Ал бұл шіріген мата дүние
әшекейлері бір күні шіріп, сол мата сияқты болатынын көрсетіп тұрады. Бұл дүниеде
көріп тұрған жан-жануардың бәрі бір күні шіріген сүйекке айналады демекші болған
деді ол.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Дүние тартымды және көзге жағымды. Алла жер
Достарыңызбен бөлісу: