Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет73/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Бұл дүние өмірі туралы 
Бір ғалым былай дейді: «Уа, адамдар! Ойланып іс жасаңдар. Көкіректеріңде әрдайым 
Алладан қорқу сезімі болсын. Дүниені тіреп тұрғандай құрғақ қиялдарға беріліп, өлімді 
ұмытып қалмаңдар. Дүниеге еш сенбеңдер, өйткені ол өтірікші, көздеріңді бояп, 
бастарыңды айналдырады және ұнамды көрініп, өзіне тартады. Ол қияли келін сияқты 
көрінеді. Көзқарастар оған қадалып, жүректер оған тартылып, нәпсі оған ғашық 
болады. 
Ал қаншама ғашықтарының қанына кінәлі болып, оны сүйген қаншама пенделерді 
етбетінен құлатқан. Оған шындықтың көзімен қараңдар. Ол сансыз бәлелердің мекені 
және оны Жаратқан Өзі жек көрген. 
Оның жаңасы ескіреді, мүлкі қолдан кетеді, қадірлісінің бағасы түседі, көбі азаяды, 
сүйіспеншілігі өледі, жақсылығы жоқ болады. 
Ойланыңдар, Алла одан жақсысын берсін. Бір күні сендер жөнінде «Пәленше қайғыға 
батты» не «Қатты ауырып жатыр. Ауруының дауасы бар ма екен? Не оны дәрігерге 
көрсетейік пе?» деп айтылатын ұйқыларыңнан ояныңдар. Содан соң сен үшін дәрігер 
шақырылады, бірақ айығуыңнан үміт жоқ болады. Сонда «Пәленше өсиетін айтып, 
мал-мүлкін (мирасқа) есептейді. Содан соң тілден қалып, жақындарымен сөйлесе 
алмай, көршілерін тани алмай қалады», – деп айтылады. 
Шекеңнен мұздай тер шыпылдап, ыңырсып, жақындап қалған соңың туралы ойлана 
бастайсың. Көзің ілінбей бір нүктеге қадалып, ойлағандарың жақындап қалғанын 


101 
сезесің. Тілің былдырлап, туғандарың мен жақындарың жылай бастасады. «Бұл ұлың 
– пәленше, бұлар туғандарың – түгеншелер», – деп, жаныңдағы кісілер де 
таныстырыла бастайды. Бірақ ол уақытта сен тілден қалған боласың. 
Сонда Алланың үкімі келіп, жаның денеңнен шығып, көкке көтеріледі. 
Жақындарың жиналып, кебінің дайындалады. Жаназаң жуылып, кебінге орайды. Енді 
кіруің, шығуың болмайды, сені көре алмай жүргендердің көңілі жайланады. 
Жақындарың мирасыңды бөлісумен әлек бола бастайды. Сен болса жасаған 
істеріңмен жалғыз қаласың. 
Демек, жек көруге ең лайықты нәрселердің басында дүние тұрады. Өйткені ол 
бергенін алады, тарту қылғанын қайта талап етеді. Біреуге жылмая қарағанымен басқа 
біреуге көз қысады, біреу үшін жылап жатып біраздан кейін оған күлгендермен қоса 
күледі. Жаңа ғана бермекші болып ұсынғанын көз ашып-жұмғанша қайта дауалап 
алады. Бүгін біреуге тәж кигізіп, ертең оған көр қазады. 
Кімнің келіп, кімнің кететіні ол үшін бәрібір. Қалғанды кеткеннің орнына қабыл ала 
береді». 
Хасан Басри (рахимаһуллаһу) халифа Омар ибн Абдулазизге жазған хатында былай 
дейді: «Дүние – уақытша қонақжай, ол мәңгілік жай емес. Алла Тағала Адамды (а.с.) 
пейіштен бұл жерге жазасын тарту үшін түсірген. Сол себептен бұл дүниеден сақтан. 
Әрдайым біреудің қанын төгеді. Оны құрметтеген жаман жағдайға тап болады. Онда 
мал-байлық жинаған пенде жарлы болады. Ол зияны білінбеген у сияқты. Ол у 
өлтіреді. 
Ол жерде жарасын емдеген жараланған кісі сияқты бол. Жараланған кісі ұзаққа 
созылған азаптан құтылу үшін қысқа уақыттың ішінде емделуге шыдайды. 
Бұл ынсабы жоқ алдаушыдан сақтан. Ол айла-амалмен кісілерді алдайды. Оған 
азғырылғандар ақыретін де ұмытады. Бірақ бір күні қатты өкінеді. 
Оған арбалғандар ешқашан оған байланысқан мақсаттарына жете алмайды. 
Шаршап-шалдығады және ақыры аяғында ол жерден азығы жоқ, арғы дүниеге салып 
қойған үйі жоқ, көшіп кете береді. 
Уа, мүминдердің басшысы, одан сақтана көр. Одан мүмкін болғанша алыс бол. 
Өйткені дүниеге берілгендер қуанышқа мүмкіншілік таба алмай жамандыққа, қайғыға 
батады. Одан пайдалануды қалағандар зиянға ұшырайды. Оның молшылығының 
артында бәле бар. Ол жерде қалу – жоқ болуға қарай қадам аттау болып саналады. 
Оның қуанышы қайғымен аралас. Келешектің қандай болатыны білінбегендіктен, 
алдамшы үміттер күтіп тұрады. 
Ақыл-есті кісілер ол жерде әрдайым қорқып тұрады, байлығы қолдан кетерінен 
қорқады. Басқа келер бәледен қорқады. 
Егер жаратушысы ол туралы ешқандай мағлұмат бермесе, ешбір мысалмен 
пенделерін ескертпесе де ұйқыларыңды оятуға, естен танғандарды есіне келтіруге 
дүние өзі жетпек. 
Алла Тағала ол туралы ескерткен бірнеше аяттарды түсіріп, оның маңызын 
түсіндірген түрлі насихаттарын берген. 
Алланың назарында оның ешбір қадірі жоқ. Жаратылғаннан бері ол жаққа қараған 
емес. Алла Тағала оның барлық қазыналарын кілттерімен қоса Пайғамбарымызға 
(с.а.с.) ұсынды, бірақ ол қабыл алмады. 
Алланың бұйрықтарына қарсы шықпа, жаратушысы жақсы көрмеген нәрсеге 
(дүниеге) көңіл бөлме не өз иесі қадірлемеген нәрсені жоғары қойма. 
Сынақтан өтіп, дәрежелері көтерілсін деп, Алла Тағала тақуа кісілердің қолын жұқа 
қылды. Алданып мақтана тұрсын деп, оны дұшпандарының алдына жайып қойды. 
Дүниеге алданғандар, ол жерде өздерін күшті деп санағандар оны өздеріне тарту 


102 
етілген сыйлық деп көреді және аштықтан қарнына тас байлап жүрген пайғамбарына 
Алла Тағала қалай мәміле жасағанын ұмытады. 
Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала Мұсаға (а.с.) былай деген: «Саған дүниенің 
жақындағанын көрсең, «Бұл – жіберген кемшілігімнің алдын-ала берілген жазасы» деп 
біл. Кедейліктің жақындағанын көрсең, тақуа пенделердей «қош келдің» де». 
Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу) айтады: «Алла Тағала Мұса мен Харунды (а.с.) 
перғауынға жібергенде оларға былай деді: «Оның дүниелік атағы сендерді 
қорқытпасын. Оның тізгіні менің қолымда. Менің рұқсатымсыз сөйлей де, көзін жұма 
да, дем де ала алмайды. Оның көп байлығына да таңғалма. Өйткені байлық – бұл 
дүние өмірінің уақытша әшекейі, жолдан адасқандардың нығметі. Перғауын сендерді 
көргенде сендердің қолдарыңдағыдай байлыққа жете алмастығын түсінетіндей дүниені 
сендерге бергім келсе жай ғана беріп қоймақпын. Мен достарыма әрдайым сондай 
мәміле жасаймын. Қойшы қойларын қауіпті жерге жаймағандай, мен де достарымды 
бұл дүние қызықшылығына батып кетуден қорғаймын. Түйеші шөп өспеген қу шөлде 
түйелерін жайып өргізбегендей, мен де оларды бұл дүние шөлінен алыс ұстаймын. 
Әлбетте, бұл әрекетім достарыма мән бермегендігімнен емес, керісінше, менің 
жомарттығымнан өз үлестерін толық алып, марқайып қалсын деп сондай мәміле жасап 
жатырмын. 
Оларға жолыққанда үсті-басыңды оңдап түзе, олардың алдында кішіпейіл бол. Менің 
достарымның бірін қорқытқан кісі маған қарсы соғыс ашқан болып саналады. Қиямет 
күні мен одан сөзсіз өшімді аламын». 
Бір күні әзірет Али (р.а.) былай деп құтба оқыды: «Біліп қойыңдар, бір күні сөзсіз 
өлесіңдер. Содан соң өлгеннен кейін қайтадан тірілесіңдер. Бұл дүниеде жасаған 
істерің ине-жібіне шейін тексеріледі және олардың сауап-жазасын тартасыңдар. Бұл 
дүние өмірі сендерді алдамасын. Өйткені ол бәлеге оранған, уақытша және жалған 
дүние. Ондағы барлық нәрсе уақытша. Ол біреуден екіншісіне қалады. Бұл дүниеде 
қоқыстан келген кесел-кесапаттан қорғана алмайсың. Бұл дүниеде нәпсінің 
қалауларына еріп, бейбас өмір сүруді Алла Тағала айыптаған. Дүние кейде бар да, 
кейде жоқ. Адамдар дүниенің нысанасы, оларды бір-бірден теріп өлтіреді. Бәрінің ол 
жердегі минуты белгілі, үлесі өлшеулі. 
Уа, Алланың кұлдары! Бұл дүниеде сендердің жағдайларың сендерден 
бұрынғылардан өзгеше емес. Олар сендерден де ұзақ өмір сүрген, сендерден күшті 
патшалық жүргізген. Сендердікінен де ұмытылмас және мықты естеліктерді қалдырған. 
Бірақ күні келгенде ұзақ жылдар сақталған естеліктері естен шықты, өздерінің 
сүйектері шіріді. Керемет ұнамды сарайлары қирады. Іздері өшті. 
Қорғандармен қоршалған хансарайлардан, жібек төсектерден үсті тастармен 
жабылған, асты тас қабірге көшті. 
Мазарлар ескі үйлеріне жақын, бірақ оның ішіндегілер жападан жалғыз. Бұрынғы 
жайларының жаңа тұрғындары олар туралы ойламайды да. Оларда бұрынғыдай 
салтанат, той да жоқ. Жақын жерде жайғасқанына қарамай дос-жарандай бір-бірімен 
қатынаспайды. Олардың ортасында қандай көршілік қарым-қатынас болмақ, денелерін 
құрт-құмырсқа жеп қойған. 
Бір уақыттарда тірі жүрсе, енді өлік. Жалындап жанды жүрді де, енді жансыз денелер 
жатады шашылып. Жақындарын боздатқан күйі топырақтың астына кіріп кетті. Әттең, 
енді қайта қайту жоқ! 
Құран Кәрімде айтылғандай, олардың қайта қайтуы «Өліктің аузынан шыққан, еш 
жүзеге аспайтын сөз. Қайтадан тірілетін күнге шейін шыға алмас тосқауылдың 
артында». 


103 
Алла Тағала былай дейді: «Ендеше, кімде-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет