Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет75/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Қанағат қылу 
Жарлы қолындағыға қанағат қылып, басқалардың қолындағыға көз салмауы, ешкімге 
көреалмастық қылмауы және байлыққа қызықпауы керек. Зәрулікке қарай тамақ-ас
киім-кешек және бас сұғар үйді жеткілікті деп біліп, бұлардың ең азына және арзанына 
разы болу, отбасының күндік не айлық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қанағат 
қылуға тиіс. 
Өйткені кедей көп нәрсеге ие болғысы келсе не дүниеқұмарлық сезімдерге бой 
алдырса, қолындағыға қанағат қыла алмай, ашкөздікпен адамға жараспас 
жамандықтарға барады. 
Негізі, адам баласының табиғатында ашкөздік және қанағатсыздық бар. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Адам баласының екі дала толған алтыны 
болса, үшіншісін аңсайды. Оның көзін топырақ қана толтырады. Алла Тағала тәубе 
жасағандардың тәубесін қабылдайды»
258

258
 
Бұхари, 6436; Мүслим, 1048. 
Әбу Уақид Лайси айтады: «Пайғамбарымызға (с.а.с.) жаңа уахи келген уақыттарда 
келген уахиді бізге үйретті. Бір күні оның жанына барсам, маған былай деді: «Алла 
Тағала: «Біз пенделерге мал-мүлікті намаз оқысын және зекет берсін деп бердік. 
Адам баласының бір дала толған алтыны болса екіншісін, екі дала тола алтыны 
болса үшіншісін қалайды. Топырақтан басқа еш нәрсе оның қарнын тойдырмайды. 
Аллатәубе жасаушылардың тәубесін қабыл алады», – деп айтты. 
Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай дейді: «Бараәт» сүресіндей бір сүре түсті. Содан 
соң Алла Тағала тарапынан қайта алынды. Ол сүренің төмендегі бөлігі кісілердің 
есінде қалды: «Алла бұл дінді күшейтеді. Адам баласының екі дала тола байлығы 
болса үшіншісін де сұрамақ. Оның ішін топырақтан басқа еш нәрсе тойдырмайды. Алла 
тәубе жасаушылардың тәубесін қабыл алады». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Екі ашқарақ бар, олар тоймайды: бірі ілімге 
тоймайды, екіншісі байлыққа тоймайды»
259

259
 
Ахмад ибн Ханбал, Табарани, әл-Муғжамул кәбир. 
Бұл жерде де біз куә болғандай, ашкөздік пен сұғанақтық жаман сипат болғандықтан, 
Алла Тағала және оның Елшісі (с.а.с.) қанағаттылықты мақтаған. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ислам дінін қабыл алған және өмір шартына қанағат 
қылған кісілерге сүйінші!»
260
 
– деген. 
260
 
Тирмизи. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бай-кедейдің бәрі қиямет күні «Дүниеде маған зәру 
мұқтаждықтарды қамтамасыз ететіндей ғана мал-мүлік берілсеші, әттең!» – деп 
арман қылады»
261

– деп айтқан. 
261
 
Ибн Мажа. 
Тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Байлық – мал-мүліктің көптігі емес, 
көңілдің тоқтығы». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Рухул-қудус (Жәбірейіл періште) маған 
ризығын тауыспай тұрып ешкім өлмейтінін білдірді. Демек, Алладан қорқыңдар және 
адалдан табуға әрекет жасаңдар». 
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: «Уа, Әбу Һурайра, қарның 
ашқанда саған бір нан мен бір кесе су жетті. Дүние тозаққа түссін!» – деген». 
Әбу Һурайраның тағы бір риуаятында былай деп айтылады: «Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Алладан қорықсаң, пенделердің ең көп ғибадат жасағаны боласың. Қанағат 
қылып жүрсең, бәрінің сүйіктісі боласың. Өзіңе қалағанды басқаларға да қаласаң
шынайы мүмин боласың», – деп айтты. 


105 
Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) ашкөздіктен 
тыйған. Бір күні бір бәдәуи араб Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, 
маған қысқа-нұсқа насихат айтсаң», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.): «Әрбір намазыңды 
ақырғы намазыңдай оқы! Ертесі күні кешірім сұрайтын ешбір сөз аузыңнан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет