Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет71/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   193
Жүректің сырлары T.a

қалуларыңнан емес, бұрынғыларда болғандай сендерде де кеңшілік болуынан қорқам. 
Дүние жинауда бұрынғы елдердей жарысқа түссеңдер, Алла оларды құрдымға 
ұшыратқандай, сендерді де құрдымға ұшыратады», – деді. 
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір мәрте: «Сендер үшін 
ең қорыққаным – Алла жерден шығарған нәрселердің берекесі», – деді. Сахабалар: 
«Уа, Алланың Елшісі, жердің берекелері деген нелер?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Түрлі дүние байлығы», – деп жауап берді. 
Тағы бір хадисте: «Дүниені ойлау және дүние сөздерімен алаңсыз болыңдар», – деп 
айтқан. Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеге берілу емес, оны еске түсіруге де 
тыйым салған. 


93 
Аммар ибн Саид айтады: «Иса (а.с.) хауарилерімен бірге саяхаттап жүріп, бір ауылға 
барады. Ол ауылдың елі көшелерде, жолдарда өліп жатады. Иса (а.с.) жолдастарына: 
«Уа, хауарилер, бұл ауылдың елі Алланың қаһарына қалып өлсе керек. Болмаса бір-
бірін жерге көмер еді», – дейді. Хауарилер: «Уа, Рухулла, біз бұлардың басына қандай 
бәле келгенін білгіміз келеді», – дейді. Иса (а.с.) Аллаға дұға қылғанда, Алла Тағала: 
«Қараңғы түскенде олардан сұрасаң, жауап береді» деп уахи қылады. 
Кеш кіргенде Иса (а.с.) бір төбешікке шығып: «Уа, халайық!» – деп үн салады. Біреу: 
«Уа, Рухулла, құлақ сенде», – деп жауап береді. Иса пайғамбар: «Сендер қалайша бұл 
жағдайға түсіп қалдыңдар?» – деп сұрайды. Ол: «Дүниеге құл болып алғанымыз және 
Алланың бұйрығына қарсы шыққандарға мойынсұнғанымыз үшін ұшырадық», – деп 
жауап береді. 
Иса (а.с.): «Дүниені қаншалық сүюші едіңдер?» – деп сұрағанда, «Жас бала анасын 
сүйгендей сүюші едік. Дүние бізге бет бұрса қуанып, қарамаса (істеріміз жүрмей қалса) 
қайғырып жылаушы едік» деген жауапты естиді. 
Иса (а.с.): «Жолдастарың неге жауап бермей жатыр?» – деп сұрап еді, әлгі: «Өйткені 
олардың аузына оттан ауыздық салынған және тізгіндері қатал періштелердің 
қолында», – деп жауап берді. 
Иса (а.с.): «Ал сен қалай жауап беріп жатырсың?» – дегенде, құпия үн: «Өйткені мен 
олардың арасында едім, бірақ олардан емес едім. Оларға Алланың қаһары келгенде 
маған да тиіп, қазір тозақтың қырында асылып тұрмын, құтылам ба не ішіне түсем бе, 
білмеймін», – дейді. 
Сахабалардан Әнәс (р.а.) айтады: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Адба атты бір түйесі 
бар еді. Ешбір түйе онымен жарыса алмаушы еді. Бір бәдәуидің түйесімен жарысқанда 
оның түйесі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түйесінен озып кетті. Бұл мұсылмандарға 
қатты тиді. Мұны байқаған Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл дүниеде Алла нені биіктеткен 
болса, бір күні оны сөзсіз шөктіруі де Оның өзгермес үкімі», – деді. 
Иса (а.с.): «Теңіз толқындарының үстіне кім үй сала алады? Сендердің дүниелерің 
де осындай. Демек, оған толық жайғасып алмаңдар», – деген. 
Исаға (а.с.): «Бізге Алланың сүйіспеншілігіне жеткізетін ілім үйрет», – дегендерге Иса 
(а.с.): «Дүниені жек көрсеңдер, Алла сендерді сүйеді», – деп жауап береді. 
Әбу Дарданың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні бізге: «Мен білгенді 
білсеңдер аз күліп, көп жылаушы едіңдер. Дүниеден теріс қарап, ақыретті артық 
көруші едіңдер», – деді. Содан соң Әбу Дарда былай деп жалғастырды: «Егер мен 
білгенді білгендеріңде тауға шыға қашып, өз жағдайларыңа боздап жылап, Аллаға 
жалбаратын едіңдер. Жандарыңа зәру бұйымдарыңды ғана алып, бар мал-
мүлкілеріңді бірталай тастап кетуші едіңдер. 
Бірақ дүниеқұмарлық сезімдер ақыретті ұмыттырды, бар күштеріңмен дүниенің 
артынан түсіп, басқа еш нәрсе білмегендей болып қалдыңдар. 
Неге бір-бірлеріңді жақсы көрмейсіңдер? Сендер Алланың дінінде ортақ бауыр емес 
пе едіңдер. Неге бір-біріңе тура жолды ұсынбайсыңдар? Өзара пікір 
қайшылықтарыңның себебі – іштеріңнің бұзықтығынан. Жақсылықта біріксеңдер, бір-
біріңді сүюші едіңдер. Дүние істерінде бір-біріңе ақыл айтасыңдар, бірақ неге ақырет 
істерінде бір-біріңе насихат айтпайсыңдар? Тіпті сүйген және қолдаған кісісіне де 
ақырет туралы насихат айтпағандар бар. Бұл – жүректеріңдегі иманның әлсіздігін 
көрсетеді. Ақыреттің пайда-зиянына бұл дүниедегідей сенсеңдер, ақырет үшін жүгіруді 
бұл дүниеден артық көруші едіңдер. 
Өйткені ақырет мәселесі сендерге тағы көбірек қатысты. Егер «көз көріп тұрған 
пайдаға қызығу пенденің табиғатынан», – деп айтатын болсаңдар, сендердің бұл 


94 
дүниеде бірнеше алыстағы пайда үшін жақындағы пайдаларыңды құрбандық 
шалғандарыңды да көрудеміз. 
Тіпті, бәлкім, ешбір уақытта жете алмайтын мақсаттарың үшін түрлі қиыншылықтарға 
шыдай аласыңдар. Жасаған істеріңде көкіректеріңдегі иманның ізі де байқалмаған көр 
пендесіңдер. 
Егер Мұхаммедтің (с.а.с.) алып келген хабарлары туралы күмәндарың бар болса
бізге келіңдер, барлық нәрсені түсіндіріп, көкіректеріңдегі күмәнді жоятын жарық жолды 
сендерге көрсетейік. Ақыл-естерің орнында болғандықтан сендердің сылтауларың бар 
деп те айта алмаймыз. Өйткені бұл дүниеге тиесілі пайда-зиянды ажырата аласыңдар 
және дұрыс шешім шығарасыңдар. 
Сендерді түсіне алмаймын, тапқан біраз дүниелеріңе қуанып, біраз зиян тартсаңдар 
қатты қайғырасыңдар және істерің жүрмей қалса «кесел-кесапат басты!» деп 
айғайлайсыңдар. Ал енді дін жағынан үлкен жоғалтуларға ұшырағандардың көбінің 
жүзінен қайғының белгісі де байқалмайды. 
Аллаға ант етейін, Алла сендермен байланысын үзіп қойғандай. Өйткені бәрің 
таныстарыңды, достарыңды күлімдеумен күтіп аласыңдар және ешкім досына 
жағымсыз мәміле жасағысы келмейді. «Қалай мәміле жасасам сондай мәміле көрем» 
деген оймен «кісілердің арасындағы байланыста сыпайы болғанды білесіңдер. Ал неге 
Алламен байланыстарыңда осындай шеберлік көрсетуге құдіреттерің жетпейді?» 
Алдамшылыққа көніп алдыңдар және құрғақ қиялдарың сендерді құртты. Өлім 
туралы ойлап та қоймайсыңдар. Алла мені сендерден құтқарып, сағынғаныма 
(Пайғамбарымызға (с.а.с.) жолықтыруын қатты қалаймын. 
Егер Алла Елшісі (с.а.с.) бұл дүниеде болғанда сендердің бұл жағдайларыңа көз 
жұмып қоймаушы еді. 
Егер жақсы жаққа қайтуды қаласаңдар, мен сендерге барлық нәрсені айттым. 
Алланың алдындағы сауапқа ұмтылсаңдар, оған оңай жетесіңдер. Өзіме және 
сендерге Алланың жәрдемін тілеймін». 
Иса (а.с.) хауарилеріне: «Уа, хауарилер, дүниеге берілгендер дүние үшін дінінің 
әлсіздеуіне разы болғандай, сендер де діндеріңнің сақталуы үшін дүниелік 
қиыншылыққа шыдаңдар», – деп айтқан. 
Бұл туралы Абдулла ибн Мүбәрак былай дейді: «Көп кісілер діні, иманы әлсіз болса 
да, соған қанағат қылып жүре береді. Ал енді дүние істерінде азға қанағат қылғанын 
көрмейсің. Олар байлық-билік, мансап үшін діннен алыс қалғандай, сен де дін үшін 
дүниеден ұзақ бол». 
Иса (а.с.): «Ей, өз амандығын дүниеден іздеген пенде, сенің амандығың үшін ең 
қайырлысы – дүние сүйіспеншілігін жүректен шығарып тастау», – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Менен кейін бір дүниеге тап боласыңдар. От отынды 
жаққандай, ол да сендердің имандарыңды жалмап кетеді», – деген. 
Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Дүниеге қызыға көрме, өйткені менің алдыма сен алып 
келетін ең ауыр күнәң сол», – деп уахи қылды. 
Бір күні Мұса (а.с.) жолда бара жатып жылап отырған кісіні көреді. Біраз уақыттан 
кейін сол жолдан баяғы жылаған кісіні жолықтырады да, Алла Тағалаға: «Уа, Жаратқан 
Ием, пендең Сенен қорқып жылап жатыр», – дейді. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Уа, 
Мұса, сен көрген кісінің көзі жылап отырып ағып қалса да, дұға қылып жатып қолдары 
жерге түсіп қалса да оны кешірмеймін. Өйткені ол дүниені сүйеді», – деп жауап береді. 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Бұл дүниені аманат деп біліп, сенімді қолға 
өткізіп беріп жауапкершіліктерінен құтылып, бұл дүниеден өтіп кеткен пенделерге Алла 
рақым қылсын. Дін жолында жарысуға әрекет жасаған кісілермен жарыс. Дүние жинау 
үшін сенімен жарысқан кісілерді дүниемен бетке ұр», – деген. 


95 
Лұқпан данышпан ұлына былай деп насихат қылады: «Ұлым, бұл дүние терең теңіз, 
оған көбі шөгіп кеткен. Демек, онда сапар тартқанда мінген кемең – тақуалық, кеменің 
жүгі – Аллаға иман және желкені – Аллаға тәуекелдік болсын. Бәлкім, сонымен шөгіп 
кету қорқынышынан құтыласың. Одан басқа жолмен құтыларыңа сенбеймін». 
Фудайл (рахимаһуллаһу): «Біз жер бетіндегі барлық нәрсені сол жердің ажарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет