Жан-жануарларға берілетін үкімдер
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Банкрот болған кісі кім екенін
білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Біздің білуіміз бойынша, банкрот болған
адам – ақшасы және мал-байлығы қалмай қалған кісі», – деп жауап берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сонда төмендегіше айтты: «Үмбетімнің банкрот болғаны –
қиямет күні намаз, ораза және зекет сияқты көп жақсы істердің сауабымен келеді.
Бірақ ол пәленшені ғайбаттаған, түгеншеге жала жапқан, біреуінің мал-мүлкін
жеген, біреуінің қанын төккен, біреуге қол көтерген еді. Міне, сондықтан оның
жасаған жақсы істерінің сауаптары анаған-мынаған алынып беріледі. Егер
мойнындағы кісі ақылары бітпей жатып сауабы таусылып қалса, онда ақысын жеген
кісілердің күнәлары оған жүктеледі. Аяғында (күнәһар болып) тозаққа
лақтырылады».
296
296
Мүслим, бирр 59.
Сондай есеп күнінде басыңа келетін қиыншылықтарды ойлан. Өйткені елкөрсіндік
пен шайтанның басқа тұзақтарынан құтылған жақсылығың жоқ. Егер шайтанның
тұзақтарынан құтылып, жақсы істерді жасаған болсаң да, сенің әділетсіздігіңе
ұшыраған кісілер келіп сауаптарыңды қолыңнан тартып алады.
Тура жолдан таймай, үздіксіз ораза ұстап, түнді намаз оқып өткізсең де, күн сайын
жақсы істеріңді жойып, жоқ қылатындай өсек айтасың. Жеген арам тамағың, арам-
адалы белгісіз іс-әрекетің және жасаған ғибадаттарыңдағы кемшіліктерің қалай
болады? Мүйіздіден мүйізсіз тоқал жандының ақысы алынатын есеп күні әділетсіздік
жасап жіберген күнәңнан құтыла алам деп ойлайсың ба?
Әбу Зәрр (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) сүзісіп жатқан екі қошқарға
қарап тұрып маған:
– Әбу Зәрр, бұл қошқарлар неге сүзісіп жатқанын білесің бе? – деп сұрады.
– Жоқ, білмеймін, – дедім мен. Пайғамбарымыз:
– Алла бұл ұрыстың себебін біледі және қиямет күні олардың ортасында үкім
береді», – деді
297
.
297
Ахмад ибн Ханбал.
Әбу Һурайра (р.а.) «Жер басып жүрген жан-жануарлардың, қос қанатымен
Достарыңызбен бөлісу: |