Бірінші кезең (2003 – 2015ж) ғылымды, білімді индустриялдық – инновациялық дамуға бағыттай отырып, кәсіби кадрларды даярлау саласындағы реформаны бастау, стандарттау мен сертификаттауды жетілдіру, Қазақстанның ДСҚ – ға кіру процесін аяқтау көзделінген. Бұл кезең ұйымдастыру мен қалыптастыру кезеңі.
Екінші кезең (2006 – 2010 жылдар). Бұл кезең ғылыми – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру кезеңі деп аталады. Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қаржы институттары мен қаржы ресурстарының бір бағытта жұмыс істеуін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту кезеңі. Бұл ретте ірі, орта және шағын кәсіпорындардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс.
Үшінші кезең (2011 – 2015 жылдар). Үшінші кезең нақты нәтижелер беру кезеңі болуы тиіс. Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономиканы диверсификациялау жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикалық өтуге жағдай жасауды көздейтін стратегияның еліміздің саяси экономикалық дамуындағы болашағы зор. Стратегияның «Ғылымды дамыту, Ғылыми - техникалық және инновациялық саясат»-деп аталатын бөлімінде, ғылымды-әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындау қажеттілігі баса айтылған. Диссертанттың пайымдауынша 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы - Қазақстанда ақпараттық қоғам құруымен инновациялық экономика құрудың негізгі ірге тасы болып отыр.
Осы тараудың 4.2 «Инновациялық саясат - ғылыми-техникалық және экономикалық дамудың негізі» атты тақырыпшасында инновациялық процестің қоғамдағы орны мен рөліне Қазақстандағы инновациялық саясаттың даму динамикасына талдау жасалынған. Инновация жаңа ғылыми идеялар мен озық технологиялардың қоғамға енуі. Автордың пайымдауынша инновациялық процесс - ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Қазақстанның инновациялық саясаты отандық ғылымның интеграциялануымен әлемдегі ғылыми кеңістіктегі алатын орнымен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, «инновация» сөзі латын сөзінен алғанда «жаңарту» (обновление), ағылшынның «inovation» (нововведение) «жаңалық енгізу» деген ұғымды білдіреді. Саяси ғылымда бұл сөздің мағынасы әлеуметтік ортаға, қоғам дамуына, заман талабына сай өзгерістер енгізу, қоғамның барлық саласындағы бұрынғы қолданылған әдіс-тәсілдерді жаңалау, жетілдіру деп түсіндіріледі [64]. Инновациялық қызметті, ғылымда, әлеуметтік өмірде, саяси жүйеде, қоғамның басқа салаларында да кеңінен қолдануға болады. Инновациялық процестерге бет бұру дегеніміз – қоғамның барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылым мен өндірісті ұштастыру деген сөз. Еліміздегі 2002 жылы қабылданған «Инновациялық қызмет туралы» заң қоғамның дамуына жаңаша сипат беруде. Инновациялық саясат мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігі, әлеуметтік-экономикалық дамуда инновациялық идеяларды басшылыққа алу тиімді болмақ. Автордың пікірінше Қазақстанның саяси-әлеуметтік-инновациялық дамуы қоғамдағы ғылыми-техникалық өркендеудің деңгейімен анықталады. Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көрінуінде инновациялық дамудың рөлі ерекше. Жоғары технологиялы өндірісті дамытуға, ғылыми тұрғыдан ауқымды өнімдер көлемін өсіру арқылы бюджетке түсімдерді арттыруға, жаңа технологияларды пайдалану негізінде экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Дисертанттың пайымдауы бойынша инновациялық саясатты ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу, оның нақты жетілдіру механизмдерін көрсету ғылыми-техникалық өркендеудің тиімділігін арттырады. Демек еліміздегі инновациялық дамудың әр саладағы нақты мақсаты мен міндеттерін айқындау оған теориялық терең талдау жасау, инновациялық саясатты әрі қарай жетілдіруге жол ашады. XXI ғасырда басым бағытқа ие болып отырған озық технологияларды игеру мен қоғамды дамытуға инновациялық саясаттың қосатын үлесі қомақты.
Осы тараудың 4.3 «Ғылыми потенциал ғылыми-техникалық дамудағы шешуші фактор» атты тақырыпшасында Қазақстандағы ғылыми-техникалық потенциалдың қоғамдағы орны мен рөліне жан жақты талдау жасалынған. Сондай-ақ, бұл тақырыпшада ғылыми потенциал ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы басты субъект ретінде қарастырылады. Автордың пайымдауынша дүниежүзілік ғылыми-техникалық инновациялық үрдіске ілесу, еңбек өнімділігін арттыру, ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өндірісті құру мәселелері тек интеллектуалдық ресурстарды топтастырғанда оның ішінде ғылыми потенциалды осы міндетке жұмылдырғанда ғана жүзеге асырылады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі сол елдің білім деңгейімен анықталады. «Ғылым мен білімді дамыту жалпы ұлттық саяси міндет» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұжырым жасағанындай ғылыми кадрлардың біліктілігін, кәсіби шеберлігін дүниежүзілік стандартқа сәйкес дамыту қоғамдағы көкейкесті мәселе. Осы мақсатта Қазақстан үшін ғылыми потенциалдың бәсекеге қабілеттілігін көтеру басты міндет болып табылады. Автордың пайымдауынша еліміздің ғылыми-интеллектуалдық потенциалы елдің экономикалық потенциалының құрамдас бір бөлігі. Қазақстанда ғылыми потенциалдың қаржылық, материалдық қамтамасыз етілуін бір жүйеге келтіру керек. 90 жылдардағы экономикалық дағдарыс ғылыми потенциалғада кері әсерін тигізді. Ғылыми кадрлардың шетелге қоныс аударуы, басқа салаға ауысып кетуі ғылыми потенциалдың сандық және сапалық құрамына әсер етті. Қазіргі кезеңде отандық ғылыми кадрлардың қалыптасуындағы басты мәселе ғылыми ортадағы ұрпақтар сабақтастығындағы сәйкессіздік, ғалымдарымыздың қартаюы. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, ғылым докторларының орта жасы 55 жас, ғылым кандидаттарының орта жасы 48 жасты құрайды [65]. Ғылыми саланың кадрлар құрамына жасалған талдау бойынша 90 жылдардағы экономикалық дағдарыста ғылыми қызметкерлерінің санының күрт төмендеуі байқалса, 2001 жылдан бастап, бұл сала қызметкерлерінің біртіндеп өскендігін көруге болады. 2001-2007 жылдар аралығында ғылыми кадрлардың саны 3000 адамға дейін өскен. Осы уақыт аралығындағы ғылым докторларының 40,9 %-н 60 жастан асқан ғалымдар құрайды [66]. Еліміздегі ғылыми-техникалық потенциалдың дамуына талдау жасай отырып отандық ғылыми салаға жастарды тарту қажеттілігі басым деп айтуға болады.
Ғылыми-техникалық потенциал–ақпараттық, техникалық ресурстар-дың және ғылыми кадрлардың жиынтығы. Ғылым - әлемдік өркениеттің негізгі қозғаушы күші деп айтатын болсақ, осы процестің субъектісі бірінші кезекте ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылады. Осы мақсатта мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жас ғалымдармен болған кездесуінде еліміздің ғылыми-техникалық дамуындағы ғылыми потенциалдың рөліне ерекше тоқталып, болашақта ғылыми потенциалды мемлекет тарапынан қолдаудың барлық мүмкіндіктері қарастырылатын болады - деп атап айтқан [67]. Қазақстанның ақыл-ой иелерімен, интеллектуалдық басымдыққа ие ғалымдары европалық елдердің қызығушылығын туғызып отыр. Еуроодақ қазақстандық ғалымдарға түрлі грант жариялау арқылы, ақыл-ой идеяларын өздеріне тартып, әлеуметтік қолдау көрсету арқылы қызықтырып, сол елдің ғылыми дамуына пайдаланып отыр. Қазақстандағы басты қиыншылық ойлап табылған жаңалықтарды өндіріске енгізудегі кедергілер. Ғалымдарымыздың ақыл-ойымен, парасатымен дүниеге келген жаңалықтарды өндіріске енгізуге ел Үкіметі белсенділік танытпай отыр. Елбасымыздың Қазақстанды кәсіби біліктілігі жоғары маман-кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында дер кезінде қолға алынған, «Болашақ» бағдарламасы ғылыми кадрлардың біліктілігін көтерудегі мемлекет тарапынан жасалған басты қадам. Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың инициативасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы қоғамдағы маңызды саяси игі істердің бірі. Қазақстанда ғылыми кадрларды бәсекеге қабілетті ел экономикасын дамытудағы шешуші тұлға ретінде қалыптастыру үшін бірінші кезекте ғалымдардың еңбек ақысын көбейтумен қатар материалдық қамтамасыз етілуін ескерілуі тиіс. Қазақстандық ғалымдарымыздың жалақысын салыстырмалы түрде алатын болсақ Шығыс Европа елдерін былай қойғанда Ресей елдерінен әлдеқайда төмен. Сондай-ақ, осы сала қызметкерлерінің творчестволық ізденіспен шұғылдануына қолайлы жағдай туғызу да маңызды мәселе. Осы мақсатта Қазақстан үшін ғылыми потенциалдың бәсекеге қабілеттілігін көтеру басты міндет болып табылады. Елімізде ғылыми потенциалдың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары белгіленген (3-кесте). Мысалы, көрші Ресейде 2006 жылдың мамыр айынан бастап, ғылыми қызметкерлердің айлық жалақысы 2 есе өскен, ал 2008 жылы 3000 рубльге жеткен, яғни 1000 АҚШ долларынан астам. Қазақстандағы жүргізілген зерттеу қорытындыларына сүйенсек ғылыми саладағы орташа жалақы 42000 теңгені құрайды, демек мемлекет тарапынан ғылыми саланы қаржыландыруды бірнеше есе көбейту қажет. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша елімізде қуатты ғылыми-техникалық потенциал бар, 438 мекеме оның ішінде 111 ғылыми зерттеу институты, 167 жоғарғы оқу орны, 28 құрастыру бюросы және 14 ғылыми зерттеу және тәжірибелік құрастырушы орталық жұмыс істейді [68]. Қоғамда үлкен қажеттілік туып отырған ұлттық инженер кадрлардың негізін құрайтын физика, математика, химия, биология, география, физиология, кен-металлургия ғылымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Диссертанттың пікірінше ғылымның саяси-әлеуметтік мәртебесін көтерумен ғылыми саланы қаржыландыру мәселесі мемлекеттік деңгейде заңдық негізде бекітілуі тиіс және қаржыландыруға шетел инвестициясын ұлттық холдингтерді жеке секторды тарту керек. Сондай-ақ ғылыми салаға салықтық жеңілдіктер енгізіліп жеке фирмалармен венчурлық қорлардың құрылуы тиіс.
Төртінші тараудың 4.4 «Қазақстанда технологиялық кеңістікті қалыптастыру мәселелері» атты тақырыпшасында еліміздегі ғылым мен өндірісті ұштастырудың басты іргетасы инновациялық орталықтармен технологиялық парктер құрудың, осы орталықтар арқылы технологиялық кеңістікті қалыптастырудың саяси стратегиялық маңыздылығы зерттелінген. Автордың пікірінше инновациялық дамудың маңызды қыры ғылыми-технологиялық кеңістік қалыптастыру болып табылады. Технологиялық – инновациялық дамуда көшбасшылыққа қол жеткізу еліміздің негізгі стратегиялық мақсатының бірі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «ғылым мен инновация ел дамуының кепілі, дағдарысты жеңудің басты мүмкіншілігі» - деп баға бергендей, ғылым мен өндірісті ұштастырудың маңыздылығы зор. Саяси-әлеуметтік дамуда орасан ықпал ететін ғылыми-технологиялық парктерді құру туралы Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа жолдауында «Ғылым мен өндірісті ұштастыру мақсатында технологиялық парктер құру» қажеттілігін ерекше атап айтқанындай, бәсекеге қабілеттіктілікті арттырудың басты шарты рынокпен инновациялардың тиімділігіне, технополистерді қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады. Елімізде соңғы жылдары технологиялық парктер құру арқылы ғылым мен өндірісті интеграциялаудың жаңа механизмдері іске қосылып жатыр. Ғылыми-өндірістік орталықтардың құрылуының саяси - әлеуметтік маңызы зор. Себебі, дамыған елдер тәжірибесіне сүйенсек, инновациялық орталықтар арқылы жаңа технологияны қолданысқа енгізіп қана қоймай, адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік мәселелерде ойдағыдай шешімін тапқан. Бүгінде елімізде материалдық-техникалық құрылғылары қалыптасқан ғылыми-технологиялық өндіріс орындары бар. Олар: Алматыда құрылған Ақпараттық-технологиялық паркі, Степногор қаласындағы биотехнологиялық паркі, Курчатов қаласындағы ядролық технологиялар паркі [69]. Сонымен қатар, мемлекетіміздің технологиялық даму бағыттарына сәйкес Шортанды да болашақта ғылыми-өндірістік орталықтар құру бағдарламасы іске асырылуда. Отандық ғалымдарымыздың пайымдауынша болашақта Алматы қаласына іргелес жатқан Талғар қаласы мықты ғылыми-өндірістік инфрақұрылым орталығы бола алады. Осы мақсатта «Қазақстан Республикасындағы ғылыми қалашықтар мәртебесі» атты заңның жобасында ғылыми-өндірістік орталықтар кешенін құрайтын қалалар мен аймақтарды мемлекеттік қамқорлыққа алу мәселелері қаралған. Соңғы жылдары қалыптасқан жаңа ғылыми-өндірістік орталықтардың бірі мұнайды өңдеумен айналысатын Ақтау мұнай-химия кешенінің құрылуы, бұл орталық сондай-ақ түсті металды құбыр шығарумен шыны өндірісімен айналысады. Осы аймақтағы жаңа технологиялық өндіріс орталығы Маңғыстаудағы еркін экономикалық аймақтың бой көтеруі. Бұл аймақ екі жылда серпінді технологияларға қол жеткізіп отыр. Мұндағы ондаған кәсіпорындардың біразы қазірдің өзінде бүкіл әлемде сатып алатын бәсекелі өнімдер шығаруда. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Астана және Алматы қалаларының жанынан аграрлық саланың ғылыми-өндірістік кластерлерін өндірістік-тәжірибелік және бизнес инфрақұрылымын қалыптастыратын агроқалашықтар құрылып іске қосылып отыр. Технологиялық парктермен ғылыми-өндірістік орталықтардың басын қосатын инфраструктураның қалыптасуы біраз уақытты талап етеді. Диссертанттың пайымдауынша, Қазақстан ірі аграрлық мүмкіндікке ие ел. Осы мақсатта елімізде агроөнімдерді инновациялық жолмен өңдеудің тәжірибелік зертханаларын жабдықтау мен қайта құру қолға алынуы тиіс. Автордың пайымдауынша Қазақстанда ғылыми-технологиялық парктердің көп болуы мемлекет үшін тиімді. Болашақта технологиялық парктердің Алматы, Қарағанды, Астана, Орал қалаларында құрылғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қалаларда ғылым мен өндірісті ұштастыруға барлық мүмкіндіктер бар. Бұл қалаларда мықты ғылыми потенциалы бар жоғарғы оқу орындары көп шоғырланған. Қазақстанда технологиялық кеңістікті қалыптастыруда мына мәселелер міндетті түрде ескерілуі тиіс:
1. Отандық технологиялық кеңістікті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы керек.
2. Жоғары басшылық тарапынан ғылыми-өндірістік технологиялық парктердің құрылуын қадағалайтын жетекші орган болуы тиіс.
3. Ғалымдарымыз технологиялық парктерді құрудың тұжырым- дамасын жасап үкіметке ұсынулары керек.
4. Қазақстанда ғылыми өнеркәсіпті басқаратын және реттеп отыратын технологиялық қор құрылуы тиіс.
Технопарктерді құру мен қалыптастыру ғылыми техникалық саясатты дамыту арқылы жүзеге асырылады. Демек, жергілікті билік органдары технопарктерді құруда белсенділік танытуы тиіс. Еліміздегі іске қосылған технологиялық парктердің әрі қарай дамуына жан-жақты қолдау қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясатын жан-жақты зерттеу барысы бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. Қазақстанда XXI ғасырдың талаптарына сәйкес тиімді ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру үшін мынандай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
-
Қазақстан Республикасындағы ғылыми-технологиялық дамудың түрлі мәселелерінің ғылыми негізде шешу жолдарын көрсететін, оны жобалаумен, зерттеумен айналысатын арнайы технологиялық-зерттеу орталықтарының көптеп ашылуы шешуші рөлге ие;
-
Қазақстанның ғылыми-техникалық, инновациялық даму ерекшеліктерін ашып көрсету мақсатында барлық деңгейдегі оқу орындарында «Инновациялық даму теория мен тәжірибе», «Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму ерекшеліктері» атты арнайы курстар енгізудің маңызы зор;
-
Ғылыми-техникалық, инновациялық саясаттың жаңа концепциясын қабылдау қажет;
-
Ғылым туралы Заңға жаңа заман талаптарына негізделген өзгертулермен толықтырулар енгізудің маңыздылығы зор;
-
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясатының дамуына ықпал ететін ірі саяси іс-шараларды жоғары билік пен ғылыми жұртшылықтың ықпалдасуымен жиі өткізіліп тұруы керек;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылған Жоғары Ғылыми-техникалық комиссия қызметінің ауқымын кеңейту керек;
-
Ғылыми-техникалық саланы қаржыландыруда мемлекеттік сектормен бірге жеке сектордың, ұлттық холдингтердің, елдің мұнай-газ саласындағы мүмкіндіктерін толыққанды осы саланы қаржыландыруға жұмсау керек. Сондай-ақ, ғылымды қаржыландыруға шетел инвестициясын тарту да басты факторладың бірі;
-
Ғалымдардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, қоғамдағы мәртебесін көтерудің жаңа бағдарламасы қабылданып, онда тұрғын үй, зейнетақы, қаламақы, творчестволық ізденіс мәселелері қамтылуы тиіс.
-
Ұлттық Ғылым Академиясы мемлекеттік мәртебеде ХХI ғасыр талаптарына сай, қайта құрылуы тиіс;
-
Ғылымды жоғарғы оқу орындарына топтастыру мәселесі асығыс қабылданған шешім. Қазақстан бұл үрдіске бірте-бірте көшуі тиіс.
Өркениетті елдерде бұл процесс ондаған жылдар аралығында эволюциялық даму негізінде қалыптасқан. Біздің елімізде ең алдымен, жоғарғы оқу орындарының материалдық-техникалық, қаржылық базасын нығайтып, ұйымдастыру шаралары жан-жақты қарастырылып, одан кейін ғана ғылым жоғарғы оқу орындарының жанына топтасуы тиіс.
Автордың пайымдауынша ғылыми-техникалық саланы басқару мен ұйымдастыруда демократиялық принциптерге негізделген реформалар – ғылыми-техникалық саясаттың тиімді жүзеге асырылуының басты кепілі болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. \ Егемен Қазақстан, 2007.- 1наурыз.
2. Назарбаев Н.Ә. Инновациялармен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына \ Еуразия ұлттық университетінде студенттерге оқыған лекциясы. -Астана 2006.- 27 мамыр.
3. Научно-техническая деятельность в Республике Казахстан за 2007г. \ Стат.бюл. – Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2008.
4. Муханова Е. Единная научно-техническая политика: вопросы формирования и реализации. Москва ВНТИ центр 1990г.-156с
5. Фонотов А.Г., Блохин А.А. Научно-техническая политика проблемы формирования и реализации. М. Наука. 1990г.-250с.
6. Волошин П.В. Научно-техническая политика в странах СНГ: современное состояние и перспективы инновационного развития\ автореферат на соискание ученной степени кандидата экономических наук Москва 2007.30с
7. Артемов Е.Т. Научно-техническая политика в советской модели позднеиндустриальной модернизации Москва 2006.-254с.
8. Дежина И.Г. Интеграция науки и образования: оценка мер государственной политики \ Наука и власть: проблема коммуникаций (Материалы Всероссийской научной конференции) . Москва, 26 сентябрь 2008г.
9. Сәден О. Ғылым және ғылыми-техникалық саясат: парламентарий көзімен.-Алматы, 1993.-54б
10. Садыков Т.С. Интеллектуальный облик будущего.- Алматы,2005.-157с
11. Садыков Т.С. Теоретико – методологические основы модернизации системы образования в Республике Казахстан.-Алматы.-1997.-360с.
12. Ишмухамедов А.Ш. Проблемы становления и развития политической науки в Казахстане.- Алматы, 1999.-90с
13. Нұртазина Р.А. Образовательная политика Республики Казахстан в условиях глобализации.-Алматы.,НИЦ «Ғылым», 2004.-320с.
14. Нурмагамбетов А.А. Образовательная политика Республики Казахстан в контексте трансформации системы высшего образования,
-.Алматы., Қазақ университеті, 2002.-354б.
15. Кыдырбекұлы Д.Б. Обогащение бизнес-образования в условиях Казахстана.\ Вестник Бизнес-Образования. 2008 с.21-25
16. Акишев А.А. Региональная политика Республики Казахстан и ее влияние на национальную безопастность страны.- Павлодар, НИЦ, 2206.-260б.
17. Татимов М.Б. Қазақ әлемі. – Алматы: Қазақстан-Атамұра, 1993.-160б.
18. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты.-Семей,1995.-160б
19. Романова Н.В. Этнополитические процессы в РК.-Алматы: 1998.-68с.
20. Джунусов А.М. Власть и оппозиция: историко-теоретические аспекты. –Алматы, 1997.-210с
21. Нарбаев Б. Военная доктрина и концепция национальной безопасности Исламской Республики Пакистан. \Поиск №3. 2005.-61-63с.
22. Симтиков Ж.Қ. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асу ерекшеліктері. 23.00.02- мамандығы бойынша саяси ғыл. докт. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс. – Алматы, 2005.-250б.
23. Абуева Н.А. Политическая элита в условиях модернизации государственного управления Республики Казахстан \ Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора политических наук по спец. -23.00.02-Алматы, 2007.-50с.
24. Әуелғазина Т.Қ. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі., 23.00.02- мамандығы бойынша саяси ғыл. докт. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс.- Алматы-2007.-250б
25. Абсаттаров Р.Б. Национальные процессы: особенности и проблемы.-Алматы: Ғылым, 1997.-248с.
26. Иренов Г.Н. Идеологический потенциал политической консолидации и механизм его реализации в Республике Казахстан \ Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора политических наук по спец. -23.00.02-Павлодар: 2004.-55с.
27. Нугманова К.Ж. Ценностные аспекты формирования гражданского общества в Республике Казахстан (политологический анализ): дисс. на соис. уч. степ. докт. полит. н. по спец. -23.00.02-Алматы: 2004. -274с.
28. Нұрымбетова Г.Р. Қазақстан қоғамын жаңартуға азаматтардың саяси қатысуы: 23.00.02-мамандығы бойынша саяси ғыл. докт. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс.-Алматы:2006. -277б.
29. Рахимова А.У. Государственная экологическая политика Республики Казахстан: сравнительно-политический анализ: дисс. на соис. уч. степ. докт. полит. н. по спец. -23.00.02-Алматы: 2005. -259с.
30. Нысанбаев А.Н., Косиченко А.Г., Кадыржанов Р.К. Филосовский анализ науки в контексте социокультурной трансформации общества.-Алматы, 1995.-58с.
31. Есім Ғ. Қазақ ұлтшылдығы \ Егемен Қазақстан, 2007.- 31 қаңтар.- 24-27бб .
32. Бұрханов К.Н. Внедрение и использование инновационных технологий в системе социального образования в Казахстане: проблемы и перспективы \ Материалы первого Всероссийского научно-педагогического социального конгресса. М.:2001.-328-336 с.
33. Кадыржанов Р.К. Консолидация политической системы Казахстана: проблемы и перспективы.-Алматы: Инс-т философии и политологии МН и ВО РК, 1999.-166с.
34. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау.-Алматы: 2000.-180б.
35. Қошанов А. Наука как стратегический приоритет формирования инновационной экономики. \ Саясат 2007 №1, 4-6 с.
36. Сабден О. Проблемы развития науки Казахстана в условиях становления экономики инновационного типа \ Инновации.-2007.-№ 8.-35-38с.
37. Днишев Ф. Особенности технологической политики на этапе перехода к экономическому росту. \ Экономика и статистика № 1. 2002.-10-14с.
38. Кажмуратов К., Кошанов К. Научно-техническая политика суверенного Казахстана. \Свободная мысль 1992г.№8.23-30 с.
39. Жұрынов М. Болашағымыз болжаулы \ Егемен Қазақстан 25 сәуір 2008ж.
40. Сулейменов Е.З. О состоянии развития науки в Республике Казахстан. \ Наука и Вызовы времени. Материалы Международной научно-практической конференции 1 том.-Алматы, 2008.105-110с.
41. Кульевская Ю.Г. Состояние исследований в Казахстане по приоритетам научно-технологического развития. Нанотехнологии: Аналитический обзор.-Алматы, 2008.2-6с.
42. Воронин А.А. Периодизация истории и проблема определения техники \ Вопросы филлософии. 2001. № 8. 17-28 с.
43. Ф.Бэкон. Әлемдік саясаттану Антологиясы.- Алматы, Қазақстан 2005ж.-33-40б.
44. Қазақстан Республикасының Ғылым туралы заңы.- Алматы, 2001.
45. Политическая энциклопедия. В 2т. Т.2.-М.: Мысль, 2000.-701с.
46. Насырова М.Р, Токсанбай С.Р. Современный экономический русско-казахский толковый словарь-справочник. \ Алматы, 2003.-123с.
47. Мельник В.А. Современный словарь по политологии. \ Минск, Книжный дом 2004.-250-252с.
48. Социологическая энциклопедия том 2. \ «Мысль», Москва 2003.-24-25с.
49.Сәбден О., Тоқсанбай С.Р. «Қаржы-экономика энциклопедиялық сөздігі. – Алматы: ҚР БжҒМ Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.- 455-458 б.
50. Новейший философский словарь. \ Сост. А.А.Грицанов, 1998.68-70с.
51. Степин В.С. ГороховВ.Г.Философия науки и техники.М.,1996-124с
52. Нанотехнологии: Казахстан может стать мировым лидером \ Литер-Медиа. info@liter/kz| (www.liter/kz)
53. Раманқұлов Е. Биотехнология: бүгін және ертең. \ Егемен Қазақстан 2007ж 5 ақпан.
54. Е.З.Сулейменов, Ю.Г.Кульевская. Состояние исследований в Казахстане по приоритетам научно-технологического развития. Космические исследования. – Алматы, 2008.-56-64с.
55. Каминский А. Космический путь Казахстана \ http://www.express-k.kz
56. Кембаев Б.А., Комлев Ю.В. Управление научно-техническим развитием США \ Наука и Высшая школа Казахстана. 2001, 15.09.
57. Иноземцев В. Парадоксы индустриальной экономики \ Мировая экономика и международные отношения.-200.-№3.-3-11с.
58. Иванов А.И., Казанцев В.О. Приоритетные национальные проекты – идеология прорыва в будущее. \ Сборник. Москва: Издательство «Европа», 2007.-73-77с.
59. «Нұр-Отан» саяси партиясының «Қазақстанның бәсекелі ғылыми әлеуеті үшін» атты Республикалық ғылыми форумның материалдары. \ Дала мен Қала. 27 сәуір, 2007 ж.
60. Перечень правовых документов по вопросам научно-технической политики Республики Казахстан.-Алматы, 2007.3-5с.
61. Укрепление научно-технической инфраструктуры Республики Казахстан. \ Отчет о мировых трендах в научно-техническом развитии и потенциальных возможностях Республики Казахстан на проведение передовых научных исследований по конкретным направлениям. 2006г.4-8с.
62. Түймебаев Ж.Қ. Ғылым мен білімдегі біліктілік – ел болашағы. \ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Ж.Қ.Түймебаевтың «Дала мен Қала» газетіне берген сұхбаты.
63. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы. 2004.08.01
64. Иманбекова Б.И. Қоғамдағы инновациялық саясат. \ Саясат 2005, №3 34-39б.
65. Сулейменов Е.З., Васильева Н.В. Динамика научно-технического потенциала Республики Казахстан за 2000-2007гг. \ Алматы 2008.-6-9с.
66. Сулейменов Е.З., Кульевская Ю.Г. Состояние и тенденции развития научно-технического потенциала в Республике Казахстан. \ Алматы 2008.-58-61с.
67. Н.Ә.Назарбаев жас ғалымдармен болған кездесуінде сөйлеген сөзі: «Шашылып кеткен миымызды жинап алу» біз үшін бүгін аса өзекті мәселе. \ Алматы ақшамы. №39, 5сәуір 2007.
68. Түймебаев Ж.Қ. Ғылым мен білімдегі біліктілік – ел болашағы. \ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Ж.Қ.Түймебаевтың «Дала мен Қала» газетіне берген сұхбаты.
69. Кажымурат К., Кравцов А., Даримбетов Б. Индустриально-инновационное развитие Казахстана: проблемы и их решение. \ Саясат 2003, №6.- 61-74с.
Достарыңызбен бөлісу: |