Қымбатты ұстаздар, ата аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар!


Ағылшын тілі тек 3-сыныптан бастап оқытылады



бет2/3
Дата05.09.2022
өлшемі23.9 Kb.
#460249
1   2   3
баяндама

Ағылшын тілі тек 3-сыныптан бастап оқытылады
Жаңа оқу жылында 1-сыныптарға үш тіл оқытылмайды. Балалар алдымен өз тілінде оқып, жазуды үйренеді. Артынан басқа тілдерді меңгереді.
Осылайша, қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысы тек қазақ тілін үйренеді де, екінші сыныпта орыс тілі енгізіледі. Ал орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен орыс тілі қатар оқытылады. 3-сыныптан бастап барлығы ағылшын тілін меңгеруге кіріседіЖаңа пәндер
Биыл "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері 1-ші сыныптан бастап оқытылады. Ал 6-сынып оқушылары музыка пәні аясында өз қалауымен домбыра тартуды үйрене алады.Бұған қоса, мектептерде қосымша факультатив есебінен шахматқа жазылуға болады.
 5 - 11 сыныптарда вариативтік компонентке «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіледі. Әдістемелік нұсқау хатта вариативті компоненттегі сағаттарды ұтымды пайдалану, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар көрсетілген.

Ата-аналар жиналысы жаңа формата өтеді
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналар жиналысын жаңа форматта өткізуге үндеді.
"Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшуі керек. Оларды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді", - деді Аймағамбетов аппарат жиналысында.
Министрдің айтуынша, әрбір ата-анаға мұғалімнен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы толық ақпарат алатындай жағдай жасау қажет. Ол үшін ата-аналармен қарым-қатынасты жаңаша жүргізу керек.
"Алтын белгі" талаптары күшейтілді
Биылдан бастап "Алтын белгіден" үміткер оқушыға нақты екі талап қойылады. Біріншіден, 9 сыныптың қорытындысы бойынша қызыл аттестат алу керек. Екіншіден, 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша "5" деген баға болуы шарт.
Бұдан бөлек, үміткерлер Назарбаев зияткерлік мектептер базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Тапсырмалар барлығына бірдей болады.
Бүгінде "Алтын белгі" алып жатқан түлектер аз емес. Алайда ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде кейбіреулер төмен ұпай алып жатады. Осыған байланысты үміткерлердің білімін объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың біреуі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет