Қымбатты ұстаздар, ата аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар!


Қазақстан тарихы басқаша оқытылады



бет3/3
Дата05.09.2022
өлшемі23.9 Kb.
#460249
1   2   3
баяндама

Қазақстан тарихы басқаша оқытылады
Биыл сәуір айында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов тарих пәнін оқытуға қатысты өзгерістер болатынын айтқан. Біріншіден, Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық оқулықтар болады.
Бұдан бөлек, балалардың білімін осы сабақ бойынша бағалау тәртібі де өзгереді. Қорытынды аттестаттау бұрынғыдай жазбаша ғана емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.
Құрметті ата-аналар!
Білім саласында болып жатқан жахандандыру үрдісіне Сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Сіздердің қолдауларыңыз, әрдайым назарларыңыз, оқу –тәрбие үрдісіне қатысуларыңыз маңызды шарт. Мына білім бәсекесі заманында бірлескен енбегіміз баларымызды білім шыңына жетелесін.

Құрметті ұстаздар!
Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы - ұстаз деген атаққа әрқайсың да лайық болыңыздар, қымбатты ұстаздар!
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Игі бастамаларыңызға шығармашылық, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет