«Қымыз – ауруға ем, сауға қуат» Секциясы: химия 2020 -2021 оқу жыл Мазмұны


XVIII ғасырдың ортасында Самара қаласында алғаш рет қымызбен емдеу шипажайы ашылды



бет7/7
Дата19.05.2022
өлшемі49.92 Kb.
#457664
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба Шаяхметова А

XVIII ғасырдың ортасында Самара қаласында алғаш рет қымызбен емдеу шипажайы ашылды. Осы ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас көрінуіне және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеді.
Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс істейді.
Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де 15 ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр.
Жаз айлары қымыздың көбейіп, арзандайтын кезі. Осы кездері ағзаларыңызға молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып алыңыздар.
Халық медицинасы қыста жылқы етін жеген адамдардың көп тоңбайтынын айтады. “Қымыз қырық түрлі дертке ем” дейді дана жұртымыз. Бие сүтінен ашытылатын қымыздың дәрулік қасиетін қазір ресми медицина да мойындап отыр. Ертеректе ел арасында туберкулезге шалдыққандарды қымызбен емдеген. Қымыздың қасиеті жайлы “Қазақтың халық медицинасы” кітабында: “Қымыз – шипалы сусын. Ас қорытуға көмектеседі. Денені, жүйкені қуаттандырады, ұйқыны түзейді. Өкпе туберкулезіне шипа болады. Көңілді көтеріп, рухтандырады. Ұзақ науқастан кейін арықтап, дененің әлсізденуіне, созылмалы өкпе туберкулезіне маусымның соңынан шілденің аяғына дейінгі қымыз өте жақсы ем болады. 3 айға дейін науқас адам шамасына қарай 1-2 литрге дейін күніне 2-3 рет ішкені жөн. Сонымен қатар қымызды жиі пайдалану ағзаны түрлі аурулардан арылтып, адамның оларға қарсы тұруына күш береді” делінген. . Қымыз ежелден ас қорыту жүйесінің ауруларын, анемия, құрқұлақ, мешел, неврастения және туберкулезді (құрт ауруларын) емдеуге қолданылып келеді. Сондай-ақ, қымыз ішектегі іріп-шіру процестерін тежеуге әсер етеді. Ондағы шіріткішмикробтарға, ішек таяқшаларына, стафилококк микробына антибиотиктік әсері бары дәлелденді. Сол сияқты, туберкулез таяқшаларының өсіп-өнуіне кедергі жасайтыны анықталды.Қымызбен емдеу ережесі: алғашқы 3 — 4 күн бойы аз-аздап, күніне 0,5 л-дей ғана ішіп, кейін 1 л, одан да көбірек ішуге болады. Сөйтіп, 7 — 8 күнде аурудың асқа тәбеті артып, ас — қорытуы түзеле бастайды. Қымызды тамаққа дейін 1 — 1,5 сағ бұрын ішу керек. Жалпы туберкулездің қандай түрін болмасын қымызбен емдеуге болады. Бірақ оның қайталап өршіп, қозып тұрған кезінде, яғни қан түкіріп, дене ыстығы көтеріліп кеткен жағдайда Қымызбен емдеуді уақытша тоқтата тұру керек. Гастрит ауруының қышқылдығы жоғары түріне ұшырағанда қымыз ішуге болмайды. Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы ашылған санаторий — “Бурабай”. Аурудың даму барысына қарай Қымызбен емдеу әдістерін Қазақ тағамтану академиясы зерттейді.
Орыстың атақты ғалымы В.И.Даль: “Қымыз ішуді әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан гөрі оның артықшылығын ерекше сезінесің. Осынау шипалы сусын 16 аштық пен шөлді бірден басады, денеңді салқындатады. Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Денсаулығың түзеліп, тынысың кеңиді, жүзің жарқырап шыға келеді. Оны басқа қорек түрлерімен ешбір салыстыруға болмайды”
деген екен. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, дені сау адам ағзасына тәулігіне орта есеппен 50 мг С дәрумендері керек болса, қымыздың бір литрінде ол 200-250 мг. Шипалы сусында сөл бөлуді, жүрек жұмысын жақсартатын В дәрумендері, В1,В 2,В 3 , оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12, ағзаның қартаюын тежейтін С тобы дәрумендері, липоид, А дәрумендері мол. Қымыз – нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын ішектегі шіру процесін тежейді. Шірітетін микробтарды, ішек таяқшаларын, сарғыш стафилококтарды қырып-жояды. Құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. .
Қымыз ашытқанда кейбір витаминдердің мөлшері өзгереді: биотин, тиамин, В12 витаминінің мөлшері кемиді; рибофлавин, фоли қышқылы сол 
күйінде қалады; пантотен қышқылы артады.
Қымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций тотығы - 48%, магний 
тотығы – 3,4%, фосфордың бес тотығы – 21,3%, хлор – 7,5%.
Қан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда 1,5 есе, ал мыс 3,2 есе артық.. Бір литр қымызда 1,60 мг мыс болады. Құрамындағы микроэлементтерінің мөлшері жөнінен бие сүті ана сүтіне жуықтау, бұл жөнінде Донецк медицина институтының ғылыми қызметкері Е.П.Гребникованың және басқаларының деректері дәлел бола алады.
Әрдайым алда жүретін Еуропа тағы да алдымызды орап кетті. Бүгінде қымыз өндірумен Германия, Голландия, Австрия, Италия мемлекеттері айналыса бастаған. Неміс ғалымдары қымыздың емдік қасиетін дәлелдегеннен кейін күллі Еуропада оған деген сұраныс жыл сайын арта түсуде. Өйткені бұл табиғи дәріні көзі ашық, жаңалықты бізге қарағанда тез қабылдайтын Еуропа жұрты бірден жоғары бағалап, қол жетімді қылуға күш салған. Бір ғана Германияда қазір осы өндіріспен 50-ге тарта кәсіпорын айналысады (бізде бар болғаны 10 шақты кәсіпорын ғана). Жуырда Алматыда өткен “Гастроэнтерология – 2011” халықаралық конгресіне қатысқан,
Германиядан келген қонақ Ганс Цольман: “Қазір Еуропа елдерінде қымызға деген сұраныс өте жоғары
17
. Біздің бие сүтінен жасалған өнімдерімізді Франция, Голландия, Бельгия елдері талап алады десек артық айтқандық емес. Әрине, бұл ретте қымызды
пайдалану дәстүрін қазақтардан алғанымызды мойындаймыз. Бір қымызға қарап-ақ қазақ халқының даналығын аңғаруға болады. Қазақ даласында қымыз жасау тәжірибесі бар, енді тек алға қарай соны дамыту қажет. Жылқылардың жақсысы да осы қазақ жерінде. Өндіріске күш салса жетіп жатыр” деген-ді. Кәрі құрлықта қымыз біздегіден 60 есе қымбат тұрады. Қазақстанда 1 литр қымыз 500 теңге төңірегінде болса, Еуропа елдерінде оның 1 литрінің құны 7-8 мың теңгеге жетіп жығылады. Мұны текке айтып отырғанымыз жоқ. Неге бізде осы өндірісті жандандырмасқа? Жерімізде жылқы көп емес пе? Елімізде шағын және орта бизнесті қолдауға мән беріліп отырғанда мүмкіндікті неге пайдаланып қалмасқа. Германия қымызға деген патентті иеленіп алғандықтан шетелге шығара алмаспыз, алайда ішкі сұранысты өтеуге жұмыстануға болады ғой. Жастардың арасында ұлттық тағамымыздың қадір -қасиетін насихаттасақ, ел арасында маскүнемдер азайып, түрлі аурулар мен өлім-жітім азаяр еді. Жеріміздің табиғатының өзі экотуризм орталығы болуға сұранып тұр емес пе?
Кезінде елімізде қымызбен емдейтін шипажайлар болып еді, қазір оның бірі жоқ. КСРО кезінде Кудряшов ауруханасында сырқаттарға қымыз беріліп, талай жандар өкпе ауруынан сауығып шықты.
АС.Пушкин қымыз жөнінде былай деп жазған: "Қымыз бие сүтінен жасалады: Бұл сусын - тау халықтары мен Азияда көшіп жүретін халықтардың жаппай ішетін сусыны. Оның дәмі жақсы және денсаулыққа барынша пайдалы деп есептеледі". Денсаулыққа пайдалы және ұзақ жасауға көмектесетін бұл сусын халықтық медицинада өкпе ауруларына ем ретінде пайдаланып келген. Қымыз адамды жүдететін созылмалы ауру кезінде денеге қуат беретін ем ретінде пайдаланылған. Дәрігерлер қымыз спиртін безгек ауруына ұшырағанда және жөтелгенде ішуге ұсыныс жасап отырған.
Қазір ойлап қарасақ ұлттық құндылықтарымызға мән бермегендіктен біртіндеп оларды шетелдіктер иемденуде. Бүгін Германия қымызға, еврейлер шұбатқа патент алса, ертең тағы біреуі қара домбырамызды біздікі деп жүрмесіне кім кепіл. Қымызды өз жерімізде, жылқының Отанында дайындасақ ғана кеткен есемізді қайтарамыз. Әрі туризмді дамытып, қымбат та шипалы сусынды табыс көзіне
18

айналдырамыз. Жерінде ешбір қазба байлығы жоқ Жапония жоғары технологияларды өндіру арқылы дамып отырғанын білеміз. Күншығыс елінен үлгі алып, пайда келтіреді дегеннің бәрін іске қоссақ, нарық заңының талабын орындаймыз. Мейлі,


бізде тау мен ескі қорғандар болмай-ақ қойсын, есесіне шалғынды даламыз бен тамаша сәйгүліктеріміз бар ғой. Сөз соңында “Елім” деген азаматтар қымыз өндірісіне көңіл бөліп, онымен айналысқысы келетін кәсіпкерлерді, жылқышыларды қолдаса, нұр үстіне нұр болар еді дегіміз келеді.


Жылқы қымызы денсаулыққа аса пайдалы екендігі әр уақыт насихатталып келеді. Соған қарамастан, ағзаға пайдалы сусынды аз мөлшерде пайдаланамыз. Оған себеп, әлі де қымыздың маңыздылығына және қажетті мөлшерде пайдасы бар екендігіне түсінігіміз шамалы. Сондықтан жылқы малын көбейте отырып, еліміздің барлық түкпірінде сапалы дайындалған қымыздарды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, оның қасиетін жоғарылатуға қамқорлық жасалу керек.
«Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз» – деп Жамбыл атамыз жырға бекерден-бекер қоспаса керек-ті. Ал Ақтамберді жырау болса: «Биенің сүті сары бал – қымыздан асқан дәм бар ма?» деп тамсанған. Өйткені, қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмдерінің бірі.

19


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қ.Бозымов «Жылқы және түйе шаруашылығы» Алматы  «Қайнар»1993ж.
2. Л.В Әлімжанова «Сүт өнімі» Астана, 1998ж.
3. З.С Сейітов «Қымыз және шұбат»  Алматы 2005ж.
4. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
5. М.Г.Курамшина «Қымыз» Алматы, 1951 ж.
6. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968ж.
7. Б.Садықов, И.Сарыев, А.Отарбаев «Ақ дастарқан» Алматы «Қайнар» 1987 ж.
8. Л.В.Әлімжанова «Сүт өнімі» Астана, 1998 ж.
9. Б.Барақбаев «Сүт және сүт тағамдары» Алматы, 1989 ж
10. Интернет желісі

20

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет