«Қымыз – ауруға ем, сауға қуат» Секциясы: химия 2020 -2021 оқу жыл Мазмұны



бет4/7
Дата19.05.2022
өлшемі49.92 Kb.
#457664
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба Шаяхметова А

«Қымызмұрындық» мерекесі салтанатты түрде тойланды. Қымызмұрындық мейрамын шартты түрде екіге бөлуге болады. Бірінші – бие байлар. Ел жайлауға көшкен соң сауылатын биелерді бөле бастайды. Ауыл ақсақалдары өзара кеңесіп, бұл іске ерекше ден қояды, желілерді тартқыздырады, асау биелерді ұстау үшін жігіттерді дайындаған. Ал әйелдер жағы болса, сабалар мен көнектерді жуып, желіге кептірудің қамына кірісетін болған. Осылайша жігіттер желінің жібін тартып, қазықтарын қағып, тоқпақтарын сайлаған. Сәскеге жақындағанда ауыл адамдары желінің басына жиналып, құлындарды ұстап, желіге байлай бастайды. Құлындарды
байлап болған соң, әйелдер мен қыздар желі басына піскен ет, құрт, ірімшік, тағы басқа тағамдар әкеледі. Барлығы отырып, тамақ ішкен.
Көпшілік бір-біріне «Байлар көбейсін!» деп тілектер айтқан. Желіге, айғырдың жалы мен сауырына сары май жағады. Мұны «бие байлар» деп атайды. Бие байлардан соң қымыз ашытуға ұласады. Ашытқысы барлар күнделікті саумалды бір-біріне қосып, қымызмұрындыққа дайындалады. Ашытқыны «ұйытқы» немесе «қор» деп атайды.
Сан жылдар тарихы бар мерекеміздің аталып өтуіне Облыстық мұсылман әйелдер лигасындағы әжелеріміздің еңбегі зор. Дәстүрімізді жаңғыртып, ұрпақ жадында сақтату, қымызмұрындық мерекесін қайтадан ортамызға әкелу бүгінгі күннің басты мақсаты. Облыстық мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Зара Қожахметова:
1Біз, "Қымызмұрындық” мерекесін жылына бір рет өткізіп келе жатырмыз, жылда айтулы мерекеге аудан, ауыл тұрғындары ат салысатын. Биыл сәл өзгеріс жасадық. Енді әр ауылдық елді – мекендер аталмыш мерекемізді өздері кезек – кезек атап өтетін болды. Бүгінгі қаламыздағы бұл мереке дәстүрлі мерекеміздің бастауы болмақ, - деді. Сонымен бірге еліміздің тыныштығын тілеп, мемлекетіміз қуатты болсын деген ақ тілегін жеткізді.
Шыныменде осында керемет жаздың жылы шырайлы күндері келетін қымызмұрындық мерекесінің қасиеті ерекше. Халқымыз қыстың қытымыр күндерін артқа тастап, ұзын сарыдан да өтіп, аузының аққа тиген шарапаты мол уақыты. Қымызмұрындық мерекесін тойлауға жиналған бұқара саны да ауыз толтырып айтарлықтай. Жиналғандар арасында қарттарымыздан бастап, тәй – тәй басқан бүлдіршіндерімізде болды. Қашанда той тойлауды ұнататын көпшілік сіз-біз десіп сыйласып, сапырылған қымыздан сусындап, әжелердің ақ бауырсағынан дәм татысты. Орталық бақта ұлттық нақыштың көрінісі байқалып, ән шырқалып, би биленіп, ұлттық ойындар ойналып, өнерпаз қыз – жігіттер мерекенің көркін қыздыра түсті.
Бізді қуантқан бір жәйт - ол кішкентай жас өспірім ұлдарымыз бен қыздарымыздың ұлттық киім киіп, қазақша тамылжыта ән салуы болды.
- Халқымыздың осындай керемет мерекесі бар екендігін осы бастан бастап сезіне берсін деген ниетпен немерелерімізді дәстүрлі мерекемізге арнайы ертіп келдік-, дейді ақ жаулықты әжелер. Көпшіліктің көркін ашып, ұлттымыздың иісін сездіріп, ұлттық киім бойларына жарасып жүрген өскелең ұрпақты сөзге тартқанымызда, 8 олар "Қымызмұрындық мерекесін әжелерімізбен бірге тойлауға келдік”-, дейді зор мақтанышпен.
Қымызмұрындық мерекесінің соңында жиналған қауым "Аузымыздан ақ, басымыздан бақ кетпесін” - деген лебіздерін айтысып, көтеріңкі көңіл – күймен үйлеріне тарқасты.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет