«Қымыз – ауруға ем, сауға қуат» Секциясы: химия 2020 -2021 оқу жыл Мазмұны


Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді. Құнан қымыз



бет3/7
Дата19.05.2022
өлшемі49.92 Kb.
#457664
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба Шаяхметова А

Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді.
Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады. 4
Қысырақ қымыз – бірінші рет құлынданған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама биелердің сүтіне қарағанда әлде қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте «Ту қымыз» деп айтады.
Қысырдың қымызы- бие ағытылып кеткен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыста қолда ұстап сауады. Сондықтан, бұл қымызды «қысырдың қымызы» дейді.
Сары қымыз –шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.
Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.
Түнеме қымыз- ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні (тағы бір күн асқаннан кейін) қотарылған қымыз.
Қорықтық (тасқорықтық) – тек қана қой - ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамақ. Ағаш тостаққа не сапты-аяққа сауып қой сүтіне отқа әбден қыздырылған малта тасты бір-бірлеп салып отырады. Шикі сүт 2-3 минутта қайнап, піседі.
Қымыздың дәмін келтіріп және күшейту үшін қосылатын заттар:
* Кепкен сүр қазы * Қойдың еті
* Қойдың құйрығы * Қалампыр
* Күшала
* Көк қылша * Жылқының тобығы
* Қант * Бал
* Мейіз * Кептірілген өрік
* Құйма күміс (жамбы)
Қымыздың ашытқысы:
* Ұйытқы * Қор
* Қораба * Ерім
* Тұз сіңген жылқының жаясы * Ашыған нан
* Ашыған бидай көже * Жылқының жақ сүйегі
* Жылқының ортан жілігінің басы (пісірілген) 5
Сабаны ыстайтын заттар:
* Тобылғы
* Қайыңның қабығы
Зерттеу бөлімі
Халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы – ғұмыр бойы жинақталған тәжірибелердің қорытындысы. Онда талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер , пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашан да нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын жемісі болып отыр.
Көшпелі елдің барлық тіршілік болымысы табиғатта және табиғатпен біте қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген олар өз мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып, біліп және сол кеңістіктегі құбылыстарды уақытымен зерделеуге, теңестіруге, пайымдауға машықтанды. Ертедегі қазақ халқы қоршаған ортаны бір – бірінен оқшау тұрған заттар мен құбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтастай байланысты бірліктегі дүние деп таныды, табиғаттағы заттар ондағы жүретін құбылыстардан тұратындығын пайымдады. Табиғат туралы қазақ халқында оның кеңістіктегі уақыттық мөлшері жағынан біркелкі және жалпы заңдылықтары бар екенін, ондағы заттар мен құбылыстардың мәңгі әрі шексіз екендігі бойынша дүниетаным қалыптасты. Тарихи зерттеулер тас дәуірден бері өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының арғы ұрпақтарының малмен, егіншілікпен айналысып, жартылай көшпелі өмір сүргенін дәлелдейді. Қазақтар қоршаған ортада даму, өзгеру, қозғалу, басқа заттарға айналу , үрдісі жүріп жатқандығын , олардың өзіне тән заңдылықтарының бар екенін ертеден – ақ сезгені анық. Мысалы ағаш жанып күлге айналады, сүт ашып, айранға айналады, қайнап тұрған су тағам құрамын өзгертіп пісіреді. Бұндай құбылыстардың физикалық және химиялық ғылымдардың зерттеп дәлелденгендігіне дейін ескі таным қалыптасқан болатын.
Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша қазақ өте қонақжай халық. Дастарханы мал өнімдері мен сүт өнімдерімен көмкерілген. Төрт түлік малдың сүтінен әр түрлі тәтті, дәмді тағамдар әзірлеп, дастархан байлығын арттыра түскен. Қазақ халқы 6 көшпелі өмір сүргендіктен тұтынатын ыдыстары көбінесе темірден, ағаштан,теріден жасалып, ою- өрнектермен әшекейленген. Әсіресе сүт тағамдарын сақтау мен дайындауда басқа ұлтқа қарағанда қазақ халқы өте шеберлік танытқан.
Түр­­кі халықтары этнографиясы­н зерттеуші Л.П.Потапов былай деп жазған: «Қы­мызды ойлап тапқан – көш­пен­­ділер, себебі нағыз көш­пенді тұрмыс шыдамды да, жүріске мықты жылқы өсірумен байланысты болды. Көшпенді тұрмыста бұл жаңалыққа тап болу әсте қиын емес еді. Сауып алынған бие сүтін тері ыдысқа құйып (саба – А.Т.), көшіп жүргенде ыстық күнде шайқалған сүт өзінен-өзі қымызға айналған. Шайқалған сүтті ішіп көрген көшпенді шөлін қанды­рып, жан сарайын ашып, денсаулығын нығайтып, көңілін көтергенін бай­қаған. Олар сөйтіп қымыз жасаудың әдістерін жетілдіре берген… Негізінде қазақтарда қымыз ашытудың осы көне әдісі әлі күнге дейін сақталған, қазақтар әлі күнге дейін қымызды тері ыдыс­тарда сақтайды және ұзақ көште тері ыдыс­та үнемі бірқалыпты шайқалып, көбіктеніп тұрған қымыз ең дәмді деп саналады».

Қымызмұрындық» мерекесі


Көктем келіп, тіршілік жаңа бір түрге еніп, табиғат бусанған шақта қыстың қыспағынан шығып, аузы аққа тиген халық осы бір кезеңді ерекше той думанға айналдыратын. Жер көктеп жайлауға шыққан жұртшылық бие байлап, қымыз ашытып, бүкіл ауыл болып тойлайды. Бие сауылып, саба қымызға толған сәтте алғашқы сусыннан барша жұртшылық ауыз тиіп, бұл жиын қымызмұрындық мерекесіне ұласатын. Қымызмұрындық – наурыз, сабантой секілді қазақтың көне мерекелерінің бірі. Алайда кешегі кеңес үкіметі тұсында қымызмұрындық мерекесі түгілі, қазақ өзінің төл сусыны қымызды ұмыта бастаған жоқ па?! Оған тарих беттері куә бола алмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет