ИММУНИТЕТ АНЫҚТАМАСЫ. - Иммунитет дегеніміз патогенді микробтардың, олардың токсиндерімен басқа да биологиялық бөгде заттардың әрекетін адам организмінің қабылдамаушылық жәйі.
иммунитеттің 2 түрін ажыратады: - туа біткен /түрлік/
- өмірде пайда болған /персональдық/
Туа біткен иммунитет - тұқым қуалаушылықпен беріледі және конституционды түрге лайықты болады. Мысалы, адамның ешқашан иттердің, ірі қара малдардың обасымен ауырмайтыны белгілі. Туа біткен иммунитет өте берік болады, бірақ абсолютты емес.
Өмірде пайда болған иммунитеттің активті және пассивті түрлерің ажыратады. Активті пайда болған иммунитет патогендік микробтардың әрекетіне қарсы реакцияның салдарынан дамиды,табиғи және жасанды болу мүмкін. - Табиғи активті иммунитет инфекциядан кейін дамиды
- жасанды активті иммунитет – вакцинациядан кейін.
- Активті иммунитет ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін, әсіресе инфекциядан кейін дамыйтың иммунитет /өмір бойы сақталуы мүмкін.
Пассивті иммунитет дайын антиденелерді енгізу арқылы пайда болады. - Табиғи пассивті иммунитет анасынан ұрыққа плацента арқылы немесе сүтпен берілген антиденелердің әсерімен түзіледі.
- Жасанды пассивті иммунитет қанның сары суын немесе даяр антилденелері бар глобулиндерді енгізу арқылы пайда болады.
- Пассивті иммунитет жылдам болады да бірақ 15-20 күнге дейін сақталады, ол уақытта бөгде антиденелер организмнен шығарылады.
АДАМ ОРГАНИЗМНІҢ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕСІ - Бұл жүйе организмді жұқпалы ауру қоздырғыштарынан және басқа генетикалық жат агенттерден қорғайды.
- Арнайы жасушалар мен мүшелер бұның ең басты қызметін атқарады – “өзінікін” “бөгдеден” ажырату, бөгдені жою, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау.
- Иммундық жүйенің адам организмінің өзіндік антигендеріне табиғи толеранттылық /иммундық жауабының жоқтығы/ байқалады, өйткені бұларға эмбрионалдық кезеніңде танып үйренеді. Өмірде кездескен генетикалық заттар туралы хабар иммундық естілікте сақталады және бұлармен екінше рет кездескенде бұларды организмнен тез шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |