«Қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі


«Жүктіні сұрастыру техникасы бойынша стандарт» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі



бет3/7
Дата15.06.2023
өлшемі45.25 Kb.
#475110
1   2   3   4   5   6   7
«?ûíàïòû æ?íå æàòûð ìîéíûí àéíà ê?ìåã³ìåí ?àðàó» ò?æ³ðèáåë³ê äà?

«Жүктіні сұрастыру техникасы бойынша стандарт» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Көрсеткіштер: Жүктілік уақытында ауруларды табу және анықтау.




2

Қарсы көрсеткіштер: жоқ




3

Паспорттық мәліметтер




4

Шағымдар




5

Балалық кезеңде және жасөспірім кезінде басынан өткерген аурулары, олардың өту сипаты және емі.




6

Тұқым қуалаушылық




7

Еңбек және тұрмыс жағдайы




8

Эпидемиологиялық анамнез




9

Аллергологиялық анамнез




10

Акушерлік-гинекологиялық анамнез: етеккірлік қызметі ( менархе және етеккір циклінің қалыптасу ерекшеліктері,ұзақтығы, ауырсынулығы және етеккірдің тұрақтылығы, етеккір кезіндегі жоғалтқан қан мөлшері, соңғы етеккірдің күні);
Жыныстық өмірі(неше жастан,некеде тұруы);
Гинекологиялық аурулар( аурудың аты, қашан, ұзақтылығы және өту ерекшеліктері, жүргізілген ем түрі,емнің нәтижелері);
Генеративті қызмет-жүктілік саны, олардың өтуі жіне аяқталуы жайлы толық мәлімет;
Осы жүктіліктің өтуі, сонымен қоса басынан өткерген аурулары( қай аптасында,қабылдаған емі).



Стандарт: Қынаптық бөліндінің тазалық дәрежесіне жағынды алу.





«Қынаптық бөліндінің тазалық дәрежесіне жағынды алу бойынша стандарт» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Көрсеткіштер: Диагностикалық мақсатта




2

Қарсы көрсеткіштер: қан кету, вульва және қынап жыртылыстары




3

Мақсаты: Микроскопиялық зерттеуге жағынды алу




4

Жабдықтануы: Гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, Фолькман қасығы заттық шыны,зертханаға жолдама, бір реттік қолғаптар, жеке жаялық.




5

Іс-әрекет алгоритмі: Әйелге жүргізілетін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.




6

Әйелді гинекологиялық креслоға (арқасымен, аяқтары жамбас-сан және тізе буынында бүгілген, аяғы екі жаққа ашылған),жеке жаялыққа жатқызу.




7

Жатыр мойнын қарауға жеткілікті жарықпен қамтамасыз ету.




8

Қолды өңдеуді жүргізу. Стерилді бір ретік қолғаптар кию.




9

Құрал-жабдықтарды дайындау:гинекологиялық айна, Фолькман қасығы (желобоватый зонд), заттық шыны.




10

Гнекологиялық айнаны енгізу.Фолькман қасығымен артқы күмбезден бөлінді алып,заттық шыныға жағу.




11

Гинекологиялық айнаны жай қимылмен шығару,хлораминнің 3% ерітіндісіне саламыз. Бір реттік құралдармен жұмыс жасағанда оларды ҚУЖК тастау.




12

Әйелден тұруын сұрау.




13

Бір реттік қолғапты жұқпалардың алдын алу шараларының ережелеріне сәйкес шешу.




14

Қолды сабынмен сумен жуу.




15

Жолдаманы жазу:( кабинет саны,ТАӘ,жасы, жұмыс немесе оқу орны, жағынды тағайындамасы(тазалық дәрежесіне жағынды),күні,акушерка немесе дәрігер қолы)




16

Жағындыны зертханаға жіберу.




Стандарт: Жүкті әйел салмағын өлшеу.





«Жүкті әйел салмағын өлшеу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Көрсеткіштер: салмағын анықтау




2

Қарсы көрсеткіштер: жоқ




3

Мақсаты: жүкті әйел салмағын өлшеу




4

Жабдықтануы: жер тақтайлық таразы,жүкті әйелдің жеке картасы, резеңкелік кілемше, дез.ерітінді,шүберек




5

Іс-әрекет алгоритмі:жүкті әйелді зерттеудің жүргізілуімен таныстыру




6

Жүкті әйел аяғының астына резеңкелік кілемшені жайып,таразыға тұруын сұраймыз




7

Таразы көрсеткішін шкала бойынша тіркейміз




8

Нәтижелерді жүкті әйелдің жеке картасына тіркейміз




9

Таразыны дез.ерітіндіге салынған шүберекпен сүрту




10

Қолды сабынмен сумен жуу.




11

Ерекшелігі: салмақ өлшеуді бір уақытта жүргізу қажет (таңертең,ашқарында)



Стандарт: Бой ұзындығын өлшеу.





«Бой ұзындығын өлшеу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Көрсеткіштер: Бой ұзындығын өлшеу.




2

Қарсы көрсеткіштер: төсек тартқан жүктілер мен босанушылар




3

Мақсаты: ДСИ(ден салмағы индексі) анықтау үшін жүкті әйел бойының ұзындығын өлшеу




4

Жабдықталуы: бой өлшегіш,жүкті әйелдің жеке картасы, шүберек, дез.ерітінді




5

Іс-әрекет алгоритмі: әйелге жүргізілетін процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру




6

Бой өлшегішке қырынан тұрып , жүгірткішті әйелдің мүмкін болатын бой ұзындығынан жоғары көтереміз




7

Жүкті әйелді бой өлшегіш алаңына дұрыс тұрғызу:табаны, мықыны және жауырыны бой өлшегіштің тұғырына жанасуы қажет,ал басы- құлақ салпыншағы және көздің сыртқы бұрышы бір көлденең сызықта орналасатындай болуы қажет.




8

Бой өлшегіштің жүгірткішін жүкті әйелдің төбесіне төмен түсіріп, көздің нөлдік деңгейінен сантиметрлік шкала бойынша анықтаймыз.




9

Алынған мәліметтерді жүкті әйелдің жеке картасына тіркейміз.




10

Бой өлшегішті дез.ерітіндіге салынған шүберекпен сүртеміз.




Стандарт: Іш айналымы және жатыр түбі биіктігін өлшеу.



«Іш айналымы және жатыр түбі биіктігін өлшеу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Көрсеткіштер: Гестациялық аптаға сәйкестігін анықтау




2

Қарсы көрсеткіштер: жоқ







Мақсаты: жүктіліктің даму динамикасын бақылау (қайталама өлшеулерде); алынған мәліметтер көмегімен ұрықтың болжам салмағын анықтау




3

Жабдықтануы: сантиметрлік лента, кушетка




4

Іс-әрекет алгоритмі: жүкті әйелді болатын зерттеу жайында ескерту,зерттеу алдында қуықты босатуы жайлы керектігін түсіндіру;




5

Жүкті әйелді кушеткаға арқасымен,аяғын созғызып жатқызу




6

Сантиметрлік лентаны іш маңына алдыңғы жағынан-кіндік бойына, артынан-бел аймағына орналастыру




7

Алынған нәтижені белгілеу




8

Сантиметрлік лентаны іштің ортаңғы сызығы бойымен орналастырып, симфиздің жоғары қыры аралығын (сантиметрлік лентаның басы) және жатырдың көтеріліп(жоғары) тұрған нүктесін өлшеу




9

Алынған нәтижені белгілеңіз




10

Жүкті әйелге кушеткадан тұруына көмектесу(бір қырына бұрылуы арқылы)




11

Колды жуу




12

Өлшеу нәтижелерін медициналық құжаттарға жазу



Стандарт: Жүктіні сыртқы акушерлік зерттеу





«Жүктіні сыртқы акушерлік зерттеу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Көрсеткіштер: Ұрықтың орналасуын анықтау




2

Қарсы көрсеткіштер: жоқ




3

Мақсаты: ұрықтың жатырда орналасуын анықтау




4

Жабдықталуы: кушетка, манекен (фантом), қуыршақ




5

Іс-әрекет алгоритмі: жүктіге(босанушыға) зерттеудің мақсатын түсіндіру




6

Жүкті әйелді кушеткаға арқасымен аяғы созылған күйінде жатқызу




7

Кушеткаға жүктінің(манекеннің) оң жағына бетімен қарап отыру




8

Жатыр түбі биіктігін және жатыр түбінде орналасқан ұрық бөліктерін анықтау үшін бірінші әдісті жасау. Ол үшін екі қол алақанын жатыр түбіне орналастырамыз, саусақ ұштары бір-біріне бағытталған, бірақ бір-біріне тимеуі қажет. Семсер тәрізді өсіндіге немесе кіндікке қатынаспен жатыр түбі биіктігін және жатыр түбіндегі ұрық бөліктерін анықтау.




9

Жатыр қуысындағы ұрықтың орналасуын,позициясын және түрін анықтау үшін екінші әдісті жасау. Ол үшін қол білезіктерін жатырдың бүйір жақтарына орналастырып, алақанмен жатырдың бүйір бөліктеріне пальпация жасаймыз. Ұрықтың арқасының (жұмсақ, тегіс, бұдыр емес),ұсақ бөліктерін (қолы,аяғы) орналасуын анықтау және қорытынды жасау.Арқасы сол жақта-І позиция,арқасы оң жақта- ІІ позиция,арқасы алда-алдыңғы түр,арқасы артта-артқы түр.




10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет