«Қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі


«Сыртқы жыныс мүшелерін қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі



бет2/7
Дата15.06.2023
өлшемі45.25 Kb.
#475110
1   2   3   4   5   6   7
«?ûíàïòû æ?íå æàòûð ìîéíûí àéíà ê?ìåã³ìåí ?àðàó» ò?æ³ðèáåë³ê äà?

«Сыртқы жыныс мүшелерін қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Мақсаты: сыртқы жыныс мүшелері жағдайын бағалау.




2

Көрсеткіштер: дамуын бағалау,патологияны анықтау




3

Қарсы көрсеткіштер: жоқ




4

Жабдықталуы: Гинекологиялық кресло, жаялық, стерилді қолғаптар




5

Іс-әрекет алгоритмі: Әйелге жүргізілетін зерттеудің мәнін түсіндіру .




6

Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу




7

Қолды жуу, стерилді қолғаптар кию




8

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау,жағдайы мен түктену дәрежесін бағалау.




9

Шатаралықтың жағдайын, үлкен және кіші жыныс еріндері дамуын, жыныс саңылауы жағдайын қарау




10

Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашу, қынаптың шығаберісінің шырышты қабатын,уретраның сыртқы тесігін қарау




11

Қыздық перде жағдайын бағалау




12

Үлкен вестибулалық безді зерттеу: оң қолдың бас бармағы және сұқ бармағымен үлкен жыныс еріндерінің төменгі бөлігін екі жағынан да пальпациялау.




13

Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуып,сүрту.




14

Алынған мәліметтер негізінде қорытында жасау.



Стандарт : Сүт бездерін қарау





«Сүт бездерін қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Мақсаты: Сүт бездері патологиясын анықтау




2

Көрсеткіштер: Сүт бездері аумағындағы тығыздалу




3

Қарсы көрсеткіштер: жоқ




4

Жабдықталуы: Жарықтық лампа , стерильді бірреттік қолғап




5

Іс-әрекет алгоритмі : Әйелге жүргізілетін зерттеудің мәнін түсіндіру . Сүт бездерін қарау үшін жарықтың қырынан және алдынан болуына қамтамасыз ету.




6

Қолды жуу, бірреттік орамалмен сүрту,бірреттік қолғап кию.




7

Әйелге беліне дейін шешінуін сұраймыз, қол саусақтарын шүйдесіне кояды. Әр сүт безін 4 квадрантқа бөлеміз(жоғары-ішкі,жоғарғы-сыртқы,төменгі-ішкі,төменгі-сыртқы)




8

Сүт бездерінің тері жабындыларының түсін,көлемін және формасын квадрант бойынша бағалау




9

Сүт безі ұшының және ареоланың жағдайы мен формасын бағалау




10

Әйелге қолын беліне қойып,бір уақытта кеуде қуысының бұлшықеттерін қатайтуын сұрау.




11

Бір қолымызбен сүт безін көтере отырып, екінші қолымыздың алақандық бетімен квадрант бойынша бездік денені мұқият сипалау.




12

Әйелге дәрігерге қарап қолын иығымызға салуын сұрау. Кеуде бұлшықеттерінің шеттерін(Сергиев лимфатикалық түйін) және бұлшықеттік алаңды пальпациялау




13

Бұғанаасты лимфатикалық түйіндерді пальпациялау. Жүктіні,босанушыны дәрігерге арқасымен тұруын сұрау. Жүктінің артында тұрып қолдың алақандық бетімен пальпация жасау.




14

Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуу,бірретік орамалмен сүрту.Алынған мәліметтер негізінде қорытында жасау.



Стандарт : Гинекологиялық науқастарды бимануальды зерттеу





«Гинекологиялық науқастарды бимануальды зерттеу » тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

Жауап

1

Мақсаты: Гинекологиялық науқастарды бимануальды зерттеу




2

Көрсеткіштер: Ішкі жыныс мүшелері жағдайын бағалау




3

Қарсы көрсеткіштер: жоқ




4

Жабдықталуы: Бірреттік стерилді қолғаптар




5

Іс-әрекет алгоритмі: әйелге жүргізілетін зерттеудің мәнін түсіндіру .




6

Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу




7

Қолды жуу, бірреттік орамалмен сүрту,бірреттік қолғап кию.




8

Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашу. Оң қолдың ІІІ саусағын қынапқа енгізу,шатаралыққа басу арқылы ІІ саусақты енгізу,бас бармақ жоғары қайырылған, IV және V – алақанға жинау.




9

Қынап жағдайын бағалау: көлемін, қатпарлығы, қабырғаларының созылғыштығы, патологиялық өзгерістердің болуы.




10

Жамбас түбі бұлшықеттерінің(қынаптағы керілген саусақтар кезінде әйелге бұлшықеттерін қатайтуын сұрау,жеткілікті күште-бұлшықеттер саусақтарымызды қысады) жағдайын бағалау.




11

Қынап күмбездерін тексеру (салбырауы,тығыздалу).Жатыр мойнының қынаптық бөлігін(орналасуы,формасы,ұзындығы,консистенциясы,қозғалмалылығы және ауырсынуы,сыртқы аран жағдайы, жатыр мойны каналының өткізгіштігі) бағалау




12

Оң қолдың II және III саусақтарды қынаптың оң күмбезіне орналастыру.Сол қолымызды қасаға үстіне орналастыру.Жатыр пальпациясын жасау:орналасуын, көлемін, формасын, консистенциясын, аурсынулығын бағалау.




13

Қынаптығы саусақтарымызды бүйір күмбезге орналастырып, бір уақытта сыртқы қолымызбен түтіктердің пальпациясын жасау.




14

Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуу,бірретік орамалмен сүрту.Алынған мәліметтер негізінде қорытында жасау.




Стандарт : Жүктіні сұрастыру







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет