«Индикаторлар жүйесі және диагностика» курсына кіріспе


Дәріс 3 Мектепке дейінгі ұйымдардың оқыту-тәрбиелеу үрдісін педагогикалық диагностикалау Индикаторлар жүйесі –диагностикалық жұмыстың ажырамас бөлігі



бет3/12
Дата29.08.2022
өлшемі59.07 Kb.
#460068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Индикаторлар ж йесі ж не диагностика» курсына кіріспе (1)

Дәріс 3 Мектепке дейінгі ұйымдардың оқыту-тәрбиелеу үрдісін педагогикалық диагностикалау
Индикаторлар жүйесі –диагностикалық жұмыстың ажырамас бөлігі.
Индикатор дегеніміз балалардың алған білімінің нәтижесі. Оны ұзақ
уақыт бақылаудан соң балабақша тәрбиешісі , әдіскері және педагог-психологы жасайды.Индекаторлар жүйесі бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізінде әзірленді. Мектпке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бірінші деңгейі болып табылады. Бұл аса маңызды әлеуметтік институттардың бірі, оның ба-ланы 1 жастан 6 жасқа дейін кешенді демеп отыру үдерісін басқарудағы мүмкіндіктері мол. Егер бұрынырақта бала дамуының диагностикасы білім беру бағдарламасының сөйлеуді дамыту, хат тануға оқытуға,дайындық, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру және т. б. сияқты негізгі тараулары бойынша білімді, икемділіктерді, дағдыларды айқындаумен шектелсе, қазір индикаторлар жүйесіне бала дамуының құзіреттілік сапаларын қадағалауға, бұл құзіреттерді меңгеру тәсілдері мен жолдарын айқындауға кешенді тәсіл негізге алынған. Баланы кешенді демеуді басқару үдерісінің негізін құзіреттілік даму мониторингі мен оның алға жылжуларын жеке білім беру траекториясы бойынша жобалау құрайды. Бұл ретте мониторингтің мақсатты бағдарлары баланың 5 білім беру саласы бойынша құзіретті даму көрсеткіштері , ал деңгей белгісі - индикаторлар жүйесі болып табылады.
Бала 5 білім беру саласындағы мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту тарауының негізіне алынған:
денсаулық сақтаушы (өзінің тән саулығына қамқорлық, салауатты өмір
сал-ты мен гигиена дағдыларын үйрену, сенсорлы-қозғалу функцияларының дамуы);
коммуникативті-тілдік (жадты, ойлауды, қиялды дамыту, негізгі тілдік
нор-маларды меңгеру, сөйлеу арқылы қоршаған дүниемен өзара қатынастарды
қалыптастыру);
танымдық (қоршаған дүние туралы белгілі бір түсініктердің
болуы, ой өрісінің дамуы, жинақталған тәжірибеде байланыстар мен
тәуелділіктерді орнықтыру);
шыгармашылық (рухани қасиеттерді - зияткерлік және сезімдік
бастама-ларды өнерге ортақтастыру арқылы дамыту және рухани құндылықтарға ие
болу, шығармашылықәлеуетті белсендіру);
әлеуметтік (социумда бағдарлану шеберлігі, қоршаған дүниеде:
отбасын-да, құрдастарының арасында, ересек адамдармен қарым-қатынастар мен
өзара әрекеттестікті жолға қою).
«Индикаторлар» мазмұнында
балалардың барлық білім беру салалары
және тараулары бойынша жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет