Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы №1012 Қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау



жүктеу 94.87 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі94.87 Kb.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 Қаулысы


      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса беріліп отырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің      
2012 жылғы 1 тамыздағы
№ 1012 қаулысымен  
бекітілген     

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері

      1. Осы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері (бұдан әрі – шарттар мен тетіктер) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.


      2. Негізгі ұғымдар және терминдер:
      1) бас келісім – қаржы агенті мен қаржы институты арасындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру бағдарламасы бойынша олардың өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;
      2) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансферттеріне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      4) кредит беру – ақылылық, жеделділік және қайтарымдылық негізінде қарыз алушының мүлкін кепілге салу арқылы ақшалай қаражат беруден көрінетін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін нысаналы қаржыландыру нысаны;
      5) кредит – ақылылық, шұғылдық және қайтарымдылық шарттарында қаржы институтына қаржы агентінен түскен және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін кредиттеуге арналған ақшалай қаражат;
      6) кепіл – қарыз алушы банктік қарыз шартының талаптарын бұзған жағдайда, кредит беруші өндіріп алуға жүгінетін жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік, зияткерлік меншік объектілері түрінде кредит беру шарты бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету нысаны;
      7) комиссия – өтінім берушіні кредит беруге арналған және кредит беру туралы шешімдер қабылдауға арналған материалдарды қарауға уәкілетті қаржы агентінің арнайы жұмыс органы;
      8) қаржы агенті – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беруді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;
      9) қаржы институты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік операцияларды ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      10) қарыз алушы – қаржы институтымен банктік қарыз шартын жасасқан, қарыз (кредит) алған және өзінеалынған ақшаны қайтару және алынған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттеме алған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;
      11) өтініш беруші – қаржы институтына кредит беруге өтініш берген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;
      12) технологиялар трансферті – меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жаңа немесе жетілдірілген технологиялар енгізу үдерісі.
      3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және меншікті жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті, оның ішінде ақшаны ұсыну арқылы олар қатысқан жағдайда жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды құру үшін жүзеге асырылады.
      4. Кредит беру бағдарламасы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институтының кейіннен кредит беруі үшін уәкілетті орган айқындайтын шарттармен қаржы институттарындағы қаржы агентінің ақша қаражатын орналастыруы жолымен жүзеге асырылады.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру шарттары мен тетіктері

      5. Қаржы агенті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы институттарының тізбесін жалпының назарына бұқаралық ақпарат құралында ақпарат орналастыру арқылы жеткізеді.


      6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру бағдарламасына қатысу үшін қаржы институты қаржы агентінің талаптарына сәйкестігін растайтын, Комиссия айқындайтын тиісті өтінішпен және құжаттарымен қаржы агентіне жүгінеді.
      7. Қаржы агенті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру бағдарламасына қатысу үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы агентінің құжаттарын қарайды және бас келісім жасасуды мақұлдау туралы немесе қаржы институтына бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      8. Бас келісім мынадай елеулі шарттарды қамтуы тиіс:
      1) бас келісімнің мәні мен қолданылу мерзімі;
      2) бас келісімінің сомасы (индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру бағдарламасын іске асыру үшін қаржы институтында қаржы агентінің қаражат орналастыру сомасы), оларды орналастыру мерзімдері мен тәртібі;
      3) кредит беру бағдарламасын іске асыру шарты;
      4) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      5) тәуекелдерді беру, проблемалы кредиттермен жұмыс, дағдарыстан кейін қызмет көрсету, қарыз алушының дефолтын мойындау, қарызды қайта құрылымдау және өтініш берушінің мерзімін ұзарту, қарыз алушыны дефолт деп таныған жағдайда берешекті өндіріп алу және қайтару мәселелерін қоса алғанда, тараптардың өзара іс-қимылдарының шарттары мен тәртібі;
      6) бас келісімнің қолданысын тоқтату, қолданысын ұзарту негіздемесі мен тәртібі.
      7) тараптардың жауапкершілігі.
      9. Қаржы агенті жасалған бас келісімдердің есебін жүргізеді.
      10. Қаржы институтында орналастырылуға жататын соманы бас келісімге және банктік қарыз шартына сәйкес қаржы институтында ашылған шотқа қаржы агенті аударады.
      11. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру үшін қаржы институты осы шарттар мен тетіктердің 10-тармағында көрсетілген шоттағы қаржы агенті орналастырған қаражатты пайдаланады.
      12. Қаржы институты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру бағдарламасы бойынша орналастырылған қаражат игеру бойынша қаржы агенті алдында есеп береді. Есептер берудің тәртібі, нысаны және кезеңділігі бас келісімде белгіленеді.
      13. Қаржы агентінің қаржы институтының ішкі және кредиттік саясатына араласуға құқығы жоқ.
      14. Бас келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін немесе бас келісімінің қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылғанда қаржы институты қаржы агентіне банктік қарыз шартына сәйкес есептелген қаржы институтының капиталға айналдырылған сыйақысымен қоса, шотқа орналастырылған соманың қалдығын қайтарады.
      15. Игерілген қаражат деп осы шарттар мен тетіктерге сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруге нақты қаржы институты жіберген қаражат есептеледі.
      16. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қаржы институтына кредит беруге арналған өтініш беру жолымен кредит алу үшін қаржы институтына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      2) индустриялық-инновациялық жобаның бизнес жоспары;
      3) өтінім беру, алдындағы соңғы есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша заңды тұлғаның бухгалтерлік теңгерімі;
      4) құқықты куәландыратын, оның ішінде кепіл түрінде шығарылатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтың бар немесе жоқ екендігі туралы құжаттардың көшірмесі;
      5) өндірістерді қайта жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобалар бойынша болжамды экономикалық және қаржылық тиімділік;
      6) кредиттi пайдалану мақсаты мен ықтимал кепіл затының сипатын, қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін ұсынылатын басқа қамтамасыз етуді қамтитын өтiнiш;
      7) құрылтай құжаттарының немесе қарыз алушының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) түпкі меншік иелеріне дейінгі қарыз алушының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін үлестің барлық меншік иелері туралы ақпаратты ашатын, қарыз алушының жай акцияларының он және одан көп пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылар тізілімінің нотариат куәландырылған көшірмелері (банкте көрсетілген құжаттар бар болған кезде – осындай құжаттардың көшірмелері);
      8) қарыз алушы заңды тұлғаның бизнес-жоспарының немесе кредит берудің техникалық-экономикалық негiздемесінің түпнұсқасы;
      9) қарыз алушы заңды тұлғаның соңғы есепті жылдағы қаржылық есебіне салық декларациясының көшiрмесi қоса берiлген соңғы тоқсан мен соңғы есептi жылдағы қаржылық есебiнің көшірмесі және/немесе қарыз алушы заңды тұлғаның қаржы жағдайына талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайтта орналастырылған ақпарат;
      10) қызмет көрсететін банктің айдың басында және соңында ақшаның кіріс және шығыс қалдықтары көрсетілген айналымдары туралы, тиісінше Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын қарыз алушы заңды тұлғаның банктік шоты бойынша соңғы он екі айға анықтама;
      11) дара кәсіпкерлер үшін мемлекеттік тіркеуден өту (қайта тіркелу) фактісін растайтын, тіркеуші органы берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
      12) резидент емес заңды тұлға мәртебесін куәландыратын қарыз алушының мемлекетінің (қарыз алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болған жағдайда) уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесі;
      13) қарыз алушы (бірге қарыз алушының) жеке тұлғаның еңбекақысын және (немесе) өзге де кірістерін көрсететін және растайтын құжаттар;
      14) қарыз алушының (бірге қарыз алушының) салық есебіне қойылу фактісін растайтын, тіркеуші орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
      15) жинақтаушы зейнетақы қорының қарыз алушы (тең қарыз алушы) жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Білім кредитін беру жүйесі шеңберінде берілген кредиттер бойынша сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;
      16) қарыз алушы - заңды тұлғаның салықтық берешегінің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігін туралы анықтама және (немесе) салық қызметінің органдары берген, банктің уәкілетті органының кредит беруге берілген өтінімді қарау күніне дейін қарыз алушы заңды тұлғаның салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігін растайтын салыстырып тексеру актісі;
      17) қарыз алушының құрылтай құжаттарының (заңды тұлға үшiн) нотариат куәландырылған көшiрмелерi немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырылып тексерілген ол туралы белгісі бар құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшiн) немесе мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) (дара кәсіпкерлер үшін) өту фактісін растайтын тиісті уәкілетті орган берген белгілеген нысандағы құжаттың көшірмесі;
      18) соңғы есепті жылдағы қарыз алушы заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі және/немесе қарыз алушы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін WЕВ-сайтта орналастырылған ақпарат.
      17. Қаржы институты күнтізбелік 30 күн ішінде ішкі кредиттік рәсімдерге сәйкес алдын ала кредит беру болып табылатын немесе түпкілікті болып табылатын кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Қаржы институтының шешімдері тиісті хаттамалармен ресімделеді.
      18. Қаржы институтының кредиттік саясатында көзделген негіздерден басқа, кредит беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
      1) бір қарыз алушының қаржы институты алдындағы жалпы берешегінің қаржы агенті айқындайтын сомадан асуы;
      2) өтініш берушінің мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерінің болуы;
      3) кепілдің болмауы.
      19. Қаржы институтының кредит беруден бас тарту туралы шешімі қаржы институты өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің назарына жеткізіледі.
      20. Қаржы институты хаттаманы ресімдеген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның қарауына нысанын қаржы агенті бекітетін өтініш берушінің анкетасын жібереді.
      21. Комиссия қаржы институтынан өтініш берушінің анкетасы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің мынадай шарттарға сәйкестігін қарайды:
      1) жаңа индустриялық-инновациялық жоба не өндірістерді қайта жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жоба құру;
      2) өзінің меншікті жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақшасын беру жолымен өтініш берушінің индустриялық-инновациялық жобаны іске асыруға қатысуы;
      3) осы индустриялық-инновациялық жоба бойынша басқа қаржы институтымен кредит беру туралы шарттың болмауы.
      22. Қажет болған жағдайда Комиссия қаржы институтынан өтініш беруші ұсынған құжаттарды сұратады.
      23. Өтініш берушінің анкетасын және осы шарттары мен тетіктердің 22-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) өтінім берушіге кредит беру туралы;
      2) өтінім берушіге кредит беруден бас тарту туралы.
      Комиссия отырысының хаттамасы 4 (төрт) жұмыс күнінен кешіктірілмей қаржы институтына жіберіледі.
      24. Өтініш берушіге кредит беруден бас тарту туралы шешімді Комиссия мынадай негіздер бойынша қабылдайды:
      1) осы шарттар мен тетіктердің 21-тармағында белгіленген талаптарға өтініш берушінің сәйкес келмеуі;
      2) кредит беру туралы өтініш өтініш берушінің басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуына немесе заңды тұлға болып табылатын өтініш берушінің жарғылық капиталын толықтыруға бағытталса
      25. Қаржы институты Комиссия хаттамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны өтініш берушінің назарына жеткізеді және банктік қарыз шартын жасайды немесе жасаудан бас тартады.
      26. Кредит берудің қол жетімділік кезеңі банктік қарыз шарт жасалған күнінен бастап бір жылдан аспайтын мерзімді құрайды.
      27. Қаржы институты банктік қарыз шартын жасаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оның көшірмесін қаржы агентіне жібереді, сондай-ақ өздерінің жасалған банктік қарыз шарттарының есебін жүргізеді.
      Қаржы агенті барлық қаржы институттары жасасқан банктік қарыз шарттарының есебін жүргізеді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет